Батыс елдері босқындар санының артуына дайын болуы керек Мендель
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Украина тұрғындары алдағы қыста гуманитарлық апат болады деп болжап отыр, қазірдің өзінде көп адам елден кетіп жатыр, деп мәлімдеді Украина басшысы Владимир Зеленскийдің бұрынғы баспасөз хатшысы Юлия Мендель.
"Энергетикалық инфрақұрылым қирап жатыр. Сондықтан украиналықтар қыста гуманитарлық апат болады деп болжап отыр, қазірдің өзінде көп адам елден кетіп жатыр", – деді ол америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында.
Мендельдің айтуынша, Батыс елдері босқындар санының артуына дайын болуы керек.
Қыркүйек айының басында Жоғарғы Раданың депутаты Соломия Бобровская ел азаматтарын ауыр жағдайға дайындалуға, Киевтен кетуге және отын ретінде пайдаланылатын ағаш сатып алуға шақырды. Ал қорғаныс министрінің кеңесшісі Сергей Бескрестнов генераторлар мен аккумуляторлар сатып алып, бензин қорын жасауды ұсынды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 20:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















