Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Күйді түсіну үшін қазақ болу міндетті ме?

Күйді түсіну үшін қазақ болу міндетті ме?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Күй - қазақтың жалаң әуені емес, дүниені қабылдаудың өзіндік тәсілі. Оның әр ырғағында көшпелі өмірдің заңдылығы, ұлттың ішкі әуені жатыр. Сондықтан күйді жай тыңдау жеткіліксіз, оны түсіну дегеніміз белгілі бір мәдени кеңістікке қадам басу. Бүгінгі жаһандану дәуірінде қазақ күйін әлем тыңдай алады, бірақ оны бар болмысымен сезіну бәріне бірдей оңай емес. Себебі күйдің терең мағынасы тек дыбыста емес, сол дыбысты дүниеге әкелген санада. Қазақ үшін күй - өмірдің бейнесі, ал сырт көз үшін ол көбіне әуездік әсер ғана.

Күйді түсіну үшін қазақ болу міндетті ме деген сұрақ осы айырмашылықтан туады. Әрине, күйдің кей түрлері, мысалға жылдам, би ырғақтарына құрылған күйлер, кез келген тыңдаушыға әсер ете алады, өйткені ондағы қуат пен қозғалысты бәрі бірдей сезінеді. Ал философиялық күйлер адамның ішкі әлемін, пәлсапалық категориядағы жалғыздық пен уақыт тынысын бейнелейтін туындылар - тек сол мәдени топырақтан нәр алған тыңдаушыға ғана шын мәнінде ашылады.

Әр халықтың музыкасы - сол ұлттың өмір сүру тәжірибесінен, тілінен және табиғатты қабылдау тәсілінен туындайды. Сөз басында жаздық, казақ үшін күй  тек дыбыс емес, кеңістік пен уақыттың арасындағы қарым-қатынас. Онда қазақ өз көзімен бәрі де бар. Батырдың сөзі, даланың үні, ананың зары... Мұндай дыбыстарды түсіну үшін тыңдаушыда сол ортаның тәжірибесі, яғни мәдени коды болуы керек.

Күйдің құрылымы мен логикасы еуропалық музыкалық жүйеден өзгеше. Әрине, әлемдік музыканың жалпыға ортақ өз заңдылықтары бар болғанымен, өзіндік сарын мен ырғақ көп кездеседі. Мұнда (күйде) әуен де өз жолымен жүреді. Жақын көрші ұлттардың сарындағы жақын демесеңіз, айдаладағы өзгенің музыкасымен ортақтығы көп емес. 

Мәдени код дегеніміз — ұлттың ішкі «есту жүйесі». Ол бала кезден қалыптасады. Бесік жыры, терме, жыр мен күй тыңдау арқылы адам белгілі бір дыбыстық дүниеге бейімделеді. Сол себепті қазақ тыңдаушысы күйдің логикасын түсінгенде, оны талдап емес, тұтас сезіммен қабылдайды, әуеннің ішкі мағынасына тың арқылы жетуге тырысады. Ал басқа мәдени ортадан шыққан адамға бұл логика түсініксіз болуы мүмкін, өйткені оның дыбыстық жады басқа жүйеде қалыптасқан.

Күйдің философиялық түрлері - тек музыкалық туынды емес, дүниетанымдық құбылыс. Мұндай күйлерде нақты оқиға немесе сипаттамадан гөрі, адамның ішкі күйі, уақыт пен тағдыр туралы ой басым болады. Олар бір қарағанда мағынасыз, “түрлі дыбыстан жиынтығы” сияқты, бірақ түптеп келгенде сол күйдің әр дыбысында мағына бар. Мұндай күйлерді толық қабылдау үшін тыңдаушы сол мәдени ортаның тынысын, сол халықтың өмірге деген көзқарасын білуі қажет.

Мысалға күйдің дүниеге келу себебі әртүрлі, кейде қуаныштан, кейде сүйініштен. Мысалы, Тәттімбеттің «Сарыжайлау» немесе Дәулеткерейдің «Жігері» - ішкі толғаныстың көрінісі. Бұл күйлерді тыңдағанда адам сыртқы әсерден гөрі, ой тереңіне енеді. Ал мұндай деңгейдегі музыканы түсіну үшін тек есту қабілеті емес, сол күй тудырған мәдени ұғымдарды сезіну қабілеті керек.

Өзге ұлт тыңдаушысы мұндай шығармаларды әуез жағынан қызық көре алады, бірақ оның мағынасын дәл солай сезінуі қиын. Себебі философиялық күйдің түпкі мазмұны - қазақ өмірінің бейнесі жатыр. Ол еркіндік, кеңістік, табиғат, жалғыздық тағысын тағы.... Бұл ұғымдар сол мәдениетпен бірге өсіп, сол тілмен бірге сезіледі. Сондықтан өзге мәдени ортадағы адам үшін мұндай күйлер көбіне жұмбақ күйінде қалады.

Бұл - ешкімді шектеу емес, табиғи айырмашылық. Қазақтың философиялық күйін түсіну үшін адам сол дыбыстық әлемге бейімделуі керек. Яғни күйдің мәнін ашу  музыкалық білім емес, мәдени жаттығу нәтижесі. Кім сол ортаға жақындай алса, сол адам күйдің рухына да жақындайды.

Музыканы түсіну - тек есту қабілетінің емес, өмірлік тәжірибенің нәтижесі. Әр адам өз ортасының дыбыстарына бейімделіп өседі: анасының үні, табиғаттағы дыбыс, халық әуені - бәрі адамның ішкі тыңдау қабілетін қалыптастырады. Қазақ мәдениетінде осы дыбыстық кеңістік «мелосфера» деп сипатталады. Ол - ұлттың есту ортасы, яғни адамның дүниені дыбыс арқылы тану қабілеті.

Мелосфера - күйді түсінудің ең басты шарты. Қазақ үшін домбыра мен домбыраның күйі арасындағы үндестік табиғи сезім. Ал басқа мәдениеттен келген тыңдаушы үшін бұл үндестік түсініксіз болуы мүмкін. Себебі ол басқа ырғақта өмір сүріп, басқа музыкалық заңдылыққа үйренген. Сондықтан күйді түсіну үшін тыңдаушы сол мелосфераға енуі, яғни қазақ дыбыстық әлемін бойына сіңіруі қажет.

Түсіндіре кетейік,бұл музыкалық дайындық емес, мәдени жаттығу десек болады. Күйді жиі тыңдау, оның астарындағы әңгімелер мен тарихты білу, орындаушының энергиясын сезіну - бәрі адамның есту мәдениетін өзгертеді. Уақыт өте келе тыңдаушы дыбысты емес, үннің ішіндегі мағынаны ести бастайды. Осы сәттен бастап ол қазақтың дыбыстық логикасын түсіне алады.

Мелосфера - адамның есту арқылы ойлану кеңістігі. Ол тек қазаққа ғана тән дүние емес, бірақ қазақ үшін ең табиғи орта. Сол себепті шынайы күйді түсіну үшін адам сол кеңістікке бейімделіп, қазақы үн болмысын өз тәжірибесіне айналдыруы керек. Сонда ғана күй дыбыс емес, мағынаға айналады.

Күйді түсіну – оны тарата білуден де басталады. Бірақ насихаттың жолы бірдей емес.

Күйдің екі деңгейі бар. Бірі – сыртқы әсермен байланыстыру, екіншісі – ішкі мәнін ашу.

Жылдам ырғақты, техникалық жағынан күрделі күйлер шетел тыңдаушысына оңай қабылданады. Өйткені олардың энергиясы мен динамикасы әмбебап, яғни кез келген адамға эмоциялық әсер бере алады. Ал терең философиялық күйлердің насихаты басқа тәсілді талап етеді. Мұндай шығармаларды шетел аудиториясына түсінікті қылу үшін олардың артындағы әңгіме мен мағынаны аударып жеткізу қажет. Бұл жерде орындаушы тек музыкант емес, мәдениет түсіндірушіге айналады. Ол тыңдаушыға әр дыбыстың астарындағы тарихты, образды және ұлттық ойлау жүйесін ашып беруі керек.

Күйді кеңінен насихаттау қазақ мәдениетін байытады, бірақ сонымен бірге ішкі мағынаны жоғалтпау міндеті де бар. Егер күйдің мазмұны тек сахналық эффект пен жылдам ырғақ деңгейінде таныстырылса, онда оның рухани мағынасы жойылады. Сондықтан насихат екі бағытта жүруі тиіс: біріншісі – әлемге қазақ музыкасын таныстыру, екіншісі – өз халқымыздың күйді терең түсіну қабілетін сақтау.

Ойымызды қорытындыласақ, күй - әр халыққа ортақ дыбыс әлемінің бір тармағы болса да, оны терең түсіну үшін сол дыбыстың шыққан топырағын сезіну қажет. Сонымен қатар, қазақтың күйі – жай әуен емес, дүниені есту мен ойлау тәсілі. Оны өзге ұлт тыңдай алады, бірақ күйдің ішкі тынысын ұғыну үшін қазақтың мәдени кеңістігіне ену керек. Демек, күйдің мәнін ашу – ұлтқа тән шектеу емес, керісінше, сол ұлттың рухани тәжірибесіне жақындау жолы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 09:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see155

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see147

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see145

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see143

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see141

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see128

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see125

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see125

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see125

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see124

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see123

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see122

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see117

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see117

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see115

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see115

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see114

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see113

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары