Ушёл из жизни один из наследников знаменитой семьи Рокфеллеров
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АҚШ-тағы ең танымал әрі дәулетті әулеттер бірінің өкілі, бұрынғы сенатор Джон Дэвисон "Джей" Рокфеллер IV жұмада Вашингтондағы үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды Tengri Life NBC News-ке сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, бұл туралы The Washington Post газеті жазды.
Ол 89 жаста болған. Басылым ақпараты бойынша, отбасы өлім себебін жарияламаған.
Рокфеллер мұнай магнаты Джон Д. Рокфеллердің шөбересі. Оның әулеті бизнес саласында ғана емес, АҚШ саясатында да елеулі із қалдырған.
John D. “Jay” Rockefeller IV, an heir to a vast oil fortune and a liberal Democrat who entered politics in his adopted home state of West Virginia, serving as governor and a five-term U.S. senator, died Friday. He was 89. https://t.co/NLly6qQjh4
— The Washington Post (@washingtonpost) November 6, 2026
Рокфеллер 1937 жылғы 18 маусымда Нью-Йоркте дүниеге келген. Ол арғы атасы, көзі тірісінде Американың ең бай адамы болған мұнай магнаты қайтыс болғаннан кейін бірнеше аптадан соң туған. Гарвард университетін бітіргеннен кейін оның өмірі өзгерді: 1964–1966 жылдары Батыс Вирджиния штатының кедей ауылдық аудандарында қызмет көрсетуді көздейтін ұлттық бағдарламаға қатысты.
Әйгілі тегі оған ерекше міндеттер жүктеді. Әкесі белгілі меценат болған. Ағасы Нельсон Рокфеллер АҚШ вице-президенті және Нью-Йорк губернаторы қызметтерін атқарған. Тағы бір ағасы Дэвид Рокфеллер Chase Manhattan банкінің басшысы болса, үшінші ағасы Уинтроп Рокфеллер Арканзас штатының губернаторы болған.
1966 жылы, 30 жасқа толмай жатып Рокфеллер Батыс Вирджиния штатының заң шығарушы органына сайланды. 1968 жылы штаттың мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды.
1972 жылы ол губернаторлыққа үміткер болып, сайлауда жеңіліс тапты. Осыдан кейін колледж президенті болды. 1976 жылы губернатор болып сайланды. Кейін АҚШ Конгресінің ең дәулетті мүшелерінің біріне айналды. 1984 жылы Рокфеллер Сенатқа сайлану науқанына өз қаражатынан миллиондаған доллар жұмсап, жеңіске жетті. Осылайша ол Батыс Вирджиния штатынан сенатор ретінде алты жылдық бес мерзімінің біріншісін бастады.
Мемлекеттік қызметте жүрген кезде Рокфеллер табысы төмен азаматтардың медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге және кедейлікпен күресуге күш салды. Сенатта жұмыс істеген жылдары чауда, ғылым және көлік жөніндегі, сондай-ақ ардагерлер істері жөніндегі комитеттерді басқарды.
Оның жұбайы қоғамдық теледидардың жетекшісі Шэрон Перси Рокфеллер болды. Олардың төрт баласы бар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 21:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















