Тоқаев Каспийдегі әскерилердің қазасына көңіл айтты
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде әскери қызметшілерді толқын теңізге ағызып әкеткені хабарланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, теңізге 19 әскери қызметші ағып кеткен. Қазіргі уақытта 9 әскери қызметшінің қаза тапқаны тіркелді. Үш адам құтқарылды, оның ішінде біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Одан бөлек, Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қайғылы оқиғаның себептерін тергеп-тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 17:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















