Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Сахнадағы тың тәжірибе

Сахнадағы тың тәжірибе

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермен қауымға жаңа маусымда ерекше мәнге ие, гуманистік қуаты зор қойылым ұсынды. Уильям Гибсонның әйгілі пьесасы негізінде қойылған «Сотворившая чудо, или Что такое любовь» музыкалық драмасы – адам ерік-жігерінің шексіздігін, ұстаз бен шәкірт арасындағы нәзік рухани байланысты терең зерттейтін биік өнер туындысы.

Айтулы шығарма Мәскеуден ша­қырылған маман – қазақ қызы Гүлназ Бал­пейі­сованың отандық сахнадағы алғашқы жұмысы емес. Бұған дейін М.Ю.Лермонтов атын­дағы ұлттық орыс драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекетік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрындағы «Ақылдың азабы», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Ұлпан», «Қарагөз» спектакльдерінен кейінгі кезекті тың тәжірибесі. Спектакль әлемге әйгілі тұлға – көру, есту, сөйлеу қабілетінен айырылған Хелен Келлердің тағдыры мен оған өмірдің есігін қайта ашқан Энн Салливанның ұстаздық миссиясына құ­рыл­ған. Балпейісованың режиссерлік шешімінде осы екі кейіпкердің арасындағы қайшылық, ішкі күрес һәм біртіндеп табысқан рухани байланыс негізгі драмалық арқауға ұласады. Осылайша, қойылым өмірбаяндық деректердің сахналық нұсқасы ғана емес, адам болмысы жөніндегі кең тынысты философиялық тол­ғамға айналады. Уильям Гибсон мен Хелен Келлердің автобиографиялық желісіне сүйене отырып, режиссер өз сараптауында көрерменді адамның іштей өсуінің, рухани жарыққа ұмтылуының жаңа қырларын ашуға жетелейді. Ол туралы Гүлназдың өзі былай толғанды:

– Қойылымда әлеуметтік, адамгершілік һәм ішкі әлемге қатысты барлық маңызды тақырыптар бар. Негізгі ой – адамға аяушылық таныту емес, оған тең дәрежеде қарау. Шынайы күш – құрметте, – дейді ол. Режиссердің айтуынша, қоғамда жиі байқалмайтын, «жабық есіктердің» артында қалатын адамдардың мәселесі – спектакльдің басты өзегі. Гүлназдың пікірінше, кез келген шектеу – кемшілік емес, адамды басқа қырынан тануға мүмкіндік.

Қойылымның басты ерекшелігі – Хелен рөлін «Қанат­тылар» инклюзивті театрының есту қабілеті тө­мен актрисасы Гүлнар Есен­таеваның орындауы болды. Режиссер бұл шешім спектакльді шынайы етуге бағытталғанын айтады.

– Спектакльдің ең бағалы тұсы – шынайылығы. Біз рөлді кәсіби түрде әрі өз тә­жі­рибесінде сезіне алатын адамға тапсыруды жөн көрдік. «Қанаттылар» театрының актрисасы Гүлнар Есентаева осы талапқа сай болды. Ол әлемді басқаша сезінеді, дыбысты еден арқылы, вибрация арқылы қабылдайды. Осыны түсіну бізге басқа бір әлемнің есігін ашқандай болды. Актерлер үшін де бұл — үлкен мектеп. Олар Гүлнармен бірге қозғалыс пен ымның, тыныс пен ырғақтың тілін қайта ашты, – дейді Г.Балпейісова.

Сонымен қатар спектакльге сурдотіл маманы Айдана Жапарова қатысып, сахналық әрекеттің эмоциялық реңкін ым тілі арқылы жеткізіп отыр­ды. Оның айтуынша, инклюзивті қойылым – тек қолжетімділік емес, бірлестік.

– Әртүрлі мүмкіндігі бар актерлер бір сахнада кездес­кенде, спектакль шынайы өмірге айналады. Мен үшін бұл үлкен өнер мектебі болды. Театр актерлерінің кәсібилігі, рөлге кіріп кету жылдамдығы, сахнадағы еркіндігі мені таңғалдырды. Сурдотіл маманы ретінде менің міндетім – тек аудару емес, актердің эмоциясын дәл жеткізу. Себебі есту қабілеті төмен көрермен үшін эмоция – мәтіннен де маңызды. Қойылым барысында актерлер менің қимылымды да бақылайды, ал мен олардың ырғақ, темп, пластикасын сезінемін. Бұл — бірлескен үлкен жұмыс, – дейді ол.

Режиссер Гүлназ Балпейі­сова мен сценограф Канат Мақсұтов құрған көркемдік әлем – қарапайымдықтың ішінде күрделі символика жасырылған кеңістік. Ал сах­налық шешімдегі жарық пен түнектің диалектикасы Хеленнің ішкі әлемін ай­қын көрсетеді. Сахналық шешімдердің барлығы мини­малистік стильде орын­далған. Декорацияның әр элементі символдық мәнге ие: бос кеңістік – ішкі күресті, жарық – кейіпкердің көңіл күйін, ал дыбыс – оқиғаның тынысын жеткізеді.

– Жарық актерлермен бірге «тыныстайды», дыбыс кейде кейіпкердің жалғыздығын, кейде үмітін білдіреді. Ал үнсіздік көрерменді өз сезімін тыңдауға жетелейді, – дейді бұл шешімі турасында режиссердің өзі.

Спектакльдің музыкалық табиғаты оның драмалық өзегін тереңдетіп, Хеленнің үнсіз әлемінде тулаған сезім­дерге үн берді. Әуен бірде ауыр тыныспен тұншықса, бірде үміт сәулесіндей жар­қырап, кейіпкердің жан қақтығысын көрерменге дәл жеткізді. Қойылымда сондай-ақ хореографиялық шешім де ерекше көркемдік мәнге ие. Пластикалық қозғалыстар бас кейіпкер Хеленнің ішкі арпалысын көрінбейтін деңгейден көрінетін бейнеге айналдырып, көрерменнің көз алдында оның ішкі күресі мен ерік-жігерінің қақтығысын жанды суретке айналдырды. Әр қимыл – жүрек соғысының ырғағындай әсерлі.

Ал актерлік ансамбль жұмысы бөлек әңгіме. Спек­такльде Хелен рөлін сомдаған актриса Гүлнар Есентаева кейіпкер бейнесіне толық беріліп, сахнада шын мәнінде көрерменіне ой саларлық образ жасай алды. Оның дене қозғалысындағы дәлдік, сезім­нің пластикалық берілуі, тіпті тыныс алуының өзі кейіпкердің оқшау әлемін дәл сезіндірді.

Иә, «Сотворившая чудо, или Что такое любовь» драмасы – адамның ең үлкен жеңісі өз ішіндегі түнекті жарыққа алмастыру екенін көрсететін көркем әрі терең қойылым. Спектакль – махаббаттың емдейтін, тәрбиелейтін, өмір­ге қайта әкелетін ұлы күш екенін дәлелдейтін сахналық туынды. Тоқетерін түйсек, режиссер Гүлназдың сөзін, сурдотіл маманы Айдананың сезімін тыңдай отырып, бұл спектакльдің басты құпиясын түсінгендей боласың. Олар бір әлемді екінші әлеммен тоғыстырған жоқ, олар екі әлемнің арасына көпір салды.Сахнада жарық қозғалғанда – жүрек қоса қозғалды.Үн­сіздік орнағанда – сыр ашыл­ды. Актерлер қолын соз­ғанда – көрерменнің жан дүниесіне тиіп өтті. Демек бұл қойылымның мақсаты – көрмейтіндерге жарық сыйлау емес, көріп жүрген бізді өмірге басқа көзбен қайта қарауға үйрету деп түйдік. Спектакльдің басты құндылығы да осында, біздіңше.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары