27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Павлодар облысында мал иелері жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жол бойында қараусыз жүрген мал – жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Мұндай жағдайлар жол-көлік оқиғаларына себеп болып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері малды қараусыз қалдыру фактілерінің алдын алу және анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді. Рейд барысында жануарларды тиісті түрде бағуды қамтамасыз етпей, қараусыз қалдырған мал иелері анықталуда.
Мәселен, "Павлодар–Астана" автожолының 168-шақырымында полиция қызметкерлері қараусыз жайылып жүрген жылқыларды анықтады. Оқиға орнында малшы да болмаған.
Сондай-ақ "Павлодар–Русская Поляна" автожолының 6-шақырымында қараусыз жүрген жылқылар анықталды. Полиция қызметкерлері мал иелерін анықтап, жануарларды айыппұл тұрағына орналастырды. Мал иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жыл басынан бері Павлодар облысында 27 148 бас мал айыппұл тұрағына қамалды. Мал жаю талаптарын бұзған 1 794 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмауды және олардың жайылымнан елді мекендер аумағына немесе автомобиль жолдарына шығып кетпеуін қатаң бақылауды ескертеді.
Мал иелері жануарларды тиісті күтіммен қамтамасыз етіп, белгіленген тәртіппен бағуға, сондай-ақ олардың жолдың жүріс бөлігіне шығуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Жол маңында қараусыз жүрген мал анықталған жағдайда жүргізушілерге де барынша сақ болып, жылдамдықты төмендетіп, жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау ұсынылады. Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Жүргізушілердің қырағылығы мен мал иелерінің жауапкершілігі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 18:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















