Баспана кезегінде тұрғандардың саны 900 мың адамға жақындады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев баспана кезегінде тұрған азаматтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда салынатын тұрғын үйлердің саны жыл сайын көбейіп келеді. Биылғы жоспар - 20,4 млн шаршы метр. Бірақ баспанаға мұқтаж адамдардың саны да артып жатыр.
"Бүгінде Отбасы банкі баспана кезегіне үнемі инвентаризация жасап отырады. Соның өзінде қазір кезекте 870 мың адам тұр. Өкінішке қарай, біз бәрін баспанамен қамтамасыз ететіндей көлемде тұрғын үй салып жатқан жоқпыз", - деді Нағаспаев үкіметтегі брифингте.
Осы орайда министр Отбасы банк арқылы бірнеше бағдарлама бойынша жеңілдетілген ипотека алуға болатынын еске салды. Ал әлеуметтік баспананың бір шаршы метрі орташа есеппен 335 000 теңгеден аспайды. Оны кезекте тұрған азаматтар ала алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















