АҚШ пен Иран уақытша бітімге келді: Таяу Шығыста не өзгереді?
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: pixabay.com
Тараптар екіжақты шарттардың басым бөлігі бойынша келісіп қойған. Құжатта атысты тоқтату режимін ұзарту, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді жүргізу талқыланған. Келісім аясында Ормұз бұғазы арқылы еркін теңіз қатынасын қамтамасыз ету, сондай-ақ Иранның 30 күн ішінде теңіз миналарын алып тастау міндеттемесі қарастырылған.
Дегенмен бірқатар тармақ әлі де талқыланып жатқандықтан, Вашингтон билігі мәміленің жүзеге аспай қалу қаупі бар екенін мойындап отыр.
«Біз әлі келісімге қол жеткізген жоқпыз, бірақ келісім жасауға жақынбыз. Жұмысты жалғастырамыз», деді АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс.
Айта кетейік, кейінгі тәуліктерде АҚШ пен Иран арасында әскери шиеленіс те күшейген. АҚШ дрон ұшыратын нысанға соққы жасаса, Иран күштері Кувейттегі АҚШ базасына зымыран және дрон шабуылдарын жасаған.
Трамп Иран келісіміне қатысты асығыс шешім қабылдамауға шақырды
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 11:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















