Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Елордалық оқушы Tiktok және Youtube көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласындағы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сетқазы Мирас TikTok және YouTube платформаларындағы қысқа видеолардың балалардың зейініне ықпалын зерттейтін нейрожоба әзірледі.
Жобаның мақсаты – қысқа видеоларды көру уақыты мен зейін тұрақтылығы арасындағы байланысты тәжірибе арқылы анықтау.
"Зерттеу барысында оқушылардың экран уақыты талданып, сауалнама жүргізіледі. Сондай-ақ Шульте кестесі мен Бурдон түзету сынамасы арқылы зейінді шоғырландыру жылдамдығы, тұрақтылығы мен дәлдігі бағаланады", - деп жазылған хабарламада.
Жоба аясында қысқа бейнелерді көруге дейінгі және кейінгі нәтижелер салыстырылып, мидың мадақтау жүйесі мен дофаминнің рөлі қарастырылады. Оқушы зерттеу нәтижелерін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге және себеп-салдар байланысын асыра бағаламауға мән береді.
Жобаның практикалық нәтижесі ретінде цифрлық гигиена ережелері, жадынама мен ақпараттық буклет әзірлеу жоспарланған. Бұл материалдар оқушыларға экран уақытын саналы басқаруға және сабақ кезінде зейінін шоғырландыруға көмектеседі.
Жобаның негізгі мақсаты – смартфоннан бас тарту емес, цифрлық технологияны тиімді пайдаланып, зейінді басқару дағдысын қалыптастыру, дейді әкімдікте.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:120
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 10:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















