Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

Абай күнінде Әділет партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге барды

Абай күнінде Әділет партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге барды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жұмыс бағдарламасы Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Айта кетерлігі, өңірге сапар ұлы қазақ ағартушысының туған күні – 10 тамызға сәйкес келіп отыр.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай Абай облысының еліміздің рухани және мәдени өміріндегі айрықша маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының облысты құру туралы тарихи шешімі өңірдің дамуы жолындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашты.

«Бүгін ұлы Абайдың қасиетті мекені Семейге арнайы келіп, өздеріңізбен жүздесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Биылғы сапарымыз Абай күнімен тұспа-тұс келіп отыр екен. Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз құттықтауында да «Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеяларды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз», - деді. Оның білім, еңбек, жауапкершілік, бірлік пен келісім туралы идеяларының бүгінгі мәні ерекше. «Әділет» партиясы Президенттің басты бағыттарын қолдау үшін арнайы құрылған. Сондықтан біз Президенттің барлық бастамаларын қолдаймыз және оны күшейтеміз. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы үйлесімді қоғамның негізі деп атаған «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттары біздің сайлауалды бағдарламамыздың да негізіне алынған. Біздің міндетіміз – бұл бағытты нақты шешімдермен бекітіп, өзгерістердің нәтижесін әрбір азамат сезінетіндей ету. Әділеттілік, заң мен тәртіп, адал еңбек, жауапкершілік және ұлттық бірлік арқылы Әділетті, Күшті және Прогрессивті Қазақстанды құрамыз», - деді Айбек Дәдебай.

Гүл қою рәсімінен кейін республикалық сайлауалды штабтың мүшелері облыс жұртшылығымен кездесіп, «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды және тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Құрылтай депутаттығына кандидаттар партияның әлеуметтік және экономикалық бастамаларына жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, Дихан Қамзабек тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды дамыту, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдау жүйесін нығайту, сапалы жұмыс орындарын құру және еңбек адамының құқықтарын қорғау жөніндегі ұсыныстарды таныстырды.

Кандидат Ерлан Саиров қазіргі таңда негізгі мәселелердің бірі инфляция екенін атап өтті. Оның айтуынша, оған кей азық-түлік түрлері бойынша импортқа тәуелділік те әсер етеді. Ол отандық өндірісті ұлғайтып, елді өз өнімімізбен қамтамасыз ету сыртқы баға факторларына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ партия бағдарламасында көзделген шаралардың түпкі мақсаты азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Бағдарламаның арнайы бір бағыты елдің технологиялық дамуына арналған. Құрылтай депутаттығына кандидат Унзила Шапақ 5 млн қазақстандықты жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларына үйрету, ЖИ және deeptech саласында 100 мың маман даярлау, жаңа технологияларды түрлі салаларда қолдану аясын кеңейту жоспарлары туралы айтты. Партия азаматтарды цифрлық алаяқтықтан қорғауға және балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше мән беруді ұсынады.

Ашық диалог барысында облыс тұрғындары өңір үшін өзекті бірқатар мәселені көтерді. Қалалық ардагерлер кеңесінің патриоттық тәрбие жөніндегі комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев жылдар бойы тозығы жеткен жылу және су желілерінің мәселесіне назар аударды. Журналист Эльмира Жүрсінбек Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесін көтерді. Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің деканы Лилия Мүслімқызы отандық ғылымды дамытуға бағытталған шараларға қызығушылық танытты. Ақын Мерей Карт пен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шағангүл Жанаева партияның сайлауалды бағдарламасында ұсынылған бастамалардың өзектілігін атап өтті.

Тұрғындардың сұрақтарына жауап берген кандидаттар жылу және электр желілерін жаңғырту, Алакөл жағалауын одан әрі дамыту және Үржар ауылындағы әуежайды қайта жаңғырту жөніндегі партия ұсыныстарын таныстырды.

Кездесуді қорытындылаған Айбек Дәдебай «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасы азаматтардың нақты сұраныстары негізінде әзірленгенін және Мемлекет басшысының жалпыұлттық бағытымен үндесетінін атап өтті. Бағдарлама негізіне «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттары және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі дамыту идеясы алынған.

«Біз үшін заң мен тәртіп – ең алдымен әр азаматтың құқығын қорғаудың кепілі. Саясат адамнан және оның нақты қажеттіліктерінен басталуы керек. Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отырмыз. Бұл – азаматтардың үні жай ғана естіліп қоймай, нақты шешімдер қабылдаудың негізіне айналатын деңгей. Ол үшін заманауи цифрлық құралдарды, жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану қажет. Біздің бағдарламамыз – нақты мерзімдері мен нәтижеге жауапкершілігі айқын нақты іс-қимыл жоспары. Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім де осылай нығайып, Әділетті Қазақстан осылай құрылады», - деп түйіндеді Айбек Дәдебай.

Кездесу соңында тұрғындар Абайдың музыкалық мұрасының символына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін бірге орындады. Бұдан кейін партияның жаңа мүшелеріне партия билеттері табысталды.

«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Абай облысындағы жұмыс сапары жалғасады.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 14:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see116

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see107

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see106

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see104

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see101

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see101

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see100

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see100

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see99

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары