Үш жағдай расталды : Қарағанды университеті желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ қазіргі уақытта туберкулездің үш жағдайы расталғанын, ал он жағдай туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
"Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аталған жағдайлардың өзара байланысы жоқ екені анықталды. Науқастар бір-бірімен байланыста болмаған. Олардың екеуі басқа өңірлерден келген, біреуі жергілікті тұрғын", - делінген мәлімдемеде.
Университет санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен және медициналық ұйымдармен бірлесіп, қажетті профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Жақын байланыста болған адамдар анықталып, оларға медициналық бақылау ұйымдастырылды. Тиісті үй-жайларда санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданды.
"Іс-шаралар жүргізілген кезеңде жекелеген топтар уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Жақын байланыста болған адамдар мамандардың ұсынымдарына сәйкес 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. Бұдан бөлек, студенттер арасында қосымша профилактикалық медициналық тексеру ұйымдастырылды", - деп хабарлады университет.
Жағдай университет басшылығының бақылауында. Санитариялық қызметтердің ұсынымдарына сәйкес қабылданып жатқан уақытша шараларды қоспағанда, оқу үдерісі штаттық режимде жалғасып жатыр, деп хабарлады Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 14:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















