Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық құқық пен халықаралық гуманитарлық құқық барлық жағдайда сақталуы тиіс екенін атап өтті.

Ол БҰҰ Жарғысының 2-бабын еске салып, оған сәйкес ұйымға мүше барлық мемлекеттер халықаралық қатынастарда күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқытудан бас тартуға міндетті екенін айтты.

Антониу Гутерриш әскери қақтығысты қатаң айыптады.

— Мен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған жаппай әскери соққыларын айыптаймын. Сондай-ақ Иранның кейінгі әрекеттерін де айыптаймын. Бұл шабуылдар Бахрейн, Ирак, Иордания, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзды. Қазіргі жағдай халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп отыр. Әскери іс-қимылдар әлемдегі ең тұрақсыз өңірде ешкім бақылап үлгермейтін оқиғалар тізбегіне әкелуі мүмкін, — деді Антониу Гутерриш.

— Иранның шамамен 20 қаласына, соның ішінде Тегеран, Исфахан, Құм, Шахрияр және Тебризге шабуыл жасалды. Кемінде 85 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды, — деді ол.

Израиль дереккөздерінің мәліметінше, Иранның Израильге жасаған кейінгі соққылары салдарынан 89 адам зардап шеккен. Сондай-ақ Иордан өзенінің батыс жағалауындағы оккупацияланған аумақтарға да соққы жасалғаны хабарланды.

— Кейбір мәліметтерге сәйкес, бірнеше жоғары лауазымды шенеунік қаза тапқан. Израиль дереккөздері Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи де қаза тапты деп мәлімдеп отыр. Алайда мен бұл ақпаратты растай алмаймын, — деді Антониу Гутерриш.

Бас хатшы әскери әрекеттердің бүкіл өңірге таралуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдай барған сайын тұрақсыз әрі болжауға келмейтін ахуал қалыптастыратынын айтты.

— Сондай-ақ Иранның Ормуз бұғазын халықаралық кеме қатынасы үшін жабуы мүмкін екені туралы ақпараттар түсіп жатыр, — деп атап өтті ол.

Антониу Гутерриш «дипломатиялық мүмкіндік қолдан шығып кеткеніне» өкініш білдірді.

— Келесі аптада Венада техникалық келіссөздер өтуі тиіс еді, одан кейін саяси келіссөздердің жаңа кезеңі басталуы жоспарланған болатын, — деді ол.

Бас хатшы халықаралық даулар тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс екенін еске салды.

— Халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеуден басқа өміршең балама жоқ. Тұрақты бейбітшілікке тек шынайы диалог пен келіссөздер арқылы ғана қол жеткізуге болады. Мен шиеленісті бәсеңдетуге және әскери іс-қимылдарды дереу тоқтатуға шақырамын. Барлық тараптарды, әсіресе Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер бойынша, келіссөздер үстеліне шұғыл түрде қайта оралуға үндеймін, — деді Антониу Гутерриш.

Иран

Иранның БҰҰ жанындағы елшісі Амир Саид Иравани Ислам Республикасына қарсы соғысты БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқық пен халықаралық құқықтық тәртіпке қарсы соғыс деп бағалады. Оның айтуынша, дәл осы қағидаттар негізінде БҰҰ сегіз онжылдық бұрын құрылған.

Ол АҚШ пен Израильдің әрекеттері заңды өзін-өзі қорғау талаптарының ешқайсысына сәйкес келмейтінін және БҰҰ Жарғысының 2-бабын бұзатынын мәлімдеді.

— Бүгін таңертең АҚШ режимі Израиль режимімен бірлесіп және үйлесімді түрде соңғы айларда екінші рет Ислам Республикасына қарсы себепсіз әрі әдейі жасалған агрессияны бастады. Бұл жай ғана басқыншылық әрекет емес, бұл – әскери қылмыс және адамзатқа қарсы қылмыс, — деді Иран елшісі.

Оның сөзінше, Иран агрессияға жауап ретінде БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғауға деген «ажырамас әрі заңды» құқығын жүзеге асырып жатыр. Ел агрессия тоқтағанға дейін бұл құқығын «еш күмәнсіз» пайдалана бермек.

— АҚШ өкілдері ашық агрессияны ақтау үшін фактілерді бұрмалап, жалған ақпаратқа сүйенуге тырысты, — деді Амир Саид Иравани.

Иран елшісі мұндай уәждерді «заңсыз және құқықтық негізі жоқ» деп атап, олардың халықаралық құқық тұрғысынан ешқандай заңды күші жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ ол Тегеран көрші елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге берік екенін жеткізді.

АҚШ

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы елшісі Майк Уолтц Иранға жасалған соққылар баллистикалық зымыран әлеуетін жоюға, халықаралық сулардағы тұрақсыздыққа ықпал ететін әскери-теңіз күштерін әлсіретуге және Иран қолдайтын қарулы топтарды қарумен қамтамасыз ету тетіктерін бұзуға бағытталғанын мәлімдеді.

АҚШ

— Иран режимі ешқашан және ешқандай жағдайда ядролық қарумен әлемге қауіп төндіре алмайды, — деді АҚШ-тың БҰҰ жанындағы елшісі Майк Уолтц.

Оның айтуынша, Иранның заманауи зымыран технологияларын дамытуға ұмтылысы және дипломатиялық мүмкіндіктер бола тұра ядролық амбицияларынан бас тартпауы «елеулі әрі үдей түскен қауіп» төндіріп отыр.

Израиль

Израильдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Дэнни Данон Иранға жасалған әскери соққыларды мәжбүрлі шара деп атап, олардың «қайтымсыз сипатқа ие болмай тұрып экзистенциялық қатердің алдын алу» мақсатында жасалғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл шабуыл — басқа ақылға қонымды балама қалмағандықтан қабылданған шешім. Ортақ іс-қимылдар қауіп толық жойылғанға дейін жалғасады.

Данон Иран режимі халықаралық құқықты елемей, ядролық қару жасауға ұмтылғанын, зымыран қорын ұлғайтқанын және аймақтағы өзіне бағынысты қарулы топтарды қаруландырғанын айтты. Сонымен қатар, Тегеран Израильді «жер бетінен жою» ниетін ашық білдіргенін атап өтті.

Елші Иран уранды байытуды тоқтатып, жан-жақты халықаралық инспекцияларға рұқсат беруі тиіс болғанын, алайда мұндай қадам жасамағанын жеткізді.

— Олар бізді тығырыққа тірейтін құралдар әзірледі. Израиль мұндай болашақпен келіспейді, — деді Дэнни Данон.

Қытай

Қытайдың БҰҰ жанындағы елшісі Фу Цун АҚШ пен Израильдің соққыларын «арсыз әрекет» деп атап, халықаралық дауларды күш қолдану арқылы шешуді айыптады. Ол Иранның және өңірдегі өзге елдердің егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына құрметпен қарауға шақырды.

Сенбі күнгі шабуылдар салдарынан бейбіт тұрғындар арасында көптеген құрбан болғанына өкініш білдірген Фу Цун барлық тарапты халықаралық құқық талаптарын орындауға және әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға үндеді.

Сондай-ақ ол АҚШ пен Израиль шабуылдарының АҚШ пен Иран арасындағы дипломатиялық келіссөздер жүріп жатқан кезеңде жасалғанын «таңғаларлық жайт» деп бағалады.

Ресей

Ресейдің БҰҰ жанындағы елшісі Василий Небензя АҚШ пен Израильдің әрекеттерін «БҰҰ-ға мүше егемен әрі тәуелсіз мемлекетке қарсы жасалған кезекті себепсіз қарулы агрессия» деп атады. Оның пікірінше, бұл қадам БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларын бұзады.

Небензяның айтуынша, бұл «ойланбай жасалған әрекет» бүкіл өңірде шиеленісті күрт күшейтіп, «дипломатияға жасалған сатқындыққа» айналды.

Франция

Францияның Сыртқы істер министрі Жером Боннафон Иранды халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды. Ол халықаралық құқық нормаларын сақтау «өңір мен әлемдегі ұзақ мерзімді қауіпсіздіктің басты шарты» екенін атап өтті.

Франция өкілі Иран ядролық келісім жасау мүмкіндігін пайдаланбағанын және оның орнына Халықаралық атом энергиясы агенттігімен ынтымақтастықты қысқартқанын мәлімдеді.

Ұлыбритания

Ұлыбританияның БҰҰ жанындағы елшісі Джеймс Кариуки Лондонның Иранға жасалған соққыларға ешқандай қатысы болмағанын мәлімдеді.

— Таяу Шығыстағы жағдай тұрақсыз. Өңірлік тұрақтылық – басты басымдық. Иранның ядролық қару жасауына жол беруге болмайды, — деп атап өтті Джеймс Кариуки.

Оның айтуынша, Ұлыбритания өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін тез арадағы реттеуді қолдайды.

Сондай-ақ елші Иранды одан әрі соққылар жасаудан бас тартуға және дипломатиялық жолға қайта оралуға шақырды.

Пәкістан

Пәкістанның БҰҰ жанындағы елшісі Асим Ахмад АҚШ пен Израильдің шабуылдары бүкіл өңірдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін айтты.

Сонымен қатар ол Иранның Сауд Арабиясы, Бахрейн, Иордания, Кувейт, Катар және Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған шабуылдарын айыптап, Пәкістан бұл елдермен ынтымақта екенін жеткізді.

Елші кейбір аталған мемлекеттердің АҚШ пен Иран арасындағы дипломатиялық шешім табуға бағытталған күш-жігерді қолдағанын атап өтіп, осы жағдайға байланысты ерекше өкініш білдірді.

Асим Ахмадтың сөзінше, дипломатиялық үдеріс келісімге қол жеткізуге бағытталған әрекеттердің дәл ортасында тағы да «тұйыққа тірелді», бұл онсыз да әлсіз болған сенімге қосымша соққы болды.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен БҰҰ агенттіктерінің басшылары Израиль мен АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылдарын айыптаған еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 08:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see147

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see143

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see137

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see132

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see130

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see128

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see121

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see121

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see120

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see120

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see119

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see119

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see119

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see118

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see117

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see117

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see116

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see116

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары