Сұлтан Зауырбек әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болу үшін жұдырықтасады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) австралиялық Джексон Инглендпен (19-3, 10 КО) өтетін маңызды жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Зауырбек таразыда 58,82 келі көрсетті. Ал оның қарсыласының салмағы 58,73 келі болды. Екінші жеңіл салмақтағы шекті меже – 58,97 келі. Осылайша, екі боксшы да белгіленген талаптан асқан жоқ.
Салмақ өлшеу рәсімінен кейін Зауырбек пен Ингленд дәстүрлі көз арбасу өткізді.
Қазақстандық боксшы жекпе-жек алдында әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы кездесуге дайындығы туралы жазды.
– Бір жыл күткен жекпе-жекке бір қадам қалды. Барлық дайындық, барлық қиындық — осы күн үшін. Енді салмақ емес, жекпе-жек. Алла қаласа, ертең рингте барымды саламын. Қолдауларыңызға рахмет! – деп жазды Сұлтан Зауырбек.
Зауырбек пен Ингленд арасындағы жекпе-жек 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд штатында өтеді.
Бұл кездесу IBF нұсқасы бойынша іріктеу жекпе-жегі саналады. Жеңімпаз екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесін алады.
Қазір IBF нұсқасы бойынша бұл салмақтағы әлем чемпионы – мексикалық Эмануэль Наваррете (40-2-1, 33 КО).
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 13:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















