Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған БҰҰ-ның қазіргі құрылымы әлемдік қоғамдастық алдындағы міндеттемелерін толық орындауға қауқарсыз екенін айтып, Қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығын жоюға тағы да шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.
"Бүгінде біз 190-нан астам елдің ерік-жігері бес мемлекеттің вето құқығымен шектелетін БҰҰ туралы айтып отырмыз. Бұл әділетсіз құрылым жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ете алмайды, өзі бекіткен іргелі қағидаттарды ұстана алмайды және адамзат алдындағы уәделерін орындай алмайды. Мәселе тек Түркияның шешім қабылдаудағы рөлін арттыруда ғана емес, мәселе Африка, Азия, Латин Америкасы, ислам әлемі, Еуропа және басқа да аймақтардың осы жаһандық жүйеде өз тәжірибесі мен ерік-жігерін ескере отырып, әділ өкілдік етуінде", - деді түрік көшбасшысы Нью-Йоркте.
"Сондықтан біз: вето механизмін жою қажет дейміз. Тек бес мүшенің мүддесін қорғайтын БҰҰ моделінен барлық мүшені қамтитын механизмге көшейік. Бас Ассамблеяны күшті, ықпалды және тиімді етейік. Құрылатын жаңа құрылымда сайланған мүшелер өз міндеттерін белгілі бір мерзім ішінде атқаратын, ал қайта сайланғысы келетіндер халықаралық қоғамдастықтың сенімін қайта иеленуі тиіс әділірек жүйе болуы керек. Әлемдік мәселелердің шешімін бес мүше емес, барлық мүше ұсынып, қабылдауы тиіс. Өйткені әлемге қазір жаңа қабырғалар емес, жаңа көпірлер қажет", - деді Ердоған.
Ол Палестина президенті Махмуд Аббастың екі жыл қатарынан БҰҰ-ға келе алмауының өзі халықаралық жүйедегі әділетсіздіктің қаншалықты тереңдегенін көрсететінін атап өтті.
"Біздің міндетіміз - әділетсіздікке қарсы тұру. Біз әрқашан тарихтың дұрыс жағында болғанымызды және халқымызды ұятқа қалдыратын бірде-бір қадам жасамағанымызды мақтан тұтамыз. Бүгінде әлем біз бастан-аяқ айтып келе жатқан шындыққа бет бұрып жатыр", - деп атап өтті Түркия президенті.
Еске сала кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығына органның бес тұрақты мүшесі - Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция ие. Бұл елдер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі кез келген маңызды шешімнің қабылдануына біржақты тәртіппен тосқауыл қоя алады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 08:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















