Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

AMANAT Съезі Президент реформаларына қолдау көрсету жолында Әділетке қосылуды мақұлдады

AMANAT Съезі Президент реформаларына қолдау көрсету жолында Әділетке қосылуды мақұлдады

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Съезд жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен келген делегаттар, Саяси кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Жалпы саны 1500-ден астам адам бас қосты.

Өз сөзінде, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың табысты жүзеге асырылып жатқан реформалары бүгінде жаңа қоғамның іргетасы мен мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда тәуелсіздікті нығайту, халықтың әл-ауқаты мен бірлігі, ұлт тұтастығы секілді басты құндылықтар алдыңғы қатарға шықты. Мемлекет басшысының батыл шешімдері арқылы биліктің барлық институты түбегейлі жаңғырып, саяси бәсекелестік күшейді, ал қоғам нақты шешімдер қабылдау үдерісіне ықпал ететін сенімді дауысқа ие болды.

Мәжіліс Төрағасы бұл үдерістердің шарықтау шегі әрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған саясаттың шынайы жеңісі ретінде жалпыұлттық референдумда қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдаған жаңа Конституцияның қабылдануын атады. Бүгінде еліміз жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Оның негізінде адам, әділдік, заң және прогресс қағидаттары жатыр.

«Қазір біз уақыт талабына, мемлекет мүддесіне және қоғам сұранысына сай келетін қадам жасауымыз керек. Бүгінде еліміз бөлінуге емес, бірігуге ұмтылуы қажет. Сондықтан осы жауапты кезеңде өз ресурстарымызды жаңа саяси күш – «Әділет» партиясына қосуымыз керек. Осылайша, біртұтас президенттік бағыттағы саяси күш құрамында Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды бірге құруды жалғастырамыз. Біз өз қағидаттарымыздан, ұстанымдарымыздан және идеяларымыздан бас тартпаймыз. Керісінше, оларды одан әрі күшейтіп, мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа даму деңгейіне көтереміз», деді Ерлан Қошанов.

«AMANAT» Төрағасы бұл шешімді партияның барлық деңгейдегі мүшелері қолдаған табиғи әрі кемел саяси үдеріс деп атады.

«AMANAT – бабалар аманаты әрі болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әділет – қуатты әрі заманауи мемлекеттің негізі саналатын әділдік. Осы құндылықтарды біріктіре отырып, қоғамдық бірлікті нығайтамыз. Түптеп келгенде, бәріміздің мақсатымыз ортақ – қуатты Қазақстан, гүлденген мемлекет және әрбір азаматтың әл-ауқаты. Біз дәл осы мақсат жолында қабылдап отырған шешімімізді жолдың соңы емес, ортақ тарихымыздың жаңа тарауының бастауы деп білеміз», деді Ерлан Қошанов.

Съезде Мемлекет басшысының саяси бағытына қолдау көрсету бойынша партия тарапынан атқарылған ауқымды жұмыс қорытындыланды.

Реформаларды заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесі туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Айдос Сарым баяндады. Осы шақырылым барысында бастамашылық етілген 118 заң жобасының 104-ін «AMANAT» фракциясының депутаттары әзірледі. Бұл – барлық заңнамалық бастамалардың 88 пайызы. Аталған заң жобалары ел дамуының ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталды. Сонымен қатар депутаттар көптеген депутаттық сауалдар жолдап, жүздеген мың азаматты қамтыған мыңдаған кездесу өткізді.

Президент саясатының негізгі қозғаушы күшінің бірі ретінде партия әлеуметтік жобалар арқылы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешіп келді. Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасы 1,5 млн адамның шамадан тыс қарыз жүктемесімен күресуіне көмектесті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы 2,5 пайыз мөлшерлемесімен микронесиелер беру арқылы ауылдық жерлерде ондаған мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. «Жер аманаты» жобасы аясында 15 миллион гектар жер мемлекет пен халыққа қайтарылды. «Цифрлық қоғам» жобасы мемлекеттік органдарды, IT-қоғамдастықты және еріктілерді біріктіріп, барлық өңірде цифрлық сауаттылықты арттыруға ықпал етті. Ал «TURGYNDAR AMANATY» тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған тікелей диалог орнатты.

Үш жыл ішінде «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының 70 пайызы орындалды. Атап айтқанда, 600 жаңа мектеп салынды, мемлекеттік қызметшілердің, дәрігерлер мен мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, инсульттік және кардиологиялық орталықтар ашылды, тегін скрининг бағдарламалары іске қосылды. Кәсіби қауымдастықтармен жүргізілген тікелей диалогтың нәтижесінде мұғалімдер өздеріне тән емес міндеттерден заңнамалық тұрғыдан босатылып, ауылдық жерлерге жұмысқа баратын дәрігерлер үшін 10 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы енгізілді.

«AMANAT» партиясының қазіргі қызметін қорытындылау аясында делегаттар алдында өңірлердің, әйелдер және жастар қанаттарының өкілдері сөз сөйледі.

Әйелдер қанатының тең төрағасы, Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ партияның жаңа Конституцияны ілгерілету ісіне атсалысуға және мемлекеттік басқарудағы әйелдердің рөлін күшейтуге ерекше назар аударды. Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Президенттік жастар кадр резервінің тиімділігін және жас парламентарийлердің IT-саладағы заң шығару жұмысына қосқан үлесін атап өтті.

«Онкоорталық» БПҰ жетекшісі Гүлмира Сағидуллина ауыл тұрғындарына арналған «AMANAT Керуені» көшпелі медициналық экспедициясының іске қосылғаны туралы баяндады. Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко Президент бағытын қолдайтынын және жергілікті жерлерде күш-жігерді біріктірудің маңызын атап өтті. Ал Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі Әлібек Қадырбеков партияның ішкі жаңғыру жұмысын қорытындылап, партияішілік үдерістер цифрландырылғанын хабарлады.

Съезд жұмысын қорытындылай келе, делегаттар «Әділет» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешімді бірауыздан қолдап дауыс берді. Съезд мақұлдаған бұл бастама партия қауымы елдің жасампаз даму бағыты мен Президенттің стратегиялық саясатын қолдау үшін біртұтас әрі топтасқан алаң ретінде әрекет етуге дайын екенін көрсетті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 19:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары