Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов еліміздің қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысының институттардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру және өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттары бойынша бірлескен қадамдар әзірлеу мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Халық Кеңесінің мүшелері өңірлік Қоғамдық кеңестермен тығыз байланыстың маңыздылығын атап өтті. Конституциялық заңға сәйкес,  Халық Кеңесінің қызметі жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай серіктестік бірден бірнеше салада белсенді жұмыс істеуге бағытталған.

 «Мемлекет басшысы өңірлермен қоғамдық кеңестер арқылы берік байланыс орнату міндетін қойды. Бұл бізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр адамның пікірі ескеріліп, әр азамат елдік мәселелерді талқылауға өз үлесін қоса алады. Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу. Алдағы уақытта осындай басқосуларды тұрақты түрде өткіземіз. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өздеріңізбен бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз», – деді Ерлан Қошанов.

Қоғамдық сараптаманың әлеуетіне – еліміздің түкпір-түкпіріндегі 228 кеңес пен 3,5 мыңға жуық қатысушының тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан Халық Кеңесінің міндеті – өңірлерден келіп түсетін сан алуан ұсыныстар мен мәселелерді жалпыұлттық күн тәртібіне біріктіріп, нақты шешімдер әзірлеу. Осы мақсатта бейінді комитетке Хатшылықпен бірлесіп, деректерді тұрақты түрде жинау тетігін жолға қою тапсырылды. Жүйелі проблемалардың бірыңғай картасын жасау өңірлік сын-қатерлерді нақты көруге және қандай мәселелер бойынша жұмыс тәжірибесін өзгерту, Үкімет шешімдерін қабылдау немесе заңдарға түзетулер енгізу қажет екенін жедел айқындауға мүмкіндік береді.

2015 жылы қабылданған қолданыстағы «Қоғамдық кеңестер» туралы заңға кешенді түгендеу жүргізу қажеттігін айта отырып, Халық Кеңесінің Төрағасы оның нормаларын Халық Кеңесі туралы Конституциялық заңмен байланыстыру үшін бейінді комитет жанынан арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

Сонымен қатар шешімдер қабылданғанға дейін міндетті қоғамдық сараптама жүргізу мен ықтимал тәуекелдерді бағалауды көздейтін «нөлдік оқылым» тетігіне ерекше назар аударылды. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік актілерді әзірлеу кезінде бұл тәсілді қолдану маңызды екені атап өтілді. Қоғамдық кеңестердің алдындағы нақты жауапкершілікті арттыру мақсатымен мемлекеттік органдардың басшыларына олардың ұсынымдарының орындалуы бойынша кеңестер алдында жеке есеп беру міндетін заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылды. Сондай-ақ өңірлердегі үздік тәжірибелерді кеңінен тарату және ортақ мәселелерді бірлесіп шешу үшін қоғамдық кеңестер арасындағы көлденең ынтымақтастықты дамыту маңызды міндеттер ретінде айқындалды. Бұдан бөлек, өңірлердегі нақты ахуалды көрсететін әрі жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастыруға сенімді негіз болатын жыл сайынғы талдамалық «Қоғам баяндамасын» әзірлеу ұсынылды.

Отырыс барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұржан Жақыпов та бастамаларды дербес сүйемелдеу идеясын ортаға салды. Оның айтуынша, қоғамдық бастамалармен жұмыс «іріктеу жүйесі» қағидаты бойынша ұйымдастырылады: әр кезеңде олардың сапасы артып, Халық Кеңесінің стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құқықтық тұрғыдан пысықталады. Осы мақсатта әрбір бастамаға Халық Кеңесінің бір мүшесін бекіту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру жөніндегі өз пайымымен бөлісті. Олардың бірі – қоғамдық кеңестерді қалыптастырудың бірыңғай әрі ашық стандарттарын заңнамалық деңгейде бекіту. Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің бастамалары кеңес мүшелерінің Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне қатысты болды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова және басқа да тұлғалар қатысты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 15:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары