Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Астанада бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Астанада ер адам бұрынғы әйелін өртеп жіберемін деп қорқытқан.
Сот үкімімен ер адамға 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, оның мінез-құлқына бірқатар ерекше талаптар белгіленді. Жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды.
"Оқиға қызғаныш салдарынан болған. Ер адам бұрын әйелінің жұмыс орнына жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкемен келген. Әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында ол жәбірленушіні өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кейін оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өміріне нақты қауіп төндірген", - дейді прокуратура.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:109
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 03:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















