Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Тоқаев Қытайдың бірқатар компания жетекшілерін қабылдады

Қолын сындырған, басын жарған : 10 жастағы шабандоз жарыстарға қалай дайындалады

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталды

Айына екі күн Қазақстанда әйелдер демалысына қатысты сұраққа жауап берді

Айына екі күн Қазақстанда әйелдер демалысына қатысты сұраққа жауап берді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Етеккір демалысы кейбір елдердің еңбек заңнамасының бір бөлігіне айналған: мұндай нормалар Жапония, Испания, Португалия және басқа да бірқатар мемлекетте бұрыннан бар, ал жақында олардың қатарына Черногория қосылды. Tengri Life мұндай жүйе қалай жұмыс істейтінін және Қазақстанда әйелдерге осындай демалыс қарастырылған ба, жоқ па анықтап көрді.

Әлемдік жаңа тренд: "әйелдер демалысы" қайда және қалай жұмыс істейді? Черногория

Етеккір циклінің ауыр өтуіне байланысты әйелдерге бөлек демалыс беру мәселесі әртүрлі елдің еңбек заңнамасында жиі көрініс таба бастады. BalkanInsight мәліметінше, жақында Черногория тиісті норманы енгізді: "қайталама дисменорея" диагнозы бар әйелдер айына екі күнге дейін демалыс ала алады.

Анықтама: қайталама дисменорея - белгілі бір гинекологиялық аурулардан немесе кіші жамбас мүшелерінің құрылымдық өзгерістерінен, мысалы, эндометриоз, аденомиоз, жатыр миомасы, қабыну аурулары, киста немесе кейде полиптерден туындаған ауырсынумен өтетін етеккір.

Демалысты рәсімдеу үшін диагнозды маман-дәрігердің қорытындысымен растау қажет. Анықтаманы жыл сайын жаңартып отыру керек. Оны биылғы 31 желтоқсанға дейін алып, жұмыс берушіге келесі жылдың 30 қаңтарына дейін өткізу қажет.

Мұндай демалыс кезінде әйелдерге күндік базалық мөлшерлеменің кемінде 70 пайызы төленеді, ал кей жағдайда бұл сома жоғары болуы мүмкін. Мұның бәрі жұмыс берушімен жасалған келісімшарт талаптарына байланысты.

Жапония

Жапония мұндай демалыс құқығын бекіткен алғашқы елдердің бірі болды. Тиісті норма 1947 жылдан бері қолданыста. Заң әйелдерге қатты ауырсыну немесе етеккірге байланысты басқа да белгілер салдарынан өз міндеттерін орындау қиын болған жағдайда жұмысқа шықпауға рұқсат береді. Бұл ретте демалыс күндерінің саны мен төлем мәселесі заңмен нақты белгіленбеген.

Испания

Испанияда әйелдерге арналған мұндай ақылы демалыс 2023 жылдан бастап күшіне енді. Оны етеккір кезінде қатты ауырсынуды сезінетін әйелдер пайдалана алады. Рәсімдеу үшін медициналық растау қажет. Бұл ереже ауырсыну эндометриоз немесе аналық бездердің поликистоз синдромы сияқты аурулармен байланысты болған жағдайларға да таралады.

Португалия

Заң бойынша, Португалияда 2025 жылдан бастап эндометриоз немесе аденомиоздан туындаған қатты етеккір ауруы бар әйелдер қатарынан үш күнге дейін ақылы демалыс ала алады. Ол үшін жұмыс берушіге диагнозды растайтын медициналық анықтама ұсыну жеткілікті.

Зерттеуге сәйкес, мұндай демалыс тағы бірқатар елде бар. Мысалы, Тайваньда, Оңтүстік Кореяда, Замбияда, Вьетнамда және Индонезияда.

Сондай-ақ Ұлыбританияда эндометриоз бен аденомиозы бар әйелдер үшін етеккір демалысын енгізу талқыланып жатыр. Мұндай ұсыныс жазылған петицияға 100 мыңнан астам адам қол қойған.

Мұндай демалыс не үшін қажет?

Мәселе шенеуніктер арасында ғана емес, қызметкерлер арасында да пікірталас тудырып отыр. Кейбір әйелдер етеккір кезіндегі қатты ауырсыну жұмысқа айтарлықтай кедергі келтіреді және мұндай күндері қосымша демалыс немесе басқа да қолдау алу мүмкіндігі болуы тиіс деп есептейді.

Басқалары арнайы демалыстың кері әсері болуы мүмкін деп қауіптенеді - мысалы, жұмыс берушілер әйелдерді жұмысқа сирек қабылдай бастауы немесе оларды сенімсіз қызметкер ретінде қабылдауы мүмкін.

Әлеуметтік желіде қазақстандық әйелдер де өз тәжірибесін бөлісті:

"Шағымданбаймын, тек айтқым келгені - етеккір кезінде, әсіресе алғашқы күні өзімді тұмау тигендей нашар сезінемін. Бірақ ай сайын еңбекке жарамсыздық парағын алуға немесе сұрануға бата алмаймын, жиі ауырады деп ойлайды және бұл әйелдердің өмір бойы төзіп келе жатқан "ұсақ-түйектерінің" бірі ғана. Шынында да, бұған үйреніп кеткендеймін және солай болуы керек сияқты көрінеді". "Етеккір басталғанда - жайсыздық, бастың ауруы, ал мен жұмыстамын және күніне тоғыз сағат бойы жұрттың көз алдында болуым керек. Меніңше, мұндай күндері әйелдерге қосымша ақы төленуі немесе демалыс берілуі тиіс". "Айына екі-төрт күн жұмыста болмайтын қызметкер жұмыс берушіге не үшін қажет?" "Дискриминацияның бұған қандай қатысы бар? Бұл жай ғана бизнес. Жұмыс беруші көбірек жұмыс істеп, пайда әкелетін адамды таңдайды".

Арнайы демалысты өздері пайдаланғысы келмейтінін айтөан әйелдер де болды. Олар үшін әріптестерінің жұмыста болмау себебін білетіні туралы ойдың өзі ыңғайсыз.

Скриншот: Threads

Қазақстанда етеккір демалысы бола ма?

Қазіргі уақытта Қазақстанда етеккірге байланысты бөлек демалыс жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біздің сауалға жақын арада оны енгізу жоспарда жоқ екенін хабарлады.

Ведомство бұл саладағы халықаралық тәжірибе зерттеліп жатқанын, алайда қазіргі уақытта еңбек заңнамасына тиісті өзгеріс енгізуге негіз жеткіліксіз екенін атап өтті.

"Халықаралық тәжірибені зерделеу Қазақстанда физиологиялық ерекшеліктерге байланысты демалысты енгізудің орындылығын бағалау кезіндегі негізгі фактор. Еңбек заңнамасын толықтыру бойынша эмпирикалық деректерге және ұзақ мерзімді халықаралық мысалдарға негізделген дәлелді ұсыныстардың болмауына байланысты, министрліктің заң шығару жұмыстарының жоспарында әйел қызметкерлер үшін физиологиялық ерекшеліктерге байланысты демалыс енгізу көзделмеген", - деп атап өтті министрлік.

Бұл ретте ведомство өкілдері қолданыстағы заңнамада қызметкер жағдайға қарай пайдалана алатын демалыстың басқа түрлері қарастырылғанын атап өтті.

Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, қазақстандықтар мынадай демалыстарды рәсімдей алады:

негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы; жалақысы сақталмайтын демалыс; оқу демалысы; жүктілікке және бала тууға байланысты демалыс; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс; скринингтік зерттеуден өту үшін жылына үш жұмыс күніне дейінгі демалыс; 12 аптаға дейінгі мерзімде жүктілігі бойынша медициналық есепке тұру үшін кемінде үш жұмыс күніне демалыс.

Айта кетейік, таяуда 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда қызметкерлер үшін жаңа міндеті енгізілетіні белгілі болды - ол жұмыс орнында киберқауіпсіздік талаптарын сақтау. Тиісті өзгеріс Еңбек кодексіне цифрландыру және дербес деректерді қорғау туралы заң аясында енгізілді.

Тағы оқыңыз: 140 күн: министрлік еңбек демалысы қаншаға созылуы мүмкін екенін айтты

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 17:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see141

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see131

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see129

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see127

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see124

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see124

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see124

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see124

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see124

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see123

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see122

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see121

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see121

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see119

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see116

Тоқаев Қытайдың бірқатар компания жетекшілерін қабылдады

25 Қыркүйек 2026 17:25see114

Қолын сындырған, басын жарған : 10 жастағы шабандоз жарыстарға қалай дайындалады

24 Қыркүйек 2026 22:23see114

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see114

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

25 Қыркүйек 2026 22:07see113

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталды

26 Қыркүйек 2026 11:12see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары