Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұрын шипажай дегенде көз алдымызға егде жастағы адамдар, минералды су мен "денсаулықты түзеуге" жолдамалар келетін. Қазір бұл демалыс форматын жастар да біртіндеп игере бастады. Әлеуметтік желілерде "санаторинг" ұғымы танымал болып келеді. Бұл - мазмұны тығыз саяхат, жағажайдағы демалыс пен кештерге балама ретінде шипажай мен сауықтыру кешендерінде тынығу. Неге қазақстандық жастар теңіз жағасында бес жұлдызды қонақүйдегі all inclusive жүйесін емес, шипажайды таңдайтынын Tengri Travel анықтап көрді.

Санаторинг деген не?

Санаторинг (ағылшын тіліндегі sanatoring - "sanatorium" (шипажай) және "touring" (саяхаттау) сөздерінің тіркесі) - бұл шулы сапар мен белсенді туризмнің орнына тыныш сауықтыру демалысын саналы түрде таңдауды білдіретін жастардың жаңа тренді.

Қазіргі мегаполистерде күйзеліс деңгейі мен өмір ырғағы шегіне жеткен, бұл демалыс сценарийін қайта қарауға мәжбүр етеді. Қазақстандық жастардың көбі шулы курорттарға барудан бас тартып, шипажайға бет бұрып жатыр.

"Еркін тыныстағым келді"

Демалыстың мұндай форматын өзіне алғаш рет ашқандардың бірі - Астананың 26 жастағы тұрғыны Кәмила Хан. Ол күн сайын қарбалас қарым-қатынасқа, ақпарат пен тапсырмаға толы баспасөз қызметінде жұмыс істейді. Сондықтан қыз бос уақытында үйреншікті өмір ырғағын өзгерткісі келеді.

Жақында ол Приозерскідегі "Балқаш" емдеу-сауықтыру кешенінде болды. Кәмила шипажайға жұмыс бабымен барғанымен, бұл сапар ол үшін күтпеген жерден толыққанды күш жинау мүмкіндігіне айналды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kamila Khan-ның (@kmilakhan) жарияланымы

Жасөспірім шағында ол шипажайда демалған, бірақ ол кезде мұндай демалысты мүлдем басқаша қабылдаған. Бұл жолғы әсері өзгеше болды.

"Біздің буын нон-стоп режимінде өмір сүреді. Оқу, жұмыс, жобалар, әлеуметтік желілер, орасан зор ақпарат ағыны, үнемі байланыста болу және бәріне үлгеру қажеттілігі. Тек бір сәт тоқтап, еркін тыныстап, қалпыма келгім келді. Шипажайда мен нағыз демалғанымды сезіндім. Ортаны ауыстырып немесе ұйқымды қандырып қана қоймай, нақ бір басқа толқынға ауысқандай болдым", - дейді Кәмила Хан.

Қыз үшін ең басты жаңалық - демалушылардың жасы болды. Оның пікірінше, шипажай тек егде адамдарға арналған зеріктіретін орын деген түсінік біртіндеп өзгеріп келеді.

"Мен жасы үлкен адамдарды көп көремін деп ойлағанмын, бірақ ол жерде жастар мен жас отбасылар көп болды", - деді Кәмила.

"Балқашқа" барғаннан кейін қыздың таныстары да мұндай форматқа қызығушылық танытқан. Оның айтуынша, сапары туралы жазбаларынан кейін бес-алты адам кешен қай жерде екенін және оған қалай баруға болатынын сұраған.

Сұхбат беруші шипажайдағы демалыстың практикалық тұрғыдан да тиімді екенін айтады: адам жатын орын мен ортаны ауыстырып қана қоймай, сауықтыру процедураларын да алады.

"Кейде ағзаға әсерге толы тағы бір демалыс емес, тыныш қана қалпына келу мүмкіндігі қажет. Бәлкім, бүгінде нағыз демалыс - бұл бір аптада үлгерген жерлеріңнің саны емес, үйге қандай күйде оралғаның шығар", - деп түйіндеді Кәмила Хан.

"Телефонсыз демалуға болады"

Үйреншікті демалысты шипажайға ауыстыруды жөн көргендердің арасында Форт-Шевченкодан шыққан кәсіпкер және вендинг аппараттары бойынша әлеуметтік стартаптың негізін қалаушы Райымбек Төлешев бар. Ол 27 жаста, шипажайға бару ол үшін жаңа тәжірибе болды.

"Маған толықтай босаңсып, демалатын сапар қажет болды. Табиғатпен оңаша қалып, телефонсыз жүру - мен қалаған нәрсе еді", - дейді ол.

Шортандыдағы шипажай кәсіпкерді жағымды жаңалығымен таңғалдырды. Ол мұндай демалыс соншалықты жайлы болатынын бұрын елестетіп те көрмегенін айтады.

Threads-тен скриншот

Бұл ретте Райымбек шипажайдағы демалыс аға буынға ғана арналған деген түсінікпен келіспейді. Оның айтуынша, ол бала кезінен ата-әжесі шипажайларға барғанын көрген, сондықтан мұндай демалысты уақытты жақсы өткізіп, күш жинау мүмкіндігі ретінде қабылдаған.

"Мен үшін шипажай зейнеткерлерге арналған деген ой болған жоқ. Керісінше, бұл "керемет, телефонсыз демалуға болады екен" деген сияқты әсер берді", - дейді ол.

Кәсіпкер бұл сапарға шамамен 80 мың теңге төлеген. Достары мен жақындары оның таңдауын қолдап, қай жерде демалғанын сұраған. Райымбектің өзі қазір де әдеттегі саяхат пен шипажай арасында таңдау болса, екінші нұсқаны қайта таңдайтынын, әсіресе ыстық бұлағы бар жер болса, баратынын айтты.

Оның пікірінше, жастардың шипажайға қызығушылығы жаңа трендтің пайда болуынан емес, құндылықтардың табиғи өзгеруінен туындап отыр.

"Ойға шому мүмкіндігі"

Материалдың тағы бір кейіпкері - 30 жастағы Айғаным Нұпбай. Ол бала кезінде ата-әжесімен бірге шипажайларға жиі барып, сол кездің өзінде демалыстың бұл форматын ұнатып қалған.

"Маған олармен бірге осылай демалған қатты ұнайтын. Санаторийлер көбіне Алматының сыртында болатын - ол жерде оңашалық, тыныштық, жасыл желек көп, ауасы таза еді. Мен осы сапарларымды әлі күнге дейін жылы еске аламын", - дейді Айғаным.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Айға • КИборг • UGC creator • travel blog • инклюзия (@aiga.tynysh) жариялаған жазба

Оның айтуынша, ол жеті-сегіз жасында-ақ есейгенде санаторийде демалатынын айтқан екен. Қазір бұл оның өмірінің бір бөлігіне айналды: Айғанымның мүгедектігі бар, сондықтан жыл сайын санаторий-курорттық ем алу мүмкіндігіне ие. Жақында ол "Баян-Жүрек" санаторийінде болып қайтты.

Бірақ Айғаным үшін санаторийдегі демалыс процедуралар мен физикалық тұрғыдан қалыпқа келу мүмкіндігі болғандықтан ғана маңызды емес. Алғашқы сапары оның өміріндегі қиын кезеңмен тұспа-тұс келді: есту қабілетінен толық айырылу, ота, күйеуімен қарым-қатынастағы қиындықтар және декрет.

"Басыма көп ауыртпалық түсті, сондықтан маған қаладан жырақта, интернетсіз, жақындарымсыз отырып, ойлануға және өмірімде не болып жатқанын түсінуге уақыт керек болды", - дейді ол.

Сол кезде Айғанымның баласы екі жарым жаста еді. Оған дейін ол баласы мен күйеуінсіз, жалғыз өзі ешқайда ұзақ уақытқа кетіп көрмеген. Сондықтан санаторийге бару ол үшін оңаша қалудың алғашқы тәжірибесі болды.

Фотоны кейіпкер ұсынды

Айғаным мұндай демалыс форматын денсаулығында кінәраты бар адамдарға ғана емес, үнемі күйбең тірліктен шаршаған және үйреншікті өмір ырғағын қалпына келтіргісі келетіндер үшін де өте пайдалы деп санайды.

"Мұндай демалысты декреттегі аналарға, айналасында бәрі қирап жатқандай сезінетін және сәл сабырға келіп, тынышталуды қалайтын адамдарға кеңес берер едім. Сондай-ақ ұйқы режимі мен тамақтану кестесі бұзылғандарға да таптырмас орын", - деп ұсынды ол.

Санаторийдегі демалыс үйреншікті образын біртіндеп өзгертіп жатқан сияқты. Кейбіреулер үшін бұл - қарбалас жұмыстан кейін күш жинау мүмкіндігі, енді біреулер үшін оңашада қалпына келу, ал үшіншілері үшін - демалысты денсаулыққа күтім жасаумен ұштастыру.

Бұл ретте жас қазақстандықтар үйреншікті саяхаттарынан бас тартпайды. Керісінше, санаторий демалыстың тағы бір - тыныш және саналы нұсқасына айналып келеді. Бәлкім, бұл жердегі негізгі тренд жолдамада емес, демалысқа көзқарастың өзгеруінде шығар: кейде ең жақсы демалыс - одан кейін тағы бір демалысты қажет етпейтін демалыс.

Айта кетейік, зумерлер туризм индустриясындағы трендтерді өзгертіп жатыр. Саяхатшылардың жаңа сұраныстарына байланысты әлемдегі қонақүйлер "швед үстелі" мен all inclusive жүйесіне емес, велнес-бағдарламаларға, фитнес пен денсаулыққа күтім жасауға көбірек көңіл бөліп жатыр.

Бұдан бөлек, жаңа зерттеу бойынша, жастар достарымен жиірек кездескісі келеді, бірақ оған бағаның жоғары болуы, жұмыс аптасынан кейінгі шаршау және араласуға жайлы орындардың тапшылығы кедергі болады.

Тағы оқыңыз: Зумерлер 2026 жылғы әлемнің ең үздік қалаларын таңдады

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see103

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see101

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see100

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see99

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see98

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see98

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see98

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see97

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see97

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see97

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see97

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see96

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see96

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see95

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see94

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

24 Қыркүйек 2026 09:52see94

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see94

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары