Назарбаев Маңғыстау облысындағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы қайғылы жағдайға байланысты марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады экс-президенттің баспасөз қызметі.
"Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Тұңғыш президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңіз толқыны ағызып әкетті. Олардың 12-сі көз жұмды, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:59
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 17:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















