Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Әділет партиясы республикалық сайлауалды штабтың жұмысын бастады

Әділет партиясы республикалық сайлауалды штабтың жұмысын бастады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын ресми түрде бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бүгін еліміз бойынша партияның 20 өңірлік, 226 аумақтық штабы және шамамен 30 мың сенімді өкілі жұмысқа кірісті. Бұл туралы Астанада өткен Республикалық сайлауалды штабтың ашылуында партия төрағасы Айбек Дәдебай мәлімдеді.

Республикалық штабтың ресми ашылуы цифрлық форматта өтті. Шараны алғаш рет жасанды интеллект модераторы жүргізді. Штаб кеңістігі сайлауалды науқанды тиімді үйлестіруге, жедел шешім қабылдауға және бірлескен жұмысқа мүмкіндік беретін Open Space қағидаты бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар, өңірлік штабтардың жетекшілері, партияның жастар қанаты мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиында сайлау науқанының құрылымы, штабтардың негізгі жұмыс бағыттары, алдағы кезеңнің басым міндеттері мен партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Штаб жұмысын ашқан Айбек Дәдебай партия дайындық кезеңін аяқтап, енді еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен белсенді жұмысқа кірісетінін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформалары елімізде түбегейлі, оң өзгерістерге жол ашып, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдей түсті. Биылғы жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция саяси жүйеміздің жаңа архитектурасын қалыптастырып, мемлекеттілігімізді нығайта түсуге кепілдік болып отыр. Конституциялық құндылықтар – «Әділет» партиясының да негізі, өзегі. Біз – елдегі ауқымды жаңғыру кезеңінде дүниеге келген жаңа форматтағы партиямыз. Біздің саяси күшіміз Қазақстанмен бірге өсіп, бірге дамып келеді. Біз өз болашағымызды да, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағын да Қазақстанмен байланыстырамыз. Сондықтан мемлекеттің одан әрі дамуына деген жауапкершілігімізді терең сезінеміз. Әр азаматтың үнін естіп, халықтың сұранысы мен қоғамның қажеттілігін, елдің таңдауын негізге ала отырып жұмыс істеуге дайынбыз. Өйткені дәл осы құндылықтар Қазақстанның келешек дамуының берік іргетасына айналуы тиіс», - деді партия төрағасы.

«Әділет» партиясы сайлауға «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасымен қатысады. Бағдарлама жеті стратегиялық мақсат пен ел дамуының он негізгі басымдығын қамтиды. Олар: «Заң және тәртіп», «Тиімді институттар», «Қуатты өңірлер – қуатты ел», «Цифрлық мемлекет», «Әділ әрі бәсекеге қабілетті экономика», «Әлеуметтік ынтымақ және атаулы қолдау», «Адами капиталға инвестиция», «Жаңа мәдениетті қалыптастыру және ұлт болып ұйысу», «Таза Қазақстан» және «Жауапты орта держава».

«Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасы – нақты іс пен жоспарға, тиянақты әрі табанды шешімдерге негізделген кешенді құжат. Тәжірибе мен уақыт екшеуінен, азаматтарымыздың талғам таразысынан өткен шынайы құндылықтардың жиынтығы. Біздің бағдарламаның басты ұстыны – адам мен оның әл-ауқаты, отбасы мен өмір сүруге жайлы жағдай жасау. Біз бағдарламада өзекті мәселелердің уақытша шешіміне емес, еліміздің ұзақмерзімді, жүйелі дамуына басты назар аударып отырмыз. Осы ретте, Бағдарламаны дайындауға сайлаушылардың өздері тікелей атсалысқанын да атап өткім келеді. Заманауи цифрлық құралдар мен QR-кодтарды пайдалана отырып, тұрғындардың ұсыныстарын жинадық. Сол арқылы әр өңірдегі тұрғындардың үнін тікелей естуге мүмкіндік алдық», - деді Айбек Дәдебай.

Сайлауалды науқан аясында партия республика бойынша 21 мыңнан астам іс-шара өткізеді. Жиындарға Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар, 30 мыңға жуық сенімді өкіл мен өңірлік штабтардың мүшелері қатысады. Олар облыс орталықтарында, қалаларда, аудандарда және ең шалғай ауылдарда еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу өткізеді.

«Ең бастысы, біздің күшіміз – халқымыздың қолдауында! Сол қолдаумен 23 тамыздағы сайлауда жеңіске жететінімізге кәміл сенімдіміз! Өз мемлекетінің Әділетті әрі Қуатты болғанын, өз болашағының жарқын әрі прогрессивті болғанын қалайтын барлық қазақстандықты алдағы сайлауға белсенді қатысып, қапысыз таңдау жасауға шақырамыз. Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!», - деп сөзін қорытындылады партия төрағасы.

Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидат Айжан Аймағанова, Ренат Бектұров, Айымгүл Әбілева, сондай-ақ өңірлік штабтардың жетекшілері Ербол Данағұлов, Илья Теренченко мен іс-шараның өзге де қатысушылары сайлауалды науқан барысында белсенді жұмыс істеуге дайын екендерін мәлімдеді.

«Әділет» партиясының партиялық тізіміне 186 кандидат енгізілді. Оның ішінде 72 әйел мен 114 ер адам бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас. Олардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, педагогтер, медицина қызметкерлері, цифрлық технологиялар саласының мамандары, аграрлық және өнеркәсіп саласының өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен азаматтық қоғам өкілдері бар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 19:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары