Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Кеше «Астана Балет» театрының сахнасында Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының мерейтойлық кеші өтті. Бұл ерекше іс-шара – аты аңызға айналған өнер ордасының 80 жылдығы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде өткен гастрольдік турдың қорытындысы болды.

Аса бай тарихы мен дәстүрі бар ұжым бұл мерейлі датаны бас қала төрінде атап өтуді жөн көріпті. Мерейтойлық кеш театрдың негізін қалаған тұлға Наталия Сацтың шығармашылық мұрасына тағзым етуге арналды. Аңызға айналған ұжымды мерейтойымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Президенттің құттықтау хатын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.

«Сіздердің сан қырлы шығармашылық­тарыңыз еліміздің мәдени дамуына, қоғамымызда жасампаздық пен гуманизм құндылықтарының орнығуына айрықша үлес қосып келеді. Мемлекет театрды мәдениет ошағы, өнер мен адамға адал қызмет етудің рухани кеңістігі ретінде қабылдайтын көзқарастарыңызды жоғары бағалайды. Театрдың кең ауқымды қайта жаңғыртылуы жаңа көркем идеяларды жүзеге асырып, көрермен ықыласына бөленетін әсерлі қойылымдар жасауға тың мүмкіндіктер ашады деп сенемін. Көрермендердің шынайы қуанышы мен алғысы сіздерді Қазақстан игілігі жолындағы жаңа биіктерге жетелей берсін. Барша ұжымға шығармашылық шабыт, толайым табыс және театрдың одан әрі өркендей беруін тілеймін», – делінген Президент құттықтауында.

Сонымен қатар 7 қараша – ұжымның құрылған күнімен тұспа-тұс келген салтанатты кеште театр қызметкерлеріне Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалар табыс етілді. Атап айтқанда, Олег Гостев «Парасат» орденімен, Раиса Лешева мен Мақсат Сахиұлы «Құрмет» орденімен, Айдар Құрманбаев, Инна Поротикова, Марина Самбетбаева және Артём Селезнёв «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ Александр Русиновичке «Шапағат» медалі, Анна Кузембаеваға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Марапаттарды Мемлекет басшысының атынан Аида Балаева табыс етті.

Театрдың тарихы мен дәстүрін дәріп­­теген айтулы шара одан әрі SATS ComUnity балалар студиясының тәрбие­лену­­ші­лері сахналаған «Тарих хаттары» атты театр­ландырылған миниатюра көрсетілі­міне ұласты. Бұл қойылым – ұлт пен ұрпақ сабақтастығын, театрдың өткен жолы мен бүгінгі биігін бейнелейтін көркем дүние ретінде көзіқарақты театрсүйер көрермен қауым көңілінен айрықша орын алды. Балалардың жүрек жылуы мен таза пейілі арқылы сахнаға шыққан қойылым театр тарихына деген құрмет пен алғыстың нышанындай әсер сыйлады.

Сондай-ақ елорда көрермендеріне театрдың негізін қалаушының өміріне негізделген «САЦ» спектакль-реконструкция­сы ұсынылды. Қойылымда Қазақстандағы алғашқы балалар мен жасөспірімдер театры­ның ашылуы қарсаңындағы дайындық бары­сы бейнеленген. 

Сахналық шешім мен режиссерлік ізденіс көрерменді өткен ғасырдың рухына жетелей отырып, мәңгі жас өнердің құдіретін сезіндірді. Қойылымда Наталия Сац рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ресейдің «Дружба» орденінің кавалері Татьяна Тарская сомдады. Ал қойы­лым режиссері – Ресейдің «Золотая маска» театр сыйлығының лауреаты Галина Пьянова.

Режиссер атап өткендей, бұл қойылым – Наталия Ильинична Сацтың шығар­машылық мұрасына құрмет көрсету аясында сахнаға шықты. Өйткені Наталия Сац театрының 80 жылдық мерейтойы – тек бір ұжымның ғана емес, тұтас театр өнерінің, мәңгілік сахна рухының салтанаты.

Галина Пьянова: «Бұл қойылым – Наталия Ильиничнаға деген сүйіспенші­лік пен ілтипаттың көрінісі. Ол балалар театрының негізін қалап, бірнеше буынды тәрбиелеген ұлы тұлға», десе, бас кейіпкер бейнесін кемеліне келтіре кейіптеген актриса Татьяна Тарская: «Ол – ұлы режиссер, орасан талант иесі. «Тәрбиелеу – адамның тағдырын шешу» деген оның сөзі – менің сүйікті дәйексөзім. Сац өз өмірін театр мен жас ұрпақ тәрбиесіне арнады» деп тұлғаға деген құрметін әсерлене әңгімеледі. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see153

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see151

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see144

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see129

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see127

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see124

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see123

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see121

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see120

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see120

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see120

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see119

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see119

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see117

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see117

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see117

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see117

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see116

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары