Patriot зымырандарын Украинада өндіру екіталай БАҚ
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандар Украинада шығарылмайтын болуы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Жаңа тосқауылдаушы зымырандар Украина аумағында Ресейдің ықтимал соққыларына нысана болмас үшін Германияда немесе Еуропаның басқа бір елінде өндірілуі мүмкін", – делінген хабарламада.
Сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Анкарадағы саммиті аясында Владимир Зеленскиймен кездесті. Келіссөз барысында Трамп Украинаға Patriot жүйелерін өндіруге лицензия берілуі мүмкін екенін мәлімдеген.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, мұндай лицензия негізінде өндіріс әзірге тек Жапония мен Германияда жолға қойылған.
Мәскеу бұған дейін бірнеше рет Батыс елдеріне Киевке қару-жарақ жеткізу жағдайды өзгертпейтінін, тек қақтығысты созатынын ескерткен. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұндай кез келген әскери жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын атап өткен болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 12:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















