Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Заң факультеттері студенттерге ЖИ ді қолдануға тыйым салды

Заң факультеттері студенттерге ЖИ ді қолдануға тыйым салды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

ЖИ жұмысты жылдам әрі тиімді атқарады. Бірақ студент сол жұмысты өзі орындай алмаса, кәсіби құзыреті жоғары, тәжірибелі маманды қайдан аламыз? Жапондық Financial Times басылымының талдауына сүйенген Aikyn.kz заңгерлерді даярлаудағы жаңа парадоксты түсіндіреді.

Жаңа оқу жылынан бастап Чикаго университетінің заң мектебі бірінші курс студенттерінің негізгі сабақтарында смартфон, планшет пен ноутбук пайдалануға тыйым салды. Оқу орны технологиялық құралдар интеллектуалдық дамуға кедергі келтіреді деп санайды.

«Мәселе жұмысты қиын жолмен орындауда. Өйткені адам дәл осылай үйренеді», – дейді заң факультетінің Жасанды интеллект жөніндегі комитетінің төрағасы Уильям Хаббард.

Чикагода заңгерлерді даярлауда дәстүрлі «сократтық әдіс» қолданылады. Студенттер профессор мен курстастарының алдында нақты уақыт режимінде сот істері мен құқықтық қағидаларды талқылап, сұрақтарға өз бетінше жауап береді. Хаббардтың пікірінше, ЖИ осы интеллектуалдық жаттығуды айналып өтуге көмектеседі. Бірақ университет жасанды интеллект құралдарына толық тыйым салмайды. Заң мектебінің деканы Адам Чилтон студенттердің бәрібір ЖИ қолданатынын мойындайды.

«Біз студенттер ЖИ-ді пайдаланады деген ұстанымды растаймыз. Одан бас тартудың орнына оқу бағдарламасын осы шындыққа қалай бейімдейміз?» – дейді ол.

Сондықтан студенттер «ЖИ көмегімен, ЖИ-сіз және ЖИ туралы» білім алуы тиіс. Мысалы, аудиториядан тыс уақытта идея іздеу, заң клиникаларында жұмыс істеу немесе жасанды интеллект үшін дайындалған арнайы сабақтарда технологияны пайдалануға рұқсат беріледі.Калифорния университетінің Беркли заң мектебі бұдан да қатаң саясат енгізген. Студенттер бағаланатын жұмыстарын әзірлеу кезінде генеративті ЖИ-ді идея қалыптастыруға, жоспар құруға, мәтін жазуға, өңдеуге немесе аударуға пайдалана алмайды.

«Студент жұмыс тапсырғанда, әдепкі жағдайда ол Claude-тың жұмысы болмауы керек. Егер ЖИ олардың орнына ойлап, жазатын болса, біз студентке дұрыс білдім беріп жатқан жоқпыз», – дейді заң мектебінің деканы Эрвин Чемеринский.

Заң саласында ЖИ-ды оқыту құралы ретінде қолдайтындар да бар екенін айту керек. Mayer Brown заң фирмасының серіктесі Кил Боуэннің пікірінше, кей жағдайда жасанды интеллект жас маманға тәжірибелі әріптестен де өзгеше көзқарас ұсына алады. Себебі адамның кәсіби тәжірибесі кейде оның мәселені басқа қырынан көруіне кедергі келтіреді.

Хаббард болса, заңгерлік қызметтің технология алмастыра алмайтын адами қыры бар екенін айтады.

«Заң тәжірибесінің кітапта жазылғанға емес, адамның жүрегі мен жан дүниесіне байланысты маңызды тұстары бар. Қиын жағдайға тап болған адам оны қолдайтын және ол үшін күресетін біреудің бар екенін біледі», – дейді ол.

Бүгінгі университеттердің алдында ЖИ-ға тыйым салудан басқа күрделірек міндет тұр. Олар студенттерге заманауи технологияны тиімді пайдалануға үйретумен қатар, сол технологиясыз ойлау, дәлелдеу және шешім қабылдау қабілетін де сақтап қалуға күш салуда.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:20
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see103

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see101

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see100

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see99

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see98

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see98

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see98

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see97

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see97

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see97

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see97

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see96

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see96

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see95

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see94

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

24 Қыркүйек 2026 09:52see94

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see94

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары