Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Amanat партиясы Әділетке қосылады

Amanat партиясы Әділетке қосылады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірі­нен келген делегаттар, Саяси кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Жалпы саны 1 500-ден аса адам бас қосты.

Өз сөзінде Мәжіліс спикері, «Amanat» партия­сының төрағасы Ерлан Қошанов Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың табысты жүзеге асырылып жатқан реформалары бүгінде жаңа қоғамның іргетасы мен мемлекеттің жаңа келбетін қалып­тас­тырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда тәуелсіздікті нығайту, халықтың әл-ауқаты мен бірлігі, ұлт тұтастығы секілді басты құндылықтар алдыңғы қатарға шықты. Мемлекет басшысының батыл шешімдері арқылы биліктің барлық институты түбегейлі жаңғырып, саяси бәсекелестік күшей­ді, ал қоғам нақты шешімдер қабылдау үдері­сіне ықпал ететін сенімді дауысқа ие болды.

Мәжіліс төрағасы бұл үдерістердің шарықтау шегі әрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған саясат­тың шынайы жеңісі ретінде жалпыұлт­тық референдумда отандастарымыз­дың басым көпшілігі қолдаған жаңа Конституцияның қабылдануын атады. Бүгінде еліміз жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Оның негізінде адам, әділдік, заң және прогресс қағидаттары жатыр.

«Қазір біз уақыт талабына, мемлекет мүддесіне және қоғам сұранысына сай келетін қадам жасауымыз керек. Бүгінде еліміз бөлінуге емес, бірігуге ұмтылуы қажет. Сондықтан осы жауапты кезеңде өз ресурстарымызды жаңа саяси күш – «Әділет» партиясына қосуымыз керек. Осылайша, біртұтас президенттік бағыттағы саяси күш құрамында Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды бірге құруды жалғастырамыз. Біз өз қағидат­тарымыздан, ұстанымдары­мыздан және идеяларымыздан бас тартпаймыз. Керісінше, оларды одан әрі күшейтіп, мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа даму деңгейіне көтереміз», деді Е.Қошанов.

«Amanat» төрағасы бұл шешімді партияның барлық деңгейдегі мүшелері қолдаған табиғи әрі кемел саяси үдеріс деп атады.

«Аманат – бабалар аманаты әрі болашақ ұрпақ алдындағы жауапкер­шілік. Әділет – қуатты әрі заманауи мемлекеттің негізі саналатын әділдік. Осы құндылықтарды біріктіре отырып, қоғамдық бірлікті нығайтамыз. Түптеп келгенде, бәріміздің мақсатымыз ортақ – қуатты Қазақстан, гүлденген мемлекет және әрбір азаматтың әл-ауқаты. Біз дәл осы мақсат жолында қа­был­дап отырған шешімімізді жолдың соңы емес, ортақ тарихымыздың жаңа та­рауы­ның бастауы деп білеміз», деді Е.Қошанов.

Съезде Мемлекет басшысының саяси бағытына қолдау көрсетуде партия тарапынан атқарылған ауқымды жұмыс қорытындыланды.

Реформаларды заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесі туралы Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Айдос Сарым баяндады. Осы шақырылым барысында бастамашылық етілген 118 заң жобасының 104-ін «Amanat» фракциясының депутаттары әзірледі. Бұл – барлық заңнамалық бастаманың 88 пайызы. Аталған заң жобалары ел дамуының ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталды. Сонымен қатар депутаттар көптеген депутаттық сауал жолдап, жүздеген мың азаматты қамтыған мыңдаған кездесу өткізді.

Президент саясатының негізгі қозғау­шы күшінің бірі ретінде партия әлеуметтік жобалар арқылы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешіп келді. Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасы 1,5 млн адамның шамадан тыс қарыз жүктемесімен күресуіне көмектесті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы 2,5 па­йыз мөлшерлемесімен микронесие­лер беру арқылы ауылдық жерлерде онда­ған мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкін­дік берді. «Жер аманаты» жобасы ая­сында 15 млн гектар жер мемлекет пен х­алыққа қайтарылды. «Цифрлық қоғам» жобасы мемлекеттік органдарды, IT-қоғамдастықты және еріктілерді бірік­тіріп, барлық өңірде цифрлық сауатты арт­тыруға ықпал етті. Ал «Turgyndar amanaty» тұрғындар мен мемлекеттік орган­дар арасында тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­­шылық саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған тікелей диалог орнатты.

Үш жыл ішінде «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының 70 па-  йызы орындалды. Атап айтқанда, 600 жаңа мектеп салынды, мемлекеттік қызметшілердің, дәрігерлер мен мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақы­сы көтерілді, инсульттік және кардиоло­гиялық орталықтар ашылды, тегін скрининг бағдарламалары іске қосылды. Кәсіби қауымдастықтармен жүргізілген тікелей диалогтің нәтиже­сінде мұғалімдер өздеріне тән емес міндеттерден заңнамалық тұрғыдан босатылып, ауылдық жерлерге жұмысқа баратын дәрігерлер үшін 10 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақы енгізілді.

«Amanat» партиясының қазіргі қызметін қорытындылау аясында делегаттар алдында өңірлердің, әйелдер және жастар қанаттарының өкілдері сөз сөйледі.

Әйелдер қанатының тең төрағасы, Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ партия­ның жаңа Конституцияны ілгерілету ісіне ат­салысуға және мемлекет­тік бас­қару­­­дағы әйелдердің рөлін күшей­туге ерекше назар аударды. Мәжі­ліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Президенттік жастар кадр резерві­нің тиімділігін және жас пар­ла­мен­тарийлердің IT-саладағы заң шығару жұмысына қосқан үлесін атап өтті.

«Онкоорталық» БПҰ жетекшісі Гүлмира Сағидуллина ауыл тұрғын­дарына арналған «Amanat керуені» көшпелі медициналық экспедициясының іске қосылғаны туралы баяндады. Павло­дар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко Президент бағытын қолдайтынын және жергілікті жерлерде күш-жігерді біріктірудің маңызын атап өтті. Ал Орталық бақылау-тек­серу комиссиясының мүшесі Әлібек Қадыр­беков партияның ішкі жаңғыру жұмы­сын қорытындылап, партияішілік үде­ріс­тер цифрландырылғанын хабарлады.

Съезд жұмысын қорытындылай келе, делегаттар «Әділет» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешімді бірауыздан қолдап дауыс берді. Съезд мақұлдаған бұл бастама партия қауымы елдің жасампаз даму бағыты мен Президенттің стратегиялық саясатын қолдау үшін біртұтас әрі топтасқан алаң ретінде әрекет етуге да­йын екенін көрсетті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Маусым 2026 06:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары