Атырауды тағы да шаңды дауыл басты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Атырау қаласында бүгін тағы да шаңды дауыл көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қатты жел шаң-тозаңды аспанға көтеріп, қала көшелерінде көріну деңгейі нашарлады.
Бұл жағдай қала тұрғындары үшін соңғы уақыттағы қолайсыздықтардың бірі болып отыр. Бұған дейін атыраулықтар қалада жағымсыз иістің таралуына шағымданып, ауа сапасына алаңдаған еді.
Жаз мезгілінде өңірде қамыс өрттері де тіркеліп, түтін мен жағымсыз иіс қала тұрғындарына жаз бойы қолайсыздық туғызған еді. Ал шаңды дауыл кезінде ауадағы шаң-тозаңның көбеюі жағдайды одан әрі қиындата түсуде.
Тұрғындар әлеуметтік желілерде ауа сапасына қатысты мәселелерді жиі көтеріп, қаладағы экологиялық жағдайға байланысты нақты шаралар қабылдануын сұрап келеді.
Атырауда ауа сапасына қатысты мониторинг жұмыстары жүргізілгенімен, шаңды дауыл, өрт түтіні мен жағымсыз иіс мәселесі еш шешілер емес. Дәрігерлер тұрғындарға далаға шықпауды, қажеттілікпен далаға шыққан жағдайда бетперде киюді ұсынып отыр. Мамандар шаңды дауылдардың қолқа, өкпе, демікпеге шалдыққандарға кері әсер ететінін айтуда.
Баян Жанұзақова
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:105
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 17:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















