Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Сахнадағы әрбір рөлдің өз бағасы, өз орны бар Ерлан Мамаев

Сахнадағы әрбір рөлдің өз бағасы, өз орны бар Ерлан Мамаев

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

– Ерлан аға, өнер жолына қалай келдіңіз? Өзіңіз актер болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба, әлде біреулердің ықпалы, оқиғасы әсер етті ме?

– Балалығымнан өнер жолын аңсап, армандадым дей алмаймын. Керісінше, оқушы кезімде өзге салада қызмет етемін деп ойлайтынмын. Өйткені бала кезімнен өнер мектебінде білім алып, өнердің қаншалықты қиын әрі жауапкершілігі мол жол екенін ерте бастан түсіндім. Оның қиындығын өз көзіммен көріп, сезіндім. Марқұм әкем менің басқа салада білім алуымды қалап, әрдайым «мектептегі өнер бір басқа, ал өмірде өзге мамандық меңгеру керек» деп айтып атыратын. Өзімнің де өнерге деген құлшынысым болмады. Алайда «адамның ойлағаны емес, Алланың жазғаны болады» дегендей, өмірдің өзі мені осы ортаға әкелді. Тағдырдың маңдайыма жазғаны осы болар. Себебі, әскердің өзінде де өнерден алшақтай алмадым. Ондағы бүкіл мәдени шараға араластым. Сөйтіп, әскерден оралғанымда басқа салада еңбек етемін деп жоспарладым, бірақ өмір мені тағы өнерден алыстатпады.

Кейін Алматы қаласындағы Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдап, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың класында білім алдым. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әшірбек Сығай ағамыздан тәлім алдым. Осы ұлағатты ұстаздардың тәрбиесін көріп, өнер жолымды бастадым.

Оқуымды аяқтаған кезде, 1996-1997 жылдары жас актерлерді Ақмоладағы театрға шақырды, соның ішінде біз де бармыз. Бір жылдан кейін қала Астана атауын алды. Бастапқыда біраз уақыт жұмыс істеп, кейін Алматыға қайта ораламын деп ойладым. Өйткені туған жерім де, ағайын-туғаным да, достарым да сол жақта еді. Алайда тағдыр мені Қалибек Қуанышбаев атындағы театрмен табыстырды. Содан бері осындамын, бүкіл шығармашылық ғұмырым осы театрда қалыптасты десем артықтық емес.

Театрға алғаш келгенімізде бізді Қазақстанның халық әртісі Қадыр Жетпісбаев ағамыз қарсы алып, қамқорлық етіп, көптеген рөл мен образды сеніп тапсырды. Кейін театрға Халық қаһарманы, көрнекті режиссер Әзірбайжан Мәмбетов келіп, сол кісімен қанатының астында өсіп-жетілдік. Әзірбайжан Мәмбетов – қазақ театр өнеріндегі аса ірі тұлға. Ол –Алматыдағы Мұхтар Әуезов театрының сахнасында ұзақ жыл еңбек етіп, көптеген өнер майталмандарын тәрбиелеп шығарған жан. Сондықтан оның бізге келуі – үлкен қуаныш еді. Өйткені өнер академиясында алған білімімізді шыңдап, актерлік шеберліктің қыр-сырын осы кісінің шеберханасында үйрендік. Бір сөзбен айтқанда, театр өнерінің талай құпиясын меңгердік. Сол себепті де актер ретінде қалыптасуыма Әзекеңның орны ерек еді.

Осы театрда жүріп Жастар сыйлығының лауреаты атандық, «Дарын» жастар сыйлығын алдық, кейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болдық. Бүгінде  театрдың репертуарында өзіндік қолтаңбам, ізім бар деп сеніммен айта аламын. Қалибек Қуанышбаев атындағы театры мен үшін жай ғана жұмыс орны емес, жанымның бір бөлшегі. Осы театрды еңбек етуді жазған тағдырыма алғысым шексіз.

 – Кейіпкерді сахнаға алып шығарарда қалай дайындаласыз? Оны зерттеп-зерделеу, ішкі әлемін тану процесі қалай жүреді?

– Негізі актерде «мына рөлді ойнаймын, мына рөлді ойнамаймын» деген таңдау еркіндігі бола бермейді. Сомдаған барлық образдарым – қазақ классикасы болсын, орыс немесе шетел классикасы болсын – жанымнан, жадымнан орын алған бейнелер. Олардың барлығы мен үшін өте қымбат. Себебі, әрбір рөл – менің ішкі әлемімнен, түн ұйқымды бөлген ойлардан, тебіреніс пен ізденістен туған образдар. Оның қай-қайсысы да  маған қымбат.

Оларды жақсы немесе жаман деп бөліп қарастырмаймын, себебі әрқайсысында қаншама еңбек, ізденіс, тер төгу жатыр. Біз – компьютер секілді алдын ала жазып, тоқтатып, қайта жалғастыра салатын жүйе емеспіз. Кейде шабыт та, денсаулық та, көңіл күй де сахнаға толық дайын болмай жатады. Соған қарамастан, берілген рөлді орындау – біздің міндет. Сондай сәтте жасалған әрбір образ – еңбегіңнің жемісі, сенің тарихыңның бір бөлігі. Ол театрдың шежіресінде де, сенің шығармашылық өмірбаяныңда да мәңгілікке таспаланады. Сондықтан әрбір рөлдің өз бағасы, өз орны бар.

– «Кұнанбай» қойылым өзіңізге қандай әсер қалдырды? Шығармашылық тұрғыдан өзіңізге қандай тәжірибе алдыңыз?

– «Құнанбай» спектаклі – жарты ғасырлық шығармашылық өмірімнің бір есеп беруі іспетті. Осы қойылымды театр репертуарына алып келуге өзім бастамашы болдым. Автор – Таласбек Әсемқұлов, режиссері – Болат Ұзақ.

Құнанбай бейнесін сахнада сомдағым келетін. Тіпті, бұл образды өз шығармашылық кешімде көрсетсем деп ойлағанмын. Содан көптеген еңбектерді, тарихи жазбаларды қарап, іздене бастадым. Ақыры театрмен бірлесіп, спектакльді сахнаға шығардық. Құдайға шүкір, көрермен тарапынан да жақсы қабылданып, көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Әр халықтың өз болмысын танытатын, тарихында ерекше орны бар тұлғалар болады. Сондай тұлғаның бірі – Құнанбай. Ол – Абайдай ұлы ойшылды тәрбиелеген әке, биік парасат иесі. Меніңше, Құнанбай бейнесін Абайдан да биік деңгейде тұрған тұлға.

Жалпы, өзім сомдаған әрбір бейнем өзіме қымбат. Олардың жақсы не жаман қабылдануы – көрерменнің еншісінде. Бірақ «Құнанбай» спектаклі мен үшін ерекше. Бұл қойылым – өнер жолымдағы үлкен белестің бірі.  Себебі бұл – шетелдік немесе орыс классикасы емес, қазақтың тарихы, қазақтың қаны, қазақтың болмысы. Сондықтан бұл образ менің жан дүниеме жақын болып, ерекше әсер қалдырды. Осы рөлді сомдау мен үшін үлкен жауапкершілік әрі үлкен жетістік.

– Өзіңіз сынға қалай қарайсыз және оны қалай қабылдайсыз?»

– Біздің мамандықта сын пікірдің болуы – заңдылық. Өзім сынға әрдайым оң көзқараспен қараймын, оны қабылдаймын. Әрине, сынның да өз орны бар: бір жерін қабылдайсың, бір жерін өз тәжірибеңе қарай електен өткізесің. Негізі мақтау болсын, сын болсын – бәрін де қабылдай білу қажет деп есептеймін. Себебі әр адам өз көзқарасымен айтады, ал сен оны өз ойыңмен, өз түсінігіңмен саралайсың. Сондықтан сын міндетті түрде дұрыс немесе бұрыс деп бөлінбейді. Ең бастысы – әр адамның өз ойын ашық әрі шынайы жеткізе білуі дұрыс.

– Сізді көрермендер актерлік қырыңызбен қатар Бәйтерек тобының мүшесі әрі әнші ретінде де жақсы таниды. Оған қалай келдіңіз?

– Мен үшін өнер – біртұтас әлем. Әншілік болсын, актерлік, цирк немесе балет болсын – барлығы өнердің бір саласы. Оның ешбірін бөліп-жармаймын. Оларды ешқашан бір-бірінен бөліп қарастырмаймын. 2004-2005 жылдары Нұркен, Сайлау үшеуміз ортақ шығармашылық ойымыз бір жерде тоғысып, топ ретінде «Бәйтерек» жобасын бастадық. Ол кезде актерліктен гөрі әншілікте өзімізді сынап көрмек болдық. Шүкір, әнші ретінде танылдық. Кейін  театр сахнасында, сериал мен фильмдерге түсе бастағанда да  жұрт солай қабылдады. Қазір көрермен бізді Қалибек Қуанышбаев театрның актері ретінде жақсы біледі.  

– Сіздің актерлік жолыңыз тек театрмен шектелмей, кино мен сериал саласында да жалғасын тапты. Осы бағытқа қалай келдіңіз, кинода актер болу мен театр сахнасында ойнаудың ерекшелігі қандай?

– Қазір де кино мен сериал бойынша түрлі шақыру түсуде. Әуелде  «Қазақ хандығы», «Көшпенділер» сияқты фильмдеріне түсіп, эпизодтық рөлде ойнағанмын. Кейін досым, продюсер Ақылбек Досжанов «Бақытсыздар бағы» атты 100 сериялық сериалға шақырып, осы жобадан кейін ұсыныс көбейе түсті. Соңғы жобам – «Salem Inter» платформасындағы «Тренер аға» сериалы, өзі жақсы қаралым жинап жатыр.

Театр мен киноның айырмашылығы жоқ, екеуі де – өнер. Тек орындалу стилі бөлек. Кинода театрдағыдай қатты ойнауға, дауысты көтеруге болмайды, онда табиғилық қажет. Өмірдегідей шынайы ойнау керек, себебі камера бәрін жақыннан, анық көрсетеді. Ал театрда керісінше, эмоцияны көрерменнің соңғы қатарына дейін жеткізу үшін ішкі энергияңды күшті беріп, кеңірек формада ойнауға тура келеді. Бірақ қайсысы болса да мен үшін өнердің біртұтас әлемі.

– Актер әрі әнші болмағанда, қандай мамандық иесі болар едіңіз? Ата-анаңыз өнер жолын таңдағаныңызға қарсылық білдірмеді ме?

– Өнерге келмесем, әскери қызметкер немесе физкультура, тренерлік бағытқа кетуім де мүмкін еді. Бірақ тағдыр мені өнерге әкелді. Басында әкем қарсы болған, ал анамда ондайды көрсетпеді. Нағашы жағымда өнерге жақын болғандықтан, әсер еткен болар. Кейін халықтың алдына шыға бастағанда әкем ісіме түсіністік танытып, ақ батасын беріп, қолдау көрсетті. Әрине, отбасының қолдауы өте маңызды. Өйткені халық алдында жүрген адам үшін жақындарыңның демеуі үлкен күш береді.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 16:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары