Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Каспийдегі трагедия: қаза тапқандардың бірі Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болып шықты

Каспийдегі трагедия: қаза тапқандардың бірі Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болып шықты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

24 қыркүйекте Каспий теңізінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің арасында Маңғыстау облысының жас спортшысы, Қазақстан чемпионатының жүлдегері Сержан Аяпберген болғаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні кешке Қорғаныс министрлігі қаза тапқан 12 адамның тізімін жариялады. Олардың арасында мерзімді қызметтегі матрос Аяпберген Сержан Талғатұлы бар. Ол 2006 жылы 18 ақпанда туған, Маңғыстау облысының тумасы, Ақтау қаласында тұрған. Ол небәрі 18 жаста еді.

Әскерге дейін Сержан көп жылын спортқа арнаған. Маңғыстаудағы "Жас Батыр" спорт мектебінің тәрбиеленушісі болған ол самбо және дзюдомен шұғылданып, жас кезінен бастап түрлі деңгейдегі жарыстарда өңір намысын қорғаған.

2018 жылдың ақпанында 12 жастағы Аяпберген Бішкекте өткен самбодан халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды. Ол кезде жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 327 спортшы қатысқан болатын.

Ақтауда жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан халықаралық турнирде ол 42 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Бұл додаға Қазақстанның түрлі аймақтарынан және шетелден командалар жиналған еді.

Бұған дейін де Сержан 2006–2008 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы жарыстарда топ жарған. Оның есімі "Жас Батыр" мектебі ұйымдастырған турнирлердің алтын медаль иегерлерінің қатарында жиі аталатын.

Спорт мектебінің мәліметінше, Аяпберген спорттық мансабында самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД-ның студенттік жарыстарында марапаттарға ие болған, сондай-ақ дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлерге қатысқан.

"Маңғыстаудың спорт қауымдастығы үшін Сержан Аяпберген тек Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі болып қана қоймайды. Ол бала кезінен татамиге шығып, туған өңірінің атын шығарып, медальдар иеленіп, спорттық жолын біртіндеп қалыптастырып келе жатқан еді", - делінген жарияланымда.

Фото: "Жас Батыр", Ақтау

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Салдарынан әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкетті. Өңірлік биліктің нақтыланған мәліметі бойынша, суда 17 адам болған: 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, үкіметтік комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:28
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 08:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see133

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see132

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see130

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see129

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see128

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see127

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see125

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see124

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see124

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see124

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see124

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see123

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see123

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see122

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see122

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see121

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see121

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see120

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see120

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары