Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Сахнадағы құштарлық симфониясы

Сахнадағы құштарлық симфониясы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Құштар» деп аталатын аутизм тақырыбына негізделген қойылым ана мен баланың өмірін көрсете отырып, қоғамда инклюзия мәдениетін қалыптастыру, ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтік ортаға белсенді тартуға үндейді. Шымылдығы енді түрілген «Құштар» премьерасы – заманауи қоғамда аутизм мәселесін мәдениет тақырыбына, театр сахнасына алғаш рет енгізген туынды.

«Құштар» спектаклінің сәтті шығуы шығармашылық топқа тікелей байланысты. Өйткені актерлер елордамыздағы төрт бірдей театрдың үздіктерінен құралған. Мысалы, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры, Ә.Мәмбетов атындағы мемле­кеттік драма және комедия теа­тры, Музыкалық жас көрермен театры және Жастар театрының актерлері сан қырымен көрер­менге жарқын эмоция сыйлады. Бас кейіпкер ана образын Ә.Мәм­бетов атындағы мемле­кеттік драма және комедия театры­ның актрисасы, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүл­мира Жакилина ойнап шықса, баланың рөлін Қалибек Қуа­ныш­баев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актері Марғұлан Наменов сом­дады.

Қойылым жақын адамдардың арасында ауыр эмоцияға толы сөздің айтылуынан басталады. Туысына қарап отырып «Сенің балаңда аутизм спектрі бай­қалады» дейді бірі келіп. Оған сенбей, дел-сал күйге түскен ана­ға тағы бір жақыны келіп оны дәлелдеуге тырысады. Баланың өз есіміне мойын бұрып қа­рамауы, ойыншықтарын тізбек­теп, қаз-қатар қоюы, икемсіз қозғалысы, өз әлемінен шықпай үнсіз отыруы шынымен баланың бойындағы аутизмнің белгілері еді. Бірақ ана жүрегі оған оңай сенгісі келмей, барынша бауыр етін арашалап алғысы келді. «Ол ойыншықтарын жинағанды жақсы көреді, ойынға қызығып кеткендіктен, бұрылып қарама­ды» – ақтауға тырысқан сөздер осылай жалғаса берді. Уайымға толы ана сөзін естімеген күйі туыс­қандар дастарқан басынан тұр­ды да, қолдау білдірудің ор­ны­на кінәлап, есікті сыртынан тарс жапты. Осы тұста ыңылдап шыққан «Әлди» әнінің сүйемел­деуі ананың ішкі күйіне жан бі­ті­ріп, шынайы көрінуіне ерекше әсер етті.

Дәл осы сәтте көрермен де кейіпкердің ішкі күйіне еніп үлгерген еді. Сөйтіп, аутист баласын арқалаған ананың әр әрекетіне аянышпен қарап отырды. Өйткені кейде аутизм спектрі бар балалар ортасынан оқшауланып, өзі қатарлы бүлдіршіндермен бірге ойнай алмай тасада қалады. Дәл осы құбылыс қойылымның шарық­тау шегінде айқын көрініс тапты. Мектепке келсе қолын шошайт­қан оқушылар, ойын алаңына шықса баласын жуытпауға тырысқан ата-аналар. Мұның бәрі «өз әлемі бар» Дәуренге басқаша әсер ететін. Тіпті талай жұмыстың табалдырығын тоз­дырған ананы баласының ден­сау­лығына байланысты қабыл­дамады. Пьеса авторларының айтуынша, осындай көріністер арқылы қоғамның аутистерге көзқарасын өзгерту көзделген.

Қойылымның ерекшелігі – құрылымында. Оқиға бірізділік­пен жеткізіліп қана қоймай, бала­ның әр даму кезеңінде елі­міз­дегі аутизмге қатысты ресми ақпаратқа шолу жасалды. Мә­селен, бала мектеп жасына жет­кен тұста 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша АСБ бар 12 966 бала есепте тұрғаны туралы айтылса, бір сыныбын бітірген­нен кейін елімізде инклюзивті білім беру саласында 509 арнайы ұйым, соның ішінде 46 арнайы балабақша, 99 арнайы мектеп, 110 ПМПК, 230 түзету кабинеті, 11 аутизм орталығы және 13 оңалту орталығы жұмыс істейтіні айтылды.

Соңына таяғанда баласын құшақтаған күйі қалған ананы көріп «Неге бұлай аяқталды?» деп отырғанымызда, қойылым басындағы сахна тағы қайта­ланды да, туыстар дастарқан басына жиылды. Дәл сол сахна. «Балаңызда аутизм спектрі байқалады» деген жақынның сөзі. Бірақ режиссерлік шешім­нің нәтижесінде, қойылым жағымды эмоциямен аяқталды. Нақтырақ айтсақ, енді туысқан­дар есікті жауып кетпей, ананы айнала қоршап «Біз сізге көмек­тесеміз» деп қолдау білдіргенде, көрермен де орнынан түрегеп қолшапалағын аямады.

Бұл – аутизм тақырыбын кө­терген еліміздегі алғашқы спек­такль. Пьесаның авторы – драматург Әлішер Рахат, қойы­лым режиссері – Шырын Мұс­тафина. Қойылымды ÖzgeEpic креатив хабының, Сенат жанын­дағы Сарапшылар клубы мен «Талдау мектебі» түлектері бірігіп құрған Creativity Support Team – Креативті қолдау тобының бастамасы қойды. Жобаның жетекшісі Мақпал Жұмабай «Құштар» қойылымы арқылы заманауи қоғамдағы аутизм мәселесіне назар аудару, өнер тілі арқылы әлеуметтік теңдік пен өзара түсіністік құндылықтарын дәріптеуді мақсат еткенін айта­ды. Жоба мазмұны қазіргі қоғам­дағы өзекті мәселелерге негіз­деліп, ғылыми, әлеуметтік зерт­теу­лермен ұштасқан. 

– Қойылым психологтар, инклюзивті білім беру маман­дары, әлеуметтанушылар мен заңгерлердің қатысуымен, әлеу­меттік және ғылыми деректерге сүйене отырып жасалған. Жоба­ны жүзеге асыруға 20-дан астам кәсіби сала мамандары ат­са­лысты. Атап айтқанда, психолог­тар, отбасылық кеңесшілер, инклюзивті білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері, әлеуметтанушылар, экономистер мен заңгерлер бірлесе жұмыс істеді. Сарапшы­лар ресми деректерге сүйене отырып, зерттеу жүргізіп, өз тәжірибелері мен практикалық кейстерді бөлісті. Қойылымға 8 ай дайындалып, 20 сарапшы осының бәрін зерттеді. Реабили­тациялық орталыққа да барып, балалардың жағдайын көріп қайттық, – деді ÖzgeEpic креатив хабынының негізін қалаушы М.Жұмабай. 

Спектакльді көріп отырған әр көрермен кейіпкерлердің тағдырын жете түсініп, ерекше балалардың өміріне, олардың аналарын түсінуге бір қадам жақындады. 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 13:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары