Маңғыстау облысында қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаралы рәсімге облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен марқұмдармен қызметтес болған азаматтар қатысты.
© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіМаңғыстау облысында қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті

Маңғыстау облысында қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Рәсімге қатысушылар қаза болған жауынгерлердің туған-туысы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталып, құдайы рәсімдер жасалды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және жаназа мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қажетті жан-жақты көмек көрсетілуде", - делінген хабарламада.
Қаражатты жинақтау мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі тарапынан бұған дейін арнайы қор айқындалған болатын. Жинақталған барлық қаражат қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына және зардап шеккендерге атаулы әрі ашық түрде, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауымен бағытталады.
Еске салсақ, Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметші теңізге кетіп, оның 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 12:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















