Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жемісті жеті жыл

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Каспийдегі трагедия 11 жылдан кейін қайталанды: 2015 жылғы жаттығуда не болды

Каспийдегі трагедия 11 жылдан кейін қайталанды: 2015 жылғы жаттығуда не болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақтауда Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде бүгін, 24 қыркүйекте тоғыз әскери қызметшінің қаза табуы осыдан 11 жыл бұрын Каспийде болған тағы бір қайғылы оқиғаны еске түсірді. 2015 жылғы 18 қыркүйекте "Орталық-2015" оқу-жаттығуы кезінде теңізге төрт әскери қызметші батып кеткен болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

11 жыл бұрын Ақтауда "Орталық-2015" оқу-жаттығуының екінші кезеңі өткен болатын. Теңіз десантын түсіру эпизоды кезінде бортында 52 әскери қызметшісі бар алты БТР-80 теңізге шыққан. Жаттығулар "Оймаша" полигонынан шамамен бес шақырым жерде өткен.

lada.kz мұрағатынан алынған фото
Теңізбен 150 метрдей жүріп өткеннен кейін, қатты жел мен көтерілген биік толқынның салдарынан техника суға бата бастаған. Соның салдарынан төрт әскери қызметші қаза тапты.

Сол кезде Қорғаныс министрі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов оқиғаның егжей-тегжейі мен себептерін толық анықтау үшін шұғыл түрде арнайы топ құрып, оқиға орнына ұшып баруды тапсырды.

Сол күні қаза тапқан төрт әскери қызметшінің есімдері белгілі болды: 19 жастағы Бауыржан Жолдабай, ол Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы) Созақ ауданынан шақырылған, сондай-ақ оның құрдасы Асылжан Махамбетов Атырау облысы Құлсары ауданынан, 23 жастағы Замир Әділов Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан және 19 жастағы Бағытжан Қалыбай, ол Атырау облысы Мақат кентінен қызметке шақырылған болатын.

Асылжан Махамбетов пен Бағытжан Қалыбайдың әскерден қайтуына бір ай қалған еді.

2015 жылғы 19 қыркүйекте төрт әскери қызметшінің қаза болу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабы 2-бөлігі – "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мұрағаттық фотосы

Жұмыс нәтижелері мен алдын ала тергеу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Мұрат Нұғмановты қызметінен шеттету және оны қызметтен босату туралы шешім қабылдады, сондай-ақ "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы полковник Ризат Қолпашевты, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары полковник Мерген Қапашевты, теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі подполковник Ербұлат Толықбаевты қызметінен босатты.

БАҚ Ақтауда суға кеткен теңіз жаяу әскерлерінің фотосын жариялады

2015 жылғы 21 қыркүйекте қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мемлекеттік бюджеттен материалдық өтемақы ретінде 1,5 миллион теңгеден алатыны белгілі болды.

2015 жылғы қазанда Қорғаныс министрлігінде алқа мәжілісі өтіп, онда әскери қызметшілердің қаза болуын тергеу қорытындылары айтылды. Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы Ақтаудағы төтенше жағдайдың мән-жайын талдады.

Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісі - 2015 жыл. Ведомствоның баспасөз қызметінің фотосы

Негізгі себептер ретінде ережелерді сақтамау және алгоритмдердің орындалмауы, жеке құрамның дайындығының жеткіліксіздігі және бақылаудың әлсіздігі аталды.

Ақтауда әскерилердің қаза болуын тергеу барысы Қорғаныс министрлігінде талқыланды

2,5 жыл түрмеден шартты мерзімге дейін: кінәлілер қалай жазаланды?

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан бір жыл өткен соң – 2016 жылғы 25 қарашада – Ақтауда жаттығу кезінде төрт мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болуына қатысты іс бойынша үкім шықты. Ол кезде сот алдында лауазымды тұлғаларды қосқанда алты адам жауап берді.
Олардың барлығына ҚР ҚК 453-бабының 2-бөлігі бойынша "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау".

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының экс-қолбасшысы полковник Мұрат Нұғмановты, теңіз жаяу әскерлері бригадасының бұрынғы командирі подполковник Ербұлат Толықбаевты және 25744 әскери бөлімі теңіз жаяу әскерлері командирінің орынбасары Рашид Жылқайдаровты сот жазасын қоныс колониясында өтеумен 2,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

25744 әскери бөлімінің екінші батальоны бесінші ротасының теңіз жаяу әскерлері екінші бөлімшесінің командирі, кіші сержант Абай Баймұратов жазасын қоныс колониясында өтеумен 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

25744 әскери бөлімінің теңіз жаяу әскерлері взвод командирі, аға лейтенант Бауыржан Төлегенов пен 25744 әскери бөлімінің екінші батальоны бесінші ротасының теңіз жаяу әскерлері үшінші бөлімшесінің командирі, кіші сержант Ерасыл Көбеген кінәлі деп танылып, алты айға бас бостандығынан айырылды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, нәтижесінде судья оларға шартты мерзім тағайындады. Іс Ақтау гарнизонының әскери сотында қаралды.

Еске салсақ, бүгін, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкетті. Төтенше жағдай Каспий теңізінің жағалауында ауа райының күрт бұзылуы мен желдің күшеюі аясында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 19 әскери қызметшіні теңіз толқыны алып кеткен. Олардың тоғызы қаза тапты, үшеуі құтқарылды, олардың бірі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары жіберілді.

Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 16:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see122

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see121

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see119

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see118

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see116

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see115

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see111

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары