Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Жылуыңды жаз қамда

Жылуыңды жаз қамда

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Өңірде осы мақсатқа биыл ондаған миллиард теңге бағытталған. Бұл – бір маусымдық мәселені шешуге емес, жылдар бойы қордаланған коммуналдық түйткілді тарқатуға арналған ауқымды жұмыс.

Қыс келгенде коммуналдық салаға жұрттың назары бірден ауады. Үйге жылу кеш кірсе, құбыр жарылса немесе қазандық істен шықса, оның салдары бірден сезіледі. Ал жазда жылу жүйесіне көпшілік аса мән бере бермейді. Негізінде, қысқы жылудың тағдыры дәл осы жаз айларында шешіледі. Өңірде орталықтандырылған жылумен 3 қала мен 5 аудан қамтылған. 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 14,5 млрд теңгеге 32 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұған қоса, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде тағы 15,8 млрд теңгеге 6 жоба қолға алынған. Яғни әңгіме бір-екі қазандықты жөндеумен шектелмейді. Мұнда тұтас жылу инфрақұрылымын жаңарту мәселесі тұр.

Жылу жүйесінің ахуалын құбырлардың ұзындығы ғана емес, олардың тозу деңгейі де көрсетеді. Абай облысында жылу желілерінің жалпы ұзындығы 409 шақырым болса, оның 325 шақырымы Семей қаласына тиесілі. Ал желілердің тозу деңгейі қазір 55,6 пайыз шамасында. Бұл – елеулі көрсеткіш. Өйткені жылу желісінің тозуы артқан сайын апат қаупі де, жылу жоғалту көлемі де көбейеді. Сондықтан биыл облыста 6,4 млрд тең­геге 38 шақырым жылу желісін ауыстыру жұмыс­тары жүргізіліп жатыр. Жаңғырту жұмыстары аяқ­талғаннан кейін өңірдегі жылу желілерінің тозу дең­гейін 55,6 пайыздан 52,3 пайызға төмендету көз­делген. Семей қаласында бұл көрсеткіш 58,2 па­йыздан 54,1 пайызға дейін азаймақ.

Абай облысының жылу жүйесі сөз болғанда Семей қаласын айналып өту мүмкін емес. Өйткені облыстағы жылу инфрақұрылымының негізгі бөлігі осы шаһарға шоғырланған. Қалада 1 жылу электр орталығы мен 20 қазандық жұмыс істейді. Қазір оның 18-і алдағы маусымға толық дайын. Қалған екі қазандықтағы жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал Семейдің жылу жүйесінің негізгі нысанының бірі – №1 жылу электр орталығы. Тарихы өткен ғасырдың 30-жылдарынан басталатын кәсіпорын бүгінде қаланың мыңдаған тұрғыны мен жүздеген нысанын жылумен қамтамасыз етіп отыр. 1934 жылы пайда­лануға берілген орталықтың орнатылған қуаты – 374 Гкал/сағ, ал қолданыстағы қуаты – 276,4 Гкал/сағ.

Мұнда 433 көпқабатты тұрғын үй, 56 әлеуметтік нысан, 30 бюджеттік ұйым және 673 коммерциялық кәсіпорын жылу алады. Абоненттердің жалпы саны – 27 410. Орталықтың өзіне тиесілі жылу желілерінің ұзындығы да аз емес – 102,691 шақы­рым. Мұндай ауқымдағы нысанның жұмысы тоқ­таса, оның салдарын бір ғана мекеме емес, тұтас қала сезінері анық. Сондықтан мұнда қысқы маусымға дайындықтың әр кезеңі ерекше маңызға ие. Облыс әкімі Берік Уәли жылу нысандарының алдағы маусымда тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуі басты міндет екенін атап өтті.

– Биыл жылу қазандығына байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын ерте бастадық. Соның арқасында ерте аяқтап отырмыз. Аяқасты күн суытқан жағдайға 100 пайыз дайынбыз. Барлық жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Мамандар жұмыс барысын жаз бойы тұрақты бақылауда ұстады. Конкурстық рәсімдер ерте бітті. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, қазір кез келген уақытта жылу беруге дайынбыз, – деді аймақ басшысы.

Жылу энергетикасындағы жұмыстың нәтижесін тек қазандықтардың көрсеткішімен өлшеу жеткіліксіз. Оның шынайы бағасы тұрғынның үйіндегі жылудан көрінеді. Осы тұрғыдан алған­да, әлеуметтік нысандардың дайындығы да маңыз­ды. Бүгінде білім беру және әлеуметтік қорғау нысандары 100 пайызға, денсаулық сақтау нысандары 97 пайызға, тұрғын үй қоры 98 пайызға дайын. Бұл көрсеткіштер жылу маусымының ең жауапты кезеңіне санаулы уақыт қалғанын көрсетеді.

Семейдегі жылу жүйесін жаңғырту жұмыс­тарының тағы бір маңызды бағыты – «343 квартал» орталық жылыту пунктін қайта жаңғыртудан өткізу.

Жоба аясында нысан ғимараттарын «Силикат­ный» сорғы станcасына ауыстыра отырып жаңғырту көзделген. Мұнда жалпы ұзындығы 0,84 шақырым жылу желісін ауыстыру қарастырылған. Қазір жылу камерасын монтаждау жұмыстары және орталық жылыту пункті ғимаратының ішіндегі құрылыс жұмыстары аяқталған. Ал 6 желілік сорғы мен 2 жылу алмастырғышты орнату жалғасып жатыр. Бұл нысан 12 көппәтерлі тұрғын үй мен 24 коммерциялық нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Мұнда 822 абонент бар. Ал «Силикатный» сорғы стансасына 16 көппәтерлі тұрғын үй, 37 коммерциялық нысан, 16 жеке сектор және 8 әлеу­меттік нысан қосылған. Абоненттер саны – 695. Бір қарағанда, бұл цифрлар қарапайым статистика секілді. Алайда әр санның артында нақты тұрғын, отбасы, кәсіпкерлік нысан, әлеуметтік мекеме тұр.

Биыл Семей үшін тағы бір жаңалық бар. Қала тұрғындары жаз мезгілінде алғаш рет ыстық сумен қамтылды. Бұл жылу жүйесін жаңғыртудың тек қысқы маусымға дайындықпен шектелмейтінін көрсетеді. Коммуналдық инфрақұрылымның сапасы артқан сайын оның тұрғындардың күнделікті тұрмысына берер пайдасы да көбейеді. Бүгінде облыста атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы аз емес. 14,5 млрд теңгеге 32 жоба, ұлт­тық жоба аясындағы 15,8 млрд теңгелік 6 жоба, 6,4 млрд теңгеге жаңартылып жатқан 38 шақы­рым жылу желісі – мұның бәрі бір мақсатқа то­ғысады. Ол – қысты жылусыздықсыз қарсы алу. Бірақ мәселе мұнымен бітпейді. Тозу деңгейін төмендету бір күннің жұмысы емес. Коммуналдық инфрақұрылым үздіксіз жаңартуды қажет етеді. Бүгін ауыстырылған құбыр ертеңгі онжылдықтың кепілі болуы үшін жұмыс сапалы орындалуы шарт. Сондықтан қыркүйек айының соңына дейін да­йындықты толық аяқтау – меженің бірі ғана.

Эльмира ЖҮРСІНБЕКҚЫЗЫ,

Абай облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қыркүйек 2026 06:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары