Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Amanat партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды

Amanat партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ірі бизнес «AMANAT» партиясын қолдады. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Іс-шараға мыңдаған компания мен миллиондаған адамды біріктіретін бизнес-қоғамдастық пен ірі салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Партия мен бизнес елдің тұрақты әрі орнықты дамуы үшін, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер жасау, экономиканың өсуін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың табысын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істейтін болады. Отырысқа партияның өңірлік филиалдары бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Фото: Әли Ғалым, Талғат Таныбаев

Өз сөзінде Ерлан Қошанов кейінгі жылдары Президент жаңа мемлекеттік модельді дәйекті түрде қалыптастырып отырғанын атап өтті. Ол – қуатты экономикаға, әділдікке және жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартатын, елді алға жетелейтін кәсіпкерлерді нақты қолдауға бағытталған. Референдумда азаматтар кеңінен қолдаған жаңа Конституция осы бағытты саяси әрі қисынды тұрғыда бекітті. Бұл ретте партия мен бизнестің ортақ мақсаты – Прогрессивті әрі Әділетті Қазақстан құру. Сондықтан «AMANAT» бизнес өкілдерімен күш біріктіріп, ел мен оның азаматтарының игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

«Партияның тәжірибесі, әлеуеті және жұмыс істеуге деген ұмтылысы бар. Біз әрдайым Президент саясатының алдыңғы шебіндеміз. Ел тарихындағы маңызды кезеңдерде саяси институттардың басын біріктіріп келеміз. Белсенді азаматтарға арналған жұмыс алаңдарымыз бар. Жастар қанаты мен әйелдер қанаты жұмыс істейді. Олар ел аумағында ондаған мың адамды біріктіреді. Бұл – партиямыздың өзегін құрайтын электорат. Бизнес те партияны өз серіктесі ретінде көруі керек. Бізге сенім білдіріп, мұнда олардың дауысы естілетініне, мәселелері нақты қаралып, шешімін табатынына көз жеткізуі қажет. Сондықтан партияның жеке Кәсіпкерлер қанатын құруды ұсынамын», деді партия Төрағасы.

Ерлан Қошанов партияның бизнеспен бірлескен жұмысында елеулі тәжірибе жинақтағанын атап өтті. Бұл бағытта бизнестің мүддесін жүйелі қорғау және кәсіпкерлер қауымдастығымен тұрақты диалог орнату ісінде тиімді алаңға айналған партия жанындағы Үйлестіру кеңесі маңызды рөл атқарады. 20-дан астам отырыс өткізіліп, онда нарыққа қол жеткізу мен қаржыландырудан бастап, салықтық және инфрақұрылымдық реттеуге дейінгі 170-ке жуық мәселе қаралды. Кеңестің тиімді жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің тең төраға ретінде тікелей қатысуы ықпал етіп келеді.

Өңірлерде де осындай партиялық кеңестер белсенді жұмыс істейді. Жақын арада кеңестер жергілікті бизнестің проблемалық мәселелерінің тізілімін қалыптастырып, әкімдіктер мен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен оларды жүйелі түрде шешуге күш салады. Қажет болған жағдайда бұл мәселелер республикалық деңгейге шығарылады. Партия өңірлік кеңестер жұмысына ең белсенді кәсіпкерлерді тартатын болады. Алдағы уақытта олар партияның кадрлық резервіне енгізіледі.

«AMANAT» партиясы сондай-ақ бизнеске қолдау көрсетудің цифрлық құралдарын күшейтіп жатыр. «Ashyk Amanat» аналитикалық платформа іске қосылады. Бұл сервис еліміздегі кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін біріктіріп, партия, Үкімет және бизнес қауымдастығы арасындағы нақты әрі тиімді диалогтың құралына айналуға тиіс.

Ерлан Қошанов Бүкіләлемдік саммитте Ұлттық ядролық кластер құру жөнінде айтты

Мәжіліс Төрағасы бизнес өкілдерімен белсенді жұмысты Мәжілістегі партия фракциясы жүргізіп отырғанын атап өтті. Парламентте көпшілік дауысқа ие фракция ретінде кәсіпкерлікті қолдауға, ашықтықты арттыруға және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған заңдарды жетілдіріп, олардың орындалуын бақылайды. Мәселен, бизнес қауымдастықпен және «Атамекен» ҰКП-мен пәндік диалог жаңа Салық, Құрылыс кодекстері, мемлекеттік сатып алу туралы заң жобаларын әзірлеу кезінде құрылды.

Жаңа Кәсіпкерлер қанатының қызметі аясында бұл өзара іс-қимыл жүйелі түрде күшейтілетін болады. Фракцияда бизнес саласындағы белсенділермен тұрақты байланыс орнататын жауапты депутаттар бекітіледі. Олар кәсіпкерлер бастамаларын заңнамалық тетіктер мен депутаттық сауалдар арқылы ілгерілетіп, заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына бизнес өкілдерін тартумен айналысады.

Отырыс барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кәсіпкерлердің өтініштерімен жұмыс жүйелі өзгерістерге алып келуге тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде басты міндеті – жекелеген мәселелерге жауап беруден ережелер мен реттеу деңгейіндегі шешімдерге көшу.

Ерлан Қошанов: Халқымыз тарихи таңдауын жасады

Іс-шарада Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Батырбек Әубәкіров, «Petrocouncil» Қазақстанның мұнай-газ Кеңесі» Қауымдастығының тең Төрағасы Серік Аманғалиев, «АЛЬПРИМА» ЖШС бас директоры Андрей Дегунков, «Қазақстан инвесторлар одағы» Қауымдастығының басқарма төрағасы Рустам Жүрсінов және өзге де азаматтар сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша ірі бизнес пен ШОБ өкілдері партия қатарына қабылданды. Осылайша Сауда желілері одағы басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Абдиев, Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының мүшесі Айжан Балакешова және «Integra Construction KZ» ЖШС акционері Мүтәліп Шахмұрат «AMANAT» партиясының мүшесі болды. Сондай-ақ Қазақстан IT компаниялары Қауымдастығының Президенті, Үйлестіру кеңесінің мүшесі Айымгүл Әбілева, «Energy Monitor» қоғамдық қорының атқарушы директоры Нұрлан Жұмағұлов, «Атамекен» ҰКП өңдеуші өнеркәсіп комитетінің төрағасы Қанат Ибраев, «ФармМедИндустрия Қазақстан» Қауымдастығының Президенті Руслан Сұлтанов және «Қазақстан электрэнергетикасы ассоциациясы» басқарма төрағасы Талғат Темірханов партия қатарына қосылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының алғыс хаттары мен партиялық наградалары партия жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне және бизнес-қоғамдастық өкілдеріне ел дамуына қосқан үлесі үшін салтанатты түрде табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар

Енді Ұлттық ұлан сарбаздарының эмоциялық жағдайын жасанды интеллект бақылайды

Әскер • Бүгін, 17:15

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Алматы • Бүгін, 16:58

Премьер-министр өрт қаупі жоғары кезеңде жедел әрекет етуді тапсырды

Қоғам • Бүгін, 16:31

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады

Қазақстан • Бүгін, 16:20

Президент Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады

Президент • Бүгін, 16:08

Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті

Парламент • Бүгін, 15:59

Айыппұл туралы жалған хабарлама: Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті

Қоғам • Бүгін, 15:50

Астанада полицейлерге күш қолданып, балағаттаған ер адам 3 жылға сотталды

Оқиға • Бүгін, 15:38

Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды

Туризм • Бүгін, 15:22

Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?

Экономика • Бүгін, 15:07

«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді

Ата заң • Бүгін, 14:59

Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды

Қоғам • Бүгін, 14:38

Надежда Рябец бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Бокс • Бүгін, 14:25

KazNARU студенттері Қытай университетінің сертификатын иеленді

Білім • Бүгін, 14:10

Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді

Аймақтар • Бүгін, 13:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 17:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see141

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see139

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see126

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see111

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see111

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары