Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Жаппай жарық өшуі аясында Алматыда қатты кептеліс болды

Астанада жаңа автобус маршруттары іске қосылады

Рыбакинаның Цинциннати турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Алматыда блэкаут па? Қаланың бірнеше ауданында жарық сөнді

Астана Щучье тас жолындағы ақылы өту пунктінің жанында көлік өртенді видео

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, халықтың ұсыныстарын тыңдауда

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, халықтың ұсыныстарын тыңдауда

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

13 тамыздағы деректерге сәйкес, Жамбыл облысында «Әділет» партиясының мобильді үгіт-насихат топтары 88 іс-шара өткізіп, 32 857 тұрғынмен тікелей байланыс орнатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Партияның мобильді топтары базарлар, сауда орындары, вокзалдар және халық көп шоғырланатын өзге де орындарда тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырып, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауда.

Осындай кезекті кездесу Тараз қаласындағы «Қайкармет» базарында өтті. Облыстық сайлауалды штаб мүшелері саудагерлермен, кәсіпкерлермен және сауда орнына келген азаматтармен тікелей тілдесіп, олардың күнделікті өмірі мен кәсібіне қатысты мәселелерін тыңдады.

Кездесу барысында тұрғындар азық-түлік бағасының тұрақтылығы, халықтың табысын арттыру, әлеуметтік қолдаудың тиімділігі және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін көтерді. Сауда саласында еңбек етіп жүрген азаматтар кәсіпкерлікті дамытуға, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға және экономикалық белсенділікті арттыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Партия өкілдері азаматтардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен сабақтас екенін атап өтті.

Бағдарламада азаматтардың әл-ауқатын арттыру, халық табысын өсіру, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа сапалы жұмыс орындарын құру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер белгіленген.

Облыстық штаб мүшелерінің айтуынша, мобильді үгіт-насихат топтарының ерекшелігі – азаматтарды арнайы бір орынға жинамай, халық көп шоғырланатын жерлерге барып, тұрғындармен күнделікті өмір сүріп жүрген ортасында тікелей сөйлесу.

«Қайкармет» базарындағы кездесу барысында азаматтар партия өкілдеріне сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын тікелей жеткізді. Көтерілген мәселелер облыстық сайлауалды штаб тарапынан тіркеліп, алдағы жұмыс барысында ескеріледі.

Жалпы еліміз бойынша 13 тамыздағы деректерге сәйкес, мобильді үгіт-насихат топтарының жұмысы барысында 812,8 мың адам қамтылды. Жұмыс барлық өңірлерде, соның ішінде базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, вокзалдар мен халық көп шоғырланатын өзге де орындарда жүргізілуде.

«Әділет» партиясының Жамбыл облысындағы мобильді үгіт-насихат топтарының жұмысы жалғасуда.

Орал қаласында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында өндіріс саласының өкілдерімен кездесу өтті.

Шараға «Әділет» партиясы штабының мүшелері Абзал Насиоллаев пен Архат Исламғалиев қатысып, «Аққайнар» ЖШС ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды.

Кездесу барысында жергілікті өндірісті дамыту, отандық кәсіпорындарды қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қолжетімділігін сақтау мәселелері көтерілді.

Спикерлер отандық өндірісті дамытудың ел экономикасын нығайтудағы маңызына тоқталды. Жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету – экономикалық тұрақтылықтың маңызды факторлары екені атап өтілді.

Сонымен қатар, өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдау, өндірістік қуаттарды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу қажеттігі сөз болды.

Жиын барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Партия өкілдері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті.

«Әділет» партиясы: Сайлаушының сұрағы — нақты жұмысқа бағыт беретін маңызды сигнал

Сайлауалды бағдарлама халықпен ашық диалог арқылы таныстырылуы керек. Бүгін Құрылтайға кандидат Ирина Соловьева мен Абай облыстық сайлауалды штабының төрағасы Айдар Ибраев «Семей инжиниринг» АҚ ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Кездесу барысында партия өкілдері бағдарламаның басымдықтарына тоқталып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Ұжым мүшелері өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

«Біз күн сайын сайлаушылармен кездесіп, олардың пікірін тыңдап келеміз. Себебі бағдарламаның мазмұны халықтың нақты сұранысымен үндесуі керек. Әр кездесуде айтылған ұсыныс бізге ел тұрғындарын алаңдататын мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді», — деді Айдар Ибраев.

Кездесудің басты мақсаты — партияның ұсыныстарын қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу және сайлаушылармен тікелей байланыс орнату.

«Әділет» партиясының өкілдері алдағы уақытта да еңбек ұжымдарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны таныстыруды және халықтың пікірін тыңдауды жалғастырады.

Сапалы интернет пен тұрақты байланыс — бүгінде жай ғана технологиялық мүмкіндік емес, адамдардың жұмысы, білімі, қызмет алуы мен күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. «Әділет» партиясының өкілдері «Қазақтелеком» АҚ ұжымымен кездесіп, партия бағдарламасындағы цифрландыру, байланыс инфрақұрылымы және заң мен тәртіп бағыттарын таныстырды.

Штаб мүшелері Анжела Маслова, Эльмира Жүрсінбекқызы және Толқын Кабдулина партияның негізгі ұсыныстарына тоқталып, халық үшін қолжетімді әрі сапалы интернет пен заманауи цифрлық инфрақұрылымның маңызын атап өтті. Сонымен қатар құқық қорғау саласына цифрлық технологияларды енгізу, құқық бұзушылықтың алдын алу және Бірыңғай болжам-талдау орталығын құру жөніндегі ұсыныстар түсіндірілді. 

Кездесу барысында «Қазақтелеком» қызметкерлері партия өкілдеріне өз сұрақтарын қойып, байланыс сапасы, интернеттің қолжетімділігі және цифрлық технологияларды дамытуға қатысты пікірлерін білдірді.

«Әділет» партиясы үшін цифрландыру — заманауи әрі қолжетімді инфрақұрылым қалыптастырудың, ал заң мен тәртіп — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Қазақстанның болашағы ең алдымен еңбек ететін адамның өмір сапасынан басталады. «Әділет» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабының мүшесі, Құрылтай кандидаты Эрлан Батырбеков «Байкал» кәсіпорнының мамандарымен кездесті.

Құрылтайға кандидат Эрлан Батырбеков кездесуде маңызды сауалға назар аударды: Қазақстанды 10, 20, 30 жылдан кейін қандай ел ретінде көргіміз келеді? Оның пікірінше, бұл сұрақтың жауабы адамның еңбегі, отбасы, қауіпсіздігі және ертеңгі күнге деген сенімінен басталады. 

«Елдің болашағын тек экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болмайды. Адам өз еңбегінің бағаланатынын, отбасының қауіпсіз әрі тұрақты өмір сүретінін сезінсе, ол болашағын туған жерімен байланыстырады. Сондықтан мемлекет үшін еңбек адамының әл-ауқаты — стратегиялық мәселе», — деді Эрлан Батырбеков.

Кездесуде партия бағдарламасындағы лайықты жалақы, қауіпсіз еңбек жағдайы, сапалы білім, қолжетімді медицина, жаңа жұмыс орындары және заманауи инфрақұрылым сияқты басымдықтар талқыланды.

Адамның еңбегі бағаланса — отбасы нығаяды, қоғам күшейеді, мемлекет тұрақты дамиды. «Әділет» партиясының бағдарламасы осы қағидатты негізге алады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Тамыз 2026 11:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see123

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see121

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see120

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see120

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see117

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see116

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see116

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see112

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see111

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

14 Тамыз 2026 18:26see111

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see111

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see111

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see111

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see107

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see106

Жаппай жарық өшуі аясында Алматыда қатты кептеліс болды

14 Тамыз 2026 17:18see105

Астанада жаңа автобус маршруттары іске қосылады

14 Тамыз 2026 14:43see105

Рыбакинаның Цинциннати турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

14 Тамыз 2026 13:55see104

Алматыда блэкаут па? Қаланың бірнеше ауданында жарық сөнді

14 Тамыз 2026 15:30see104

Астана Щучье тас жолындағы ақылы өту пунктінің жанында көлік өртенді видео

14 Тамыз 2026 18:36see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары