Джей Ло, Backstreet Boys және басқалары: жұлдыздардың концерттері Астанаға қанша табыс әкелді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Джей Ло, Backstreet Boys және басқа да артистердің концерттері Астанаға шамамен 19 миллиард теңге жиынтық табыс әкелді. Бұл туралы Астана мәслихатының сессиясында қала әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Life.
Елордаға табыс әкелген кімдер?
Талғат Рахманбердінің айтуынша, төрт ірі концерттің өткізілуі елордадағы "іс-шара туризмінің" дамуына септігін тигізген факторлардың бірі болды.
"Тек біздің мәліметіміз бойынша, төрт концерттің өткізілуі қаламызға шамамен 19 миллиард теңге көлемінде жиынтық табыс әкелді. Бұл 40 миллион доллардан аса қаражат. Бұл біздің салықтар, біздің коммерсанттар, бизнесмендер, қонақүйлер, мейрамханалар мен дәмханалар", – деді әкім орынбасары.
Ірі іс-шаралар қатарында ол Дженнифер Лопес, Энрике Иглесиас пен Backstreet Boys концерттерін, сондай-ақ Alem Fest фестивалін атап өтті.
Концерттер туралы толығырақАталған шаралар – кейінгі екі жылда елордада өткен ең ірі музыкалық концерттер.
Дженнифер Лопестің концерті Астанада 2025 жылғы 1 тамызда өтті. Концертте қандай тосынсыйлар болғаны және қазақстандықтардың не жазғаны туралы мына жерден оқуға болады.
Жанкүйерлер тек музыка мен шоуды ғана талқылап қоймады. Көбі 56 жастағы әншінің физикалық бабына назар аударып, өнер көрсетуінен кейін өздерінің де спортпен шұғылданып, тамақтану мен күн тәртібін қайта қарағысы келгенін мойындады.
2025 жылғы 21 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы өнер көрсетті. Сол кезде әлеуметтік желі қолданушыларының назарын артистердің концерт алдындағы бос уақытын өткізу бағдарламасы аударды.
Ал арада бір жылға жуық уақыт өткенде елордада Энрике Иглесиастың шоуы өтті. Кейінірек ол әсерлі видео жариялады.
Әншінің концерті алдында Мәдениет және ақпарат министрлігі Энрике Иглесиастың жанкүйер қыздармен сүйісуі мәселесі "пысықталатынын" айтқан болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:81
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 16:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















