АҚШ Украинаға арналған әскери көмек пакетіне Patriot зымырандарын қоспады БАҚ
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Киевтің қосымша жеткізу туралы өтінішІне қарамастан АҚШ Украинаға әскери көмек пакетіне Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды қоспады, деп хабарлайды Reuters агенттігі ақпараттан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі БҰҰ отырыстарында Еуропа көшбасшылары АҚШ президенті Дональд Трампты Киевке Patriot кешендеріне арналған қосымша зымырандар жеткізуге көндіруге тырысатынын хабарлаған.
"Әскери техника тізіміне Patriot зымырандары енгізілмеді... Ирандағы қақтығыс пен Украинадағы дағдарыс әлемдегі Patriot зымырандарының қорын сарқып тастады, ал Киев әуе қорғанысы зымырандарын қосымша жеткізуді табанды түрде сұрап отыр", – делінген ақпаратта.
Дереккөздердің айтуынша, Трамп әкімшілігі Конгресс Украинаға әскери көмек көрсетуге бөлген 400 миллион долларды пайдалануды жоспарлап отыр. Алайда Украина Қарулы Күштерінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандарының тапшылығына қарамастан тізімге Patriot кешендеріне арналған зымырандар енгізілмеген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 13:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















