Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Таяу Шығыста жағдай күрт ушығып, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларынан кейін аймақта жаңа әскери әрекеттер басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Reuters келтірген соңғы мәліметтер бойынша, Израиль шабуылдары кезінде Иранның қорғаныс министрі Амир Насирзаде мен Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мұхаммед Пакпур қаза тапқан болуы мүмкін.
Иран жауап ретінде бірнеше елге соққы жасаған. Сауд Арабиясы Иран Эр-Рияд пен елдің шығыс аймақтарына шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сонымен қатар Израильге қарай жаңа зымырандар ұшырылған. Сирияда ирандық зымыран тұрғын үйге түсіп, төрт адам қаза тапты. АҚШ әскері Ирактағы база маңында ұшқышсыз аппаратты атып түсірген.
Қақтығыс салдарынан әлемдік мұнай тасымалына қауіп төнді. Ірі мұнай компаниялары Ормуз бұғазы арқылы тасымалды уақытша тоқтатты. Бұл бұғаз арқылы әлем мұнайының шамамен бестен бірі өтеді. Аймақта жарылыстар Иран, Дубай және Абу-Дабиде де тіркелді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 19:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















