Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Ауқымды фестиваль өтеді

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында Әділет партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында Әділет партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай дәл осы бағыттардың маңызына тоқталды.

Форумға елдің барлық өңірінен 800-ден астам өндіріс басшысы, инвестор, салалық қауымдастық өкілдері және отандық өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары қатысты. Олардың қатарында Qarmet, «Ембімұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», KAZ Minerals, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», Astana Motors, «Қазфосфат», ERG және тағы басқа да бизнес өкілдері бар. Форумға қатысушы кәсіпорындарда 800 мыңға жуық қазақстандық еңбек етеді.

Ашық пікір алмасудың негізгі тақырыбы – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы. Онда шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға басымдық берілген. Партия мемлекеттік қолдауды тиімсіз жаппай субсидиялаудан гөрі өсім әлеуеті бар, инновация енгізіп, сапалы жұмыс орындарын құратын кәсіпорындарға бағыттауды көздейді.

«Бизнес – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтып жүргендей, инновацияның, технологияның және экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші. Күшті кәсіпкерліксіз мықты мемлекет құру мүмкін емес. Жаңа Конституция негізгі бағдарларды нақты айқындады. Нақтырақ айтсақ, жекеменшікке қол сұқпау, заң үстемдігі және барлығына бірдей талап. Біздің мақсатымыз – экономикадағы орта бизнестің үлесін қазіргі 7 пайыздан 20 пайызға жеткізу. Бүгінде шағын бизнес тексерулерден және жүктеменің артуынан қауіптеніп, дамуға ұмтыла бермейді. Біз бизнестің өсуіне, инвестиция салуына және экспортқа шығуына қауіпсіз әрі тиімді жағдай жасаймыз», - деді Айбек Дәдебай.

Сайлауалды бағдарлама аясында «Әділет» партиясы бизнеске түсетін әкімшілік қысымды азайтуға бағытталған бірқатар заңнамалық бастаманы таныстырды. Бизнеске қойылатын талаптардың тұрақты болуын қамтамасыз ету, кәсіпті бір күнде онлайн тіркеу, кәсіпорындарды жабу тәртібін жеңілдету және ескірген кедергілерді анықтау үшін жасанды интеллект қолдана отырып, нормативтік актілерді қайта қарау ұсынылады.

Бизнесті институционалдық қорғау да маңызды қадам болмақ. Экономикалық даулар негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермей, тек азаматтық-құқықтық тәртіпте қаралуы тиіс. Кәсіпорын қызметін тоқтату, жоспардан тыс тексерулер жүргізу және шоттарды бұғаттау қатаң шектеліп, прокурорлық және сот бақылауына алынбақ.

Айналым қаражатының тапшылығын шешу үшін партия артық кепіл талап етпей, несиеге кепілдік беру жүйесін кеңейтуді, венчурлік капиталды дамытуды және факторинг операцияларына салықтық жеңілдіктерді қайтаруды ұсынады. Бұл жеткізушілерге тауар үшін төлемді бірден алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар компаниялардың салық режимін ауыстыруына қолайлы жағдай жасап, оларды әдейі бөлшектеуге жол бермеу және «сары парақтар» қағидаты арқылы мемлекеттің бәсекелі экономикадағы үлесін біртіндеп азайту жоспарланған.

Форум барысында партия төрағасы шикізаттық модельден бас тартып, шикізатты терең өңдеуге және ішкі өндірістік кооперацияны дамытуға көшу қажеттігіне ерекше тоқталды.

«Біз металлургияда да, ауыл шаруашылығында да шикізатты жай ғана экспорттаудан бас тартып, дайын өнім шығаруға көшуіміз керек. Бүгін Astana Motors зауытында осындай өндірістік кооперацияның жарқын мысалын көрдік – ERG компаниясымен алюминий дискілерін бірлесіп өндіру туралы келісім жасалған. Мемлекет басшысының негізгі өнеркәсіптік алпауыттарды отандық инвесторларға қайтару жөніндегі стратегиялық шешімі ішкі өндірістерді шикізатпен қамтамасыз етуге және қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік қуатын толық пайдалануға тікелей мүмкіндік берді», - деп атап өтті Айбек Дәдебай.

Бұл ұстанымды ERG директорлар кеңесінің мүшесі Шахмұрат Мүтәліп те қолдады. Оның айтуынша, ұлттық экономиканың тұрақтылығы ішкі өңдеуді дамытуға байланысты.

«Елдің байлығы шикізатты шетелге шығармай, өз елімізде өңдеп, одан дайын өнім шығару арқылы артады. Оның айналасында отандық кәсіпорындар мен өндірушілер де дамиды. Жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің бірнеше жылға арналған қажеттіліктерін алдын ала жариялауы керек. Сонда бизнес өндіріске және адамға инвестиция салып, ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар арқылы өнімін тұрақты өткізе алатынына сенімді болады. Қазақстан қосылған құны жоғары өнім шығара алады. Бұл – экономикадағы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізудің тікелей жолы», - деп атап өтті Шахмұрат Мүтәліп.

Өнеркәсіп пен аграрлық секторда терең өңдеуді дамыту бастамаларын «Alageum Electric» тобының директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов, «Универсал» компаниялар тобының директоры Замира Кузиева, «БК AUDIT» ЖШС құрылтайшысы Айжан Балакешова және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин де қолдады.

Кәсіпкерлермен тұрақты байланыс орнату үшін партия жанында нақты сектор өкілдерінің ұсыныстарын жинақтайтын Іскерлік кеңес жұмыс істейді. Сайлауалды бағдарламаның әр бағытын іске асыруға партия қоғам мен іскерлік орта алдында жеке жауапкершілік алады.

Форумға қатысушылар өңдеу саласын дамытуға жүйелі қолдау көрсету, барлығына бірдей талап қою, жеке капиталды қорғау және еңбек адамының әлеуетін ашу арқылы ғана Қазақстан қуатты орта тап қалыптастырып, әділетті әрі орнықты экономика құра алатынын атап өтті.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram арнадан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:37
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 17:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see141

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see118

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see117

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see114

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see113

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see111

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see111

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see111

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see109

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see109

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see109

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see108

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see108

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see107

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see106

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see106

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see106

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see106

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see106

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары