Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Алматының экс бас сәулетшісі Ахмеджановқа жаңа үкім шықты

Алматының экс бас сәулетшісі Ахмеджановқа жаңа үкім шықты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматыда қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов пен іс бойынша тағы бес айыпталушыға жаңа үкім шықты. Бірінші үкімнің күші жойылғаннан кейін сот істі қайта қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот қандай үкім шығарды?

Сот Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановты мына баптар бойынша кінәлі деп таныды:

аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа жәрдемдесу (ҚК 28-бабының 5-бөлігі арқылы 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру; ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру.

Қылмыстар жиынтығы бойынша Ахмеджанов 9 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеді. Сондай-ақ сот оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салды. Бұған дейін прокурор оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Анықтама: Жаза мерзіміне оның 2023 жылдың шілдесінен бастап қамауда болған уақыты, қамаудағы бір жарым күні бас бостандығынан айырудың бір күніне теңестіріле отырып есептеледі. Бұл ретте бұрынғы 11 жылдық мерзім жеке есепке алынбайды, себебі ол үкімнің күші жойылған.

Іс бойынша басқа айыпталушыларға қандай жаза тағайындалды?

Ардақ Самамбетов – Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысын сот екі бап бойынша кінәлі деп таныды:

аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа жәрдемдесу (ҚК 28-бабының 5-бөлігі арқылы 190-бабы 4-бөлігіның 2-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру; ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) – 3 жылға бас бостандығынан айыру.

Қылмыстар жиынтығы бойынша Самамбетов 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді және оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Бұған дейін прокурор 9 жыл сұраған.

Судья Бақытжан Бәкірбаев үкімді жариялап жатыр / Фото: Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Ерлан Жармұханбетовке – жерге орналастыру бөлімінің бұрынғы басшысын сот келесі баптар бойынша кінәлі деп таныды:

лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жәрдемдесу (ҚК 28-бабының 5-бөлігі арқылы 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) – 4 жылға бас бостандығынан айыру; аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі арқылы 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру; аса ірі мөлшердегі алаяқтық (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) – 6 жылға бас бостандығынан айыру; ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру; аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі арқылы 366-бабының 4-бөлігі) – 10 жылға бас бостандығынан айыру.

Қылмыстар жиынтығы бойынша сот Жармұханбетовті 13 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Прокурор да оған 13 жыл сұраған болатын.

Судья Бақытжан Бәкірбаев / Фото: Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Алмасхан Бәкіров – бағалау компаниясының директорын сот келесі баптар бойынша кінәлі деп таныды:

аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа оқталу – 4 жылға бас бостандығынан айыру; аса ірі мөлшердегі алаяқтық – 4 жылға бас бостандығынан айыру; лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жәрдемдесу – 3 жылға бас бостандығынан айыру; аса ірі мөлшерде пара алуға оқталуға жәрдемдесу – 5 жылға бас бостандығынан айыру.

Қылмыстар жиынтығы бойынша Бәкіров 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Прокурор 8 жыл 5 ай сұраған.

Мұханбеталы Шалқарбеков пен Берік Өскембаевты сот ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша кінәлі деп таныды. Бастапқыда әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кейін Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық бойынша жаза мерзімі бестен бір бөлікке – 4 жылға дейін қысқартылды.

"Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес, тағайындалған жаза шартты деп есептелсін және бас бостандығынан айырудың барлық мерзіміне олардың үстінен пробациялық бақылау орнатылсын", – деді судья.

Неге іс қайта қаралып жатыр?

Бұл Ахмеджанов пен басқа да фигуранттардың ісі бойынша екінші сот талқылауы.

Анықтама: 2025 жылғы 17 ақпанда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алты сотталушы да кінәлі деп таныған болатын. Ол кезде Ахмеджанов 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Алайда 2026 жылғы 25 ақпанда апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың 2025 жылғы 17 ақпандағы үкімінің күшін жойды. Бұған сот тергеуінің толық болмауы және процессуалдық кемшіліктер себеп болды.

Сондай-ақ алқа бірінші сатыдағы соттың Алматы әкімінің атына сотталғандардан 6 миллиард 404 миллион теңгеден аса соманы өндіру туралы азаматтық талап арыз қозғау жөніндегі жеке қаулысының күшін жойды.

Іс жаңа айыптау актісін жасау үшін прокуратураға қайтарылды, содан кейін ол қайта сотқа жолданды. Бұл процесс 2026 жылғы сәуірде басталды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:18
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 19:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see124

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары