Жарнама үшін көліктен басын шығарған жолаушы жазаланды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жарнамалық ролик түсіру кезінде жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Дүкенге арналған жарнамалық бейнеролик түсіру кезінде көпшіліктің назарын аударып, әсерлі кадр жасау мақсатында жүріп бара жатқан көліктен жолаушы басын шығарған.
Полиция қызметкерлері бейнероликке қатысушыларды жедел анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.
"Көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қозғалыс кезінде көліктен басын шығарған жолаушыға да әкімшілік шара қолданылды", - дейді полицейлер.
Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















