Тау кен металлургия саласы: Салық, Су, Жер және Жер қойнауы кодекстеріне жүйелі өзгерістер енгізу ұсынылды
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бүгін «Әділет» партиясының Орталық аппаратында партияның Іскерлік кеңесінің Тау-кен металлургия кешені (ТМК) мәселелері жөніндегі салалық кеңестің алғашқы отырысы өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz cайты
«Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, негізі бұл Кеңес сарапшылар қауымдастығы мен депутаттық корпустың тікелей өзара іс-қимылына арналған тұрақты алаң ретінде құрылған. Оның мақсаты – саланы дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша нақты шешімдер әзірлеу.
– Өздеріңіз білетіндей, «Әділет» партиясының жанынан Іскерлік кеңес құрылып, оның астыннан 13 салалық кеңес жасақталды. Соның бірі – Тау-кен саласына қатысты. Ең әуелі Құрылтай депутаттары мен мемлекеттік органдардың мүмкіндігін пайдалану, ассоциациялар, салалық мамандармен пікірлесіп, партияның деңгейінде кәсіпкерлік пен экономиканың мәселелерін талқылау. Алдағы мақсат салалық кеңестің деңгейінде қалып қоймай, шешілмеген мәселелерді «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесіне шығарып, төрағасы Айбек Дәдебайдың қатысуымен талқыға алынады. Біздің мақсат – тепе-теңдік табу, келісімге келу, – деді Эльдар Жұмағазиев.
Оның үстіне, «Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары бұл алаңның жұмысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыруға бағытталғанын еске салды. Яғни, жаңа инвестициялық кезеңге көшу, шикізат базасын толықтыру және тау-кен металлургия кешенін экологиялық жаңғырту стратегиялық басымдықтар ретінде белгіленген.
Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры, Салалық кеңестің төрағасы Николай Радостовец бүгінгі отырыста көтеріліп отырған мәселенің бәрі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі басымдықтар мен тапсырмаларға толық сәйкес келетінін тілге тиек етті.
– Президент бізге нақты міндеттерді айқындап берді. Атап айтсақ, әділ салық салу жүйесі, әкімшілік кедергілерді түбегейлі қысқарту, геологиялық барлауға инвестиция тарту және экологиялық тұрақтылыққа басымдық бере отырып, шикізатты терең өңдеу қажеттігін де ескертті.
Тау-кен металлургия кешені – экономикамыздың іргетасы. Әрине, оның дамуы әлемдік ең жоғары стандарттарға сай болуы тиіс. Сол себепті осы саланың инвестициялық ахуалы мен технологиялық дамуына тікелей әсер ететін үш өзекті мәселені көтердік. Мысалы, қатты пайдалы қазбаларға (ҚПҚ) салынатын роялти режимін реформалау қажет. Жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық офис роялтиді қолдану мерзімін 2029 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды мақұлдады. 2027 жылдың соңына дейін жұмыс тобы жүйелі түзетулер пакетін әзірлеуі тиіс. Біздің міндетіміз – қолданыстағы жүйедегі әдіснамалық кедергілерді нақты айқындау.
Бұдан бөлек, салық базасына ескірген шартты табысты (+20%) енгізу нарықтық тәсілдерге қайшы келеді. Ал роялти мөлшерлемелері жобалардың капиталды көп қажет ететінін және ілеспе компоненттерді өндірудің рентабельділігін ескермейді. Сондықтан бізге халықаралық озық тәжірибеге сай келетін фискалдық режим қажет.
Екіншіден, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіріп, геологиялық барлау жұмысын жүргізу мақсатында жария сервитут тетігі арқылы жер учаскелеріне қол жеткізуді жеңілдетсе, жаңа кен орындарын ашу үдерісін жеделдетеді. Ал жерді мәжбүрлеп иеліктен шығару шығынын жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен өтеу мемлекеттік бюджетке түсетін қосымша жүктемені азайтады, – деді Салалық кеңестің төрағасы Николай Радостовец.
Кеңес саланың дамуына кедергі келтіретін реттеушілік, әкімшілік және фискалдық тосқауылдарды жоюға басымдық бере отырып, жер қойнауын пайдалану саласында шикізатты терең өңдеуге, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған әділ саясат қалыптастырмақ. Сондықтан жиын барысында көтерілген мәселелер – Салық, Су, Жер кодекстеріне және Жер қойнауы туралы кодекске жүйелі өзгерістер енгізу. Нақты айтқанда, қатты пайдалы қазбаларға қатысты фискалдық режимді реформалау және қосарланған салық салуды болдырмау мәселесі талқыланды.
Әсіресе, қатты пайдалы қазбаларға салынатын роялти режимін халықаралық озық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында реформалау, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру, жер учаскелеріне қол жеткізуді жеңілдету және су объектілерін пайдалану мәселелерін реттеуі көтерілді. Сондағысы салық салу жүйесін жетілдіру, меншік құқығына қатысты мәселелерді реттеу және өнеркәсіптік қалдықтарды қайталама айналымға тарту үшін жағдай жасау мәселелері қаралды.
Қазақстанның Тау-кен палатасының президенті Руслан Баймишев қатты пайдалы қазбаларға салынатын салық режимін өзгерту және роялти жүйесіне көшу жөніндегі ұсынысын жасады.
Оның ойынша, бұл – геологиялық барлау саласына инвестиция тарту бағытында жүргізілген реформалардың қисынды жалғасы. 2018 жылдан бастап инвесторларға кедергі келтірген бірқатар салық пен төлемнің жойылуы, жаңа Жер қойнауы кодексінің қабылдануы және 2024 жылы CRIRSCO халықаралық стандарттарына толық көшу шетелдік инвесторлардың Қазақстанға қызығушылығын арттыра түскен.
– Қолданыстағы ПҚӨС жүйесі пайдалы компоненттері аз немесе өндіруі күрделі кен орындарын игеруге кедергі келтіруі мүмкін. Ал роялти жүйесі салық жүктемесін пайдалы қазбаның нарықтық құны мен өңдеу деңгейіне қарай белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл кен орындарының экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануға және инвесторлар үшін түсінікті әрі болжамды жағдай қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл бағытта Австралия тәжірибесін қарастыруға болады. Мәселен, Батыс Австралияда роялти мөлшерлемесі өнімнің өңделу деңгейіне қарай 2,5 пайыздан 7,5 пайызға дейін белгіленген. Дайын өнім терең өңделген сайын төлем мөлшері төмендейді. Сондай-ақ Намибия, Ботсвана, Моңғолия сияқты елдерде де роялти жүйесі қолданылады, – деді Руслан Баймишев.
Оның айтуынша, Қазақстанда қолданыстағы салық режимінен роялтиге бірден көшуге болмайды. Сондықтан 2025 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген қатты пайдалы қазбаларды өндіру лицензиялары бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушыларға ғана жаңа жүйені қолдануды ұсынбақ. Бұл бұрыннан игеріліп жатқан кен орындарының салық режимін өзгертпей, жаңа жобаларға халықаралық тәжірибеге сай жағдай жасауға мүмкіндік бермек. Себебі, роялти мөлшерлемесі де қалыпты деңгейде өткізбесе, шамадан тыс жоғары болуы компаниялардың өндіріс орындарын салуға қажетті қаржыландыру тарту мүмкіндігін шектеп, жаңа жобалардың іске асуына кері әсерін тишгізуі де ықтимал.
Сонымен қатар отырыста жер учаскелері мен су объектілеріне қол жеткізу кезіндегі артық әкімшілік кедергілерді жоюға, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімдердің (ТМТ) мәртебесін заңнамалық тұрғыдан реттеуі назарға алынды. Бұл оларды қайталама айналымға тартуға және өңірлердегі экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік беретіні қозғалды.
Қазақстанның Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры Ақмарал Итжанова ұсынылған түзетулерінің құқықтық белгісіздікті жойып, жер иелерінің құқығы мен өтемақы төлеу тетігін сақтап қана қоймай, қажетті жұмысты жүргізуі жеңілдейтінін ескертті.
– Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Оған қоса, Президент өз Жолдауында геологиялық барлауды дамыту, инвестиция тарту, заманауи технологияларды енгізу және әкімшілік кедергілерді жою міндеттерін алға қойған болатын. Осы міндеттемелерді жүзеге асыру үшін процестерді цифрландырумен қатар, салалық заңнаманы да жетілдіру қажет.
Осыған байланысты Қазақстанның тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы (ТМК) кәсіпорындарымен бірлесіп, Қазақстанның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне, Су және Жер кодекстеріне түзетулер пакетін әзірледі. Қазір бұл ұсыныстар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы жұмыс тобында қаралып жатыр. Десе де, түзетулердің бір бөлігі қолдау тауып, енді бір бөлігі қосымша келісуді және талқылауды қажет етеді.
Соның біреуін мысалға алар болсақ, бұл – электрондық дүкен арқылы сатып алу. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 213-бабының 1-тармағында сатып алудың ашық конкурсы жарияланған. Яғни онда сатып алудың түрлі тәсілі тізбектелген: бір көзден сатып алу, бағаны төмендету бойынша электрондық сауда-саттық, тауар биржалары немесе белгіленген рәсімдерді қолданбай сатып алуы. Десе де электрондық дүкен арқылы сатып алу дербес тәсіл ретінде қарастырылмаған. Сондықтан Кодекстің 213-бабына электрондық дүкен арқылы сатып алу тәсілін енгізу ұсынылады. Бұл тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жеңілдетуге, сатып алу рәсімдерінің мерзімі мен кәсіпорындардың әкімшілік шығынды қысқартуға, баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілердің жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына мүмкіндік береді, – деді Ақмарал Итжанова.
Бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың маңызды сараптамалық алаңына айналған Салалық кеңес отырысының қорытындысы Тау-кен металлургия кешені саласының бірлескен бастамалар пакеті одан әрі қарау үшін Құрылтайға жолданады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 18:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















