Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Өскелең ұрпаққа өнеге

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

Кино өнерінің аңызы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті

Кино өнерінің аңызы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бүгін қазақ елі Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды. Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында өткен қоштасу рәсіміне мыңдаған адам жиналды.

Қаралы жиында Мемлекет басшысының көңіл айту хатын Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин оқыды. «Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады», - делінген Президент жеделхатында. 

Асанәлі Әшімов кино өнерінің аңызы, театрдың тарланы еді. Қоштасу рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері қатысты. Қаралы қауым, ұлтқа ұйытқы болған абыз ақсақалдың өмірі мен өнері жайлы естеліктер айтып, қазақ халқына, марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Ерлан Қарин, ҚР мемлекеттік кеңесшісі:

- Өзі асқақ асқар еді. Өзі де ірі, сөзі де ірі, ісі де ірі болатын. Осындай нар тұлғалардан үлгі алып біз де ірі болайық. Алып тұлғалардың лайықты жалғасы болайық. Бір болайық, биік болайық. Асанәлі ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Ағамыздың өмірдегі, өнердегі жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Сұлтан Раев, Түрксой халықаралық ұйымының бас хатшысы:

- Асанәлі аға бұл тек қана ұлы талант емес, Асанәлі аға біздің тарихымыздың символы. Асанәлі аға өнеріміздің, біздің мәдениетіміздің жүзі қатарлы. Дүниежүзі қазақ елін Асанәлі ағаның жүзімен таныды. Асанәлі ағамыздың жүзі ұлы қазақ елін дүниеге жайылтты. Сондықтан бүгінгі жоғалтуымыз орны әлбетте ауыр. 

Бүгін Алматыда күн ерекше суық. Желтоқсанның аязы буып тұр. Соған қарамастан Асанәлі Әшімовпен бақұлдасып, соңғы сапарға шығарып салуға келгендерде есеп жоқ. Бұл да өнер алыбына деген құрмет болса керек. 

Себебі ол театр сахнасында жарқырап, киноның жарық жұлдызына айналды. Режиссерлік қыры бір бөлек. Ұстаздық етті, шәкірт тәрбиеледі. Қоғамдық өмірден тыс қалмады. Кітап жазды, күнделік жүргізді.  Бұл ұлт мәдениетінің мол олжасы.

Меруерт Өтекешова, Қазақстанның халық әртісі:

- Өкінішті-ақ, әлі де алда театрдың 100 жылдығы, біз армандадық, сол ағамыз алда болып, біз артында болып, театрдың 100 жылдығын қарсы алсақ деп. Алланың жазғаны солай болды. Қалай болғанда да Асанәлі аға үлкен із қалдырды. 

Карима Сахарбаева , өнертанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері: 

- Қай жағынан алсаңыз да бұл қазақтың бағына біткен жұлдыз. Қазақ деген халықтың деңгейін жоғарыға шығарып кеткен тұлға. Сондықтан Асанәлі Әшімовтің аты ешқашан ұмытылмайды. Қазақ әруақытта осындай пәни ғұмыры біткенімен бақилық ғұмыры бар осындай азаматтармен мақтанып жүруіміз керек. 

Ас-аға соңғы сұқбаттарының бірінде «Өмірге өкпем жоқ» деген еді. Өнердегі жолы жарқын болса да, талай сынды тосқан тағдырына өкпесін айтқан емес. О дүниелік болған өнердегі ұстаздарын – Шәкен Аймановты, Сұлтан Қожықовты, Кәукен Кенжетаевты жиі еске алатын. Енді өзі де сол келместің кемесіне бет бұрды. Қазақ елі саналы өмірі сахнада өткен аяулы ұлына соңғы рет қол соғып, құрмет көрсетіп мәңгілік сапарға шығарып салды. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 05:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see127

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see120

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Өскелең ұрпаққа өнеге

22 Қыркүйек 2026 03:29see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары