Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналған іс-шарада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту үшін тиісті заңнаманы жетілдіру жолында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңызы талқыланды.

Мәулен Әшімбаев қатысушыларға іл­типат білдіріп, конституциялық ре­форма ел дамуындағы шешуші кезең екенін тілге тиек етті. Жаңа Ата Заң жобасы Әділетті Қазақстан идеясын то­лық іске асыруға ықпал етіп, саяси жүйені демократияландыру мен жаңғыртудың құқықтық негізін айқындайтыны да ай­тылды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен барлық салада аса маңызды реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қазір жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістер сол іргелі істің жүйелі әрі дәйекті жалғасы екені анық. Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 наурызда жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдум өтеді. Бұл – елдің саяси жүйесін демократияландыру жолындағы тарихи кезең. Ата Заң, ең алдымен, мемлекеттілік пен Тәуелсіздікті нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сондықтан жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағи­даттарына және азаматтардың мүдделері мен құқықтарына табан тірейді», – деп Сенат Төрағасы жаңа Ата Заңның же­келеген нормаларына назар аударды.

Мәулен Әшімбаев жаңа Консти­туция­ның преамбуласына тоқталып, мұнда адамның құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол адам капиталын, білім мен ғылымды және инновацияны дамытуға бағытталған ережелерге ерекше мән берді.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы конституциялық реформа саяси жүйе эволюциясының табиғи жалғасы және сарапшылар мен азаматтық қоғамдастық өкілдерінің ұзақмерзімді бірлескен жұ­мысының нәтижесі екенін айтты. Оты­рыста жаңа Конституция ұлттық мүддеге толық сай келетін және қазіргі сын-қатерлерді еңсеруге арналған маңызды қадам екені де сөз болды.

«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақ­станның конституциялық моделінің және жалпы елдің орнықты дамуының құқық­тық негізін қалайтын тарихи құжат. Осы­ған байланысты билік тармақтарының тиімділігіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі құру көзделіп отыр. Ата Заңның нормаларына сәйкес Құрылтайдың өкілді рөлі артып, жаңа саяси институттар құрылады. Өңірлердің және барлық әлеуметтік топтың өкілдігін қамтамасыз ету үшін жоғары консуль­тативтік орган ретінде Халық кеңесі қа­лып­тасатыны белгілі. Мемлекеттік билік органдарының конституциялық мәрте­бесі, құзыреті және міндеттері де айқын­далып отыр», – дей келе, Мәулен Әшім­баев мәслихат депутаттарын Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді іске асыру жолында жұдырықтай жұмылуға шақырды.

Кеңес отырысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзгерістерге, оның ішінде билік жүйесін трансфор­мациялауға қатысты да пікір алмасты. Сондай-ақ Құрылтай, Халық кеңесі және басқа да жаңа саяси институттар, олардың қалыптасуы, міндеттері, құзыреттері мен қызметі туралы сөз болды.

Іс-шарада конституциялық реформа Парламент және мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, түрлі саладағы сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ ел ертеңіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтар қатысқан кешенді әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі екені айтылды.

Отырысқа сенаторлармен бірге об­лыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 03:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары