Пашинян Арменияның ЕО мен жақындасуы кезінде екі орындықта отыруы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван Еуропалық одақпен жақындасу кезінде "Екі орындықта бірдей отыра ала ма?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК-ға сілтеме жасап.
"Неге екі орындықта? Біз бір ғана армян орындығында отырмыз", - деді Пашинян БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында журналист сұрағына жауап беріп.
Бұл ретте премьер-министр Армения теңгерімді сыртқы саясат жүргізуді жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
Армения премьерінің сөзіне қатысты пікір білдірген Кремль өкілі Дмитрий Песков Мәскеу Арменияның егемендік құқықтарына "құрметпен" қарайтынын айтты, бірақ ел Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше екенін еске салып, "өзге стандарттарға біртіндеп қайта бағдарлану түрлі саладағы ЕАЭО стандарттарымен үйлеспейтінін" атап өтті.
"Таңдау жасаудың маңызы туралы айтқанда біздің меңзегеніміз осы. ЕАЭО-ға мүше елдер - барлығымыз үшін маңызды осы интеграциялық бірлестіктің ережелеріне, нормативтеріне және қағидаттарына қайшы келмеуі өте маңызды", - деді баспасөз хатшысы.
Армения кейінгі бірнеше ай бойы ЕО-ға мүшелікке өту туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 24 тамызда Пашинян ел жақын арада Еуроодаққа мүшелікке өтуге өтінім беру рәсімін бастауға ниетті екенін айтты.
Армения көшбасшысының сөзінше, ЕО-ға мүше болу туралы шешімді азаматтық қоғам мақұлдаған. Ол мұндай шешімді "күш қолдану арқылы" қабылдау мүмкін емес екенін атап өтті.
Мамырда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, Ереванды Еуропалық одаққа кіру немесе ЕАЭО-ға мүшелікті сақтау мәселесі бойынша референдум өткізу арқылы сыртқы экономикалық бағытын айқындауға шақырған болатын.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?
Бүгін 11:02 1
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 21:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















