Садраддин Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға байланысты концерттерін кейінге шегерді
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әнші Садраддин Маңғыстау облысында болған қайғылы жағдайға байланысты Алматыда өтетін концерттерінің күнін ауыстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 26 қыркүйекке жоспарланған концерт 27 қыркүйекке, ал 27 қыркүйекте өтуге тиіс концерт 28 қыркүйекке ауыстырылды.
– Құрметті алматылықтар, қала қонақтары, тыңдармандарым! Маңғыстау облысында орын алған қайғылы жағдайға байланысты 26 қыркүйекке жоспарланған концертім 27 қыркүйекке, ал 27 қыркүйекке жоспарланған концертім 28 қыркүйекке ауыстырылатынын хабарлаймыз, – деп жазды Садраддин.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Реси дерек бойынша, 17 әскери қызметшіні теңіз ағысы алып кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:81
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 13:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















