Неке сарайында көз жұмған әйелдің екі баласы мемлекет қамқорлығына алынды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ақтөбеде неке сарайында кісі қолынан қаза тапқан 26 жастағы әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды.
КТК мәліметінше олардың алдағы уақытта кімнің қамқорлығына берілетіні заң аясында шешіледі.
"Отбасылық жағдайларға байланысты екі кәмілетке толмаған бала "Үміт" балалар үйіне орналастырылды. Аталған жағдай балалар құқығын қорғау басқармасының және құқық қорғау органдарының бақылауында. Балаларға қатысты қабылданатын шешімдер заңмен белгіленген тәртіпте және кәмелетке толмағандардың заңды мүддесін ескере отырып қабылданады", - дейді Ақтөбе облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев.
Еске сала кетейік, балалардың анасын бұрынғы күйеуі неке сарайында пышақтап тастаған. Олар заңды некеде болмаған. Күдікті қамауға алынды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















