Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

ЖИ дәуіріндегі жаңа алаяқтық

ЖИ дәуіріндегі жаңа алаяқтық

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Интернет алаяқтық қазір әлемдік мәселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік үшін де үлкен қатерге айналып отыр. Себебі елдегі тіркелген әрбір бесінші қылмыс интернет алаяқтыққа байланысты. Алаяқтардың күрделі әдістері халыққа қаржылай шығын келтіріп, ел эко­номикасы үшін де зиян тигізіп жатыр. Өкі­ніш­ке қарай, интернет алаяқтарға алданған­дар жөнінде нақты статистика жоқ. Дегенмен ресми деректерге сүйенсек, елде 7 жыл ішінде онлайн алаяқтық 55 есеге өскен. 2018 жылы елде 517 дерек тіркелсе, былтырғы көрсеткіш 28,9 мыңға жеткен. Бұл тек ресми түскен ша­ғымдар тізімі ғана, ал тіркелмеген жағдай қаншама? 

Жыл басынан бері кибералаяқтар қазақ­стан­дықтарға 30 млрд теңгеге жуық шығын келтірді. Көп жағдайда интернет алаяқтарды анықтау, шығынды қайтарып алу да мүмкін болмайды, себебі әккі алаяқтар елден тыс аумақта да бар. Биыл интернет алаяқтық қарқыны бәсеңдегендей көрінуі мүмкін, бірақ алаяқтық әрекеттер цифрлық ортаға ауысты. 

Қазір алаяқтар құрбанын дауыстық хабарлама арқылы да құрығына түсіре алады, бұл ең жиі тарай бастаған әдіске айналып отыр. Қаскөйлер адамның ашық дерекөзіндегі дауыстық жазбасын пайдаланып, оның дауысына ұқсас аудио дайындап алады. Әсіресе мұндайда «апатқа түстім», «шұғыл түрде ақша керек», «полиция бөлімше­сіндемін» деген секілді сценарийлерді байқай аласыз. Америкада 2025 жылы алаяқтықтың дәл осындай түріне түскендердің шығыны 5 миллион доллардан асқан көрінеді. Интерпол ұйымының есебінше, тіпті қысқа ғана аудио үзіндіден цифрлық дауыс клонын жасау мүмкіндігі алаяқтардың жеке тұлғаны дәл имитациялауына көмектеседі екен.

Алаяққа психолог болудың қажеті жоқ

Бұрын алаяқтарды керемет психолог ретінде танитын едік, олар адаммен қандай интонацияда сөйлесу керегіне дейін жетік меңгеретін. Аяушылық тудыру, адамның көңіл күйіне сәйкес жылы сөйлеу қолдарынан келетін. Ал қазір алаяқтарға психолог болудың да қажеті жоқ, ЖИ арқылы романтикалық қарым-қатынас орнатуға да болады. Нақтылап айтсақ, енді алаяқ өз құрбанын зерттеудің де қажеті жоқ. Бұрын алаяқ бірнеше адаммен бір уақытта сөйлесу үшін ондаған оператор ұстауы керек еді. Қазір жасанды интеллект адам орнына хат жазады, әңгімені жалғастырады, ақпаратты бірнеше тілге аударады, адамның қызығушылығына бейімделіп, жалған әлеуметтік желі профилін толтыруға да көмектеседі.  Қарапайым халық өзінің ботпен сөйлесіп жатқанын аңғармай, нақты адаммен эмоционалдық қарым-қатынаста жүрмін деп ойлауы мүмкін.

Сонымен қатар алаяқтар ЖИ арқылы жалған инвестициялық кеңес те жүргізуі мүмкін. Олар өзін қаржылық сарапшы ретінде таныстырып, ЖИ арқылы жалған инвестициялық сайт жасап, сенімді, кәсіби көрінетін аналитикаға дейін дайындайды, одан соң танымал тұлғаның бейнежазбасын да оп-оңай жасап алады. Сайттар мен әлеуметтік желідегі пікірлерге де сеніп қалуға болмайды, себебі мұны да ЖИ жасап береді. Бұрын алаяқтар жазған хаттардағы орфографиялық қатесі күдік тудыратын еді, сол арқылы жақыныңыздың атын жамылып, қулығын асырғысы келгендердің амалын анықтай алуға болар еді. Ал бүгінде ЖИ мәтінді сауатты етіп жазып, оны нақты адамның жеке ерекшелігіне қарай бейімдей алады. Дәл осындай онлайн алаяқтыққа тап болған кейіп­керіміз Айтолқын Арғынның әңгімесін тыңдадық. Оның ай­туынша, кәмелет жасына толмаған бозбала концерт билетін сатамын деп 15-ке жуық адамды алдап соққан.

– Бізді алдаған бала төлқұжатын бірнеше нұсқада ЖИ-дің көмегімен өңдеген. Негізі, банктік есепшотында «Руслан Қ.» деп көрсетілген.  Ал бізге жіберген құжаттарда «Руслан Қуаныш», «Руслан Қамыс», «Руслан Тойбасар» деген секілді бірнеше түрлі етіп жасап алған. Ол Threads желісінде «КешYOU» тобының концертіне билет сатамын деп 2 аптадай белсенді болып жүрді. Біз төлем жасаған соң билет осында деп Ticketon сайтына балама бір сілтемені жіберді, алайда бұл жалған сайт болып шықты. Ол емес, алданып қалған біз ақымақ болыппыз, – дейді Айтолқын.

Кейіпкеріміздің сөзінше, бұл алаяқтық схеманы бірнеше жас бала топтасып ұйымдастырған. Ең сорақысы, алаяқ 15 адамнан жалпы көлемі 400 мың теңгеге жуық шығын келтірген.

Жақыныңызды да тірілтеді

Алаяқтар қазір жақындарыңыздың дауы­сын емес, бейнесін де ЖИ-мен жасай алады. Deepfake әдісі арқылы жасалатын бұл алаяқ­тық түрі бәрінен де қауіпті. АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының ЖИ көмегі­мен компания басшысы, құқық қорғау ор­ганы қызметкері немесе басқа беделді адамның да бейнесін жасап, тіпті видео­қоңырауда қолдануы мүмкін екенін ескертеді. Мысалы, жақын адамыңыз, туысыңыз видеоқоңырау шалып, шұғыл түрде белгілі бір шотқа ақша аударуды сұрайды. ЖИ сурет, дауыс, бейне, аватармен жасаумен шектел­мейді, тіпті жалған ID-құжаттар жасауға да мүмкіндік туды. Демек, ЖИ белгілі бір адам жайлы ақпарат жинауға, жазу стилін анық­тауға, дауысын клондауға, толық процесті бақылауға, сценарий жазуға мүмкіндік береді, ал алаяқ тек соңғы кезеңде ғана іске ара­ласады.

Алаяқты қалай танимыз?

ЖИ арқылы жасалған дауыстық хабарлама, видео, сурет жеке тұлғаны растаудың жалғыз дәлелі болмауға тиіс. ЖИ құралдары дамыған сайын ақпараттың шынайылығын анықтау қиынға соғып барады. Негізінен, киберқауіпсіздік мамандары отбасы мүшелері арасында алдын ала құпия сөз немесе фраза ойластырып қоюды ұсынады. Немесе жақыныңыз ақша сұраса, әңгімені тоқтатып, өзіңіз білетін нөміріне қайта қоңырау шалу керек. Алаяқтармен әңгіме үнемі қаржы төңірегінде өрбиді. Алаяқтар өзін банктің, мемлекеттік мекемелердің немесе ірі дүкендердің қызметкері ретінде таныстырып жатады, сондықтан қаржыға қатысты әңгімеде сақ болған абзал. Әрине, алаяқ ЖИ арқылы адам сеніміне ие бола алады, бірақ «шұғыл ақша аудар», «ешкімге айтпа», «5 минутта ақша салып жібер» деген секілді сөзді естігенде, асығыстық жасамаңыз. Егер белгілі бір ұйымнан қызметкер хабарласса, алдымен сол ұйымның ресми байланыс нөміріне хабарласып, ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізіңіз.  

Айсұлу СЪЕЗХАН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:47
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see153

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see151

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see151

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see151

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see150

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see147

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see146

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see145

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see144

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see143

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see142

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see141

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see141

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see139

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see139

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары