Астана: LRT жобасы соңғы сынақ кезеңіне өтті
7kun.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі іске қосылар алдындағы соңғы сынақтардан өтіп жатыр.
Нысанның дайындығын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен қала әкімі Жеңіс Қасымбек тексерді.
Жоба аясында аумағы 768 шаршы метр болатын бірыңғай диспетчерлік орталық салынып жатыр. Ол LRT қозғалысын басқарумен қатар, бағдаршамдарды реттеу, қоғамдық көлік пен велосипед жалдау жүйесін бақылау, көлік деректерін талдау және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қызметтерін атқарады.
LRT пойыздары жүргізушісіз автоматты режимде жұмыс істейді. Жүйе Орталық Азияның суық климатына бейімделген. Сонымен қатар пойыз доңғалақтарына шу мен дірілді азайтатын арнайы резеңке төсемдер орнатылған.
Жолаушылар үшін негізгі мәліметтер:
қозғалыс аралығы – 5–10 минут;
аялдамалар арасындағы уақыт – 1,5–3 минут;
«Нұрлы жол» вокзалынан әуежайға дейінгі жол – шамамен 40 минут.
Қазір «Әуежай», «Бәйтерек» және «Министрліктер үйі» станцияларында сынақ жүргізіліп жатыр. Тестілеу тәулігіне 12 сағаттан аса уақытқа созылады. LRT-ның нақты іске қосылу күні сынақтар аяқталғаннан кейін жарияланады, алайда жолаушылар тасымалы жақын айларда басталады деп күтілуде.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 22:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















