Маңғыстаудағы апат: құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы ауыр
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
"Әскери қызметшінің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Мамандар қажетті емдеу шараларын жалғастырып, науқастың денсаулық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр", - дейді басқармада.
Жағдай Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, 9 адам көз жұмды. 24 қыркүйек күні ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан Каспий теңізіндегі 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Қазіргі уақытта оның 9-ы көз жұмғаны анықталды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қайғылы оқиғаға байланысты дереу үкіметтік комиссия құрылды.
Президент 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 22:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















