Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ел жылнамасының жаңа тарауы

Ел жылнамасының жаңа тарауы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Қадірлі отандастар! Құрметті Қа­зақ­стан Халық Кеңесінің мү­ше­лері! Елі­міздің ең жоғары кон­су­льтативтік ме­кемесі – Қазақстан Халық Кеңесінің ал­ғашқы сессия­сы­ның ашылуы бар­шаңыз­ға құт­ты болсын! Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн, шын мәнінде, та­ри­хи оқиға деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Халық Кеңесі мем­­­ле­ке­тіміздің саяси жүйесінде ай­рықша орын алатын, консти­туция­лық мәр­­те­бесі бар бірегей инс­титут бо­ла­тынына кү­мәнім жоқ. Қазір Қа­зақстан ауқым­ды өз­герістер ке­зеңін бастан өт­керу­де. Қо­ға­мы­мыз­дың барлық са­ласын­да тү­бе­гей­лі реформалар іске асырылуда. Алайда реформалар мен өзгерістер осы­мен өз мәресіне жетті деп мүл­дем ай­туға болмайды. Бұл жұ­мыс мін­детті түр­де жалғасады. Біз би­лік жүйесін за­ман талабына сай жаң­ғырту ісін қол­ға алдық. Елі­міз­де Халық Кеңе­сінің құрылуы со­ның бір айқын дә­лелі екені анық. Мемлекет өмі­ріндегі бұл маңыз­­ды үдеріс осыдан тура бір жыл бұрын бас­талды, мұны сіздер жақ­сы біле­сіз­дер.

Мен былтырғы халыққа Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бас­тама көтердім. Аталған ұсыныс қоғамы­мыз­да қызу әрі кең ауқымда талқыланды. Ел ішінде ашық, шынайы пікірталас болды. Азаматтарымыздың тарапынан мың­да­ған ұсыныстар, ой-пікірлер айтылды. Осы­лайша, талқылаудың соңы кейінгі 30 жыл­да болмаған мазмұны терең консти­туция­лық реформаға ұласты, – деді Прези­дент. 

Конституция – халық темірқазығы

Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда жалпыұлттық референдум арқылы тұтас елімізді өрлеу дәуіріне бастайтын қастерлі құжат – Конституциямыз қабылданғанын тілге тиек етті. 

– Бұл маңызды тарихи оқиға халықара­лық қауымдастық тарапынан зор ықылас пен қызығушылық туғызды. Өйткені қа­зір­гідей бұлыңғыр, тұрақсыз әлемде жаңа Конституцияның қабылдануы бүкіл дүние­жүзі тарихында өте сирек кездесетін жағдай деп айтуға болады. Беделді саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстанның бұл қада­мын, шын мәнінде, бірегей саяси оқиға деп бағалап, мұны батылдық пен жасам­паз­дық­тың жарқын көрінісі ретінде мойындау қажет екенін бірауыздан айтуда.

Конституция халқымыздың мәңгілік те­мірқазығы және Әділетті, Озық, Таза Қа­зақстанның мызғымас арқауы ретінде елі­мізді жарқын келешекке апаратыны сөз­сіз. Конституциялық реформа нәти­же­сін­де біз еліміздің заң шығарушы органы – Құрылтайдың алғашқы сайлауын өт­кіз­дік. Шетелдік сарапшылардың пайымдауы бойынша сайлау жоғары деңгейде, мінсіз өт­ті. Халық қолдаған Құрылтайға бес партия кірді. 28 тамыз күні депутаттар өз жұ­мы­сына кірісті. Үкіметтің жаңартылған құ­рамы жасақталды. Вице-Президент та­ғайын­далды. Жаңа мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Міне, бүгін Қа­зақстан Халық Кеңесі де өз қызметін бас­тап отыр. Осы тарихи оқиғаның мән-м­а­ғынасын ешқашан жадымыздан шы­ғармайық, құрметті отандастар! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент осы тұста соңғы 7 жылда ішкі жалпы өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жеткенін айтты. Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асты. Осы кезеңде елімізге 162 мил-лиард доллардан астам инвестиция тартылды. Шағын және орта бизнестің эконо­ми­кадағы үлесі 40 пайыздан асты. Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді. 2019 жылдан бас­тап 1 миллионнан астам оқушыға ар­нал­ған 1 342 мектеп салынды. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті. Сондай-ақ 1 200-ден астам денсаулық сақ­тау нысаны ашылды. Осы уақыт ішінде 35 мың шақырымнан астам автокөлік жо­лы салынып, жөнделді. Белсенді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді.

Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев ел­дегі түйткілдерді ашық талқылайтын, жұрт­тың ұсыныс-пікірлерін сараптап, нақ­ты ше­шімдер ұсынатын арнайы институт құруды көптен бері жоспарлап жүргенін жеткізді. 

– Оның құрылымы, атқаратын жұмысы жө­нінде ұзақ ойландым. Кеңестің атауын Конституциялық реформа жөніндегі ко­мис­­сияға өзім ұсындым. «Қазақстан Халық Кеңесі» деген атау жаңа институттың жал­пыұлт­­тық сипатын көрсетеді. Консти­ту­ция­­ға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі, бұл – ха­лық. Сондықтан жұртшылықтың мүддесін қо­р­ғайтын бірегей органның атауында «Ха­лық» сөзінің тұруы – өте қисынды, орын­ды, себебі, бұл – заңдылық. Бұған қо­са, «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы – Конс­титуцияда бекітілген бірыңғай әрі рес­ми нұсқа. Бұл жаңа органның мәртебесі биік, жауапкершілігі жоғары екенін ай­шық­тайды, – деді Президент. 

Мемлекет басшысы алайда Халық Кеңе­сі – Құрылтайға балама мекеме емесін баса айтты. 

– Кеңес мүшелері Құрылтайдың құ­зыре­тіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ. Бәрінің алдында тұрған басты мақсат: екі институт та бір-бірін то­лық­ты­рып, бірлесе қызмет етуі керек. Сон­дық­тан Халық Кеңесі мен Құрылтайдың коми­тет­тері тығыз байланыста болып, үйлесімді түр­де жұмыс істеуі қажет. Алдымызда тұр­ған мақсат та – бір, Отанымыз да – бір. Сон­дықтан бәріміз біртұтас ел болып бір жең­нен қол, бір жағадан бас шығарып Қа­зақстан халқы үшін табанды қызмет етуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сабақтастықты сақтау – басты міндет

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев басқосуда алдымызда тұрған нақты міндет­терге тоқталды. 

– Бірінші. Қазақстан халқының бірлігін ны­ғайту – өте маңызды мәселе. Сондықтан Қа­зақстан Халық Кеңесі сабақтастықты сақ­тап, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлт­тық құрылтайдың дәстүрі мен үздік тә­жірибесін жалғастыруы қажет. Бұл ретте бү­кіл жұмыстың сапасын жаңа саяси және ұйым­дастыру деңгейіне көтерген жөн. Қа­былданған шешімдер мен жүргізіліп жат­қан реформалардың салдары этномәдени бірлестіктерге қалай әсер етеді деген орын­ды сауал, тіпті алаңдаушылық туындағанын білемін.

Қазақстан халқы ассамблеясы, шын мә­нінде, өз жұмысын аяқтады. Бірақ бұл ұйым аясында қалыптасқан пайдалы инс­ти­туционалдық инфрақұрылым керексіз бо­лып қалады дегенді білдірмейді. Сіздерге ту­расын айтайын: Қазақстан халқы ассам­блеясының бірегей тәжірибесі ешқашан тарих қойнауына кетпейді, керісінше, Ха­лық Кеңесінің жұмысында қолданылады, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент дұрыс ше­шімді талап ететін түйткілдер шаш етектен екенін айтты. 

– Осыған дейін бірнеше мәрте айтқан­мын: ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің ір­гесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл. Бұрын болжаммен, дол­бар­мен ғана айтылатын жағдай қазір шын­дыққа айналды. Қазақ тілі қандай да бір әкім­шілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды. Әсі­ресе, жастарымыздың қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады. Сіздер мұны көріп, біліп жүрсіздер.

Ана тіліміз мемлекеттік тіл ретінде сұ­ра­нысқа ие, ұлттық мәдениетімізді, болмы­сымызды шырайлы да шұрайлы туған ті­лі­міз арқылы көрсетеміз. Қазақ тілінде бі­р-а­уыз сөз айта алмау білімсіздік пен мә­­де­ниет­сіздіктің белгісіне айналды. Мұ­ның бәрі – мәжбүрлеуге емес, толеранттық пен се­німге негізделген ортақ жұмыстың нә­ти­жесі. Алайда бұл басқа тілдерден бас тарту ке­рек дегенді білдірмейді әрі оларды шет­те­туге құқық бермейді. Өздеріңізге мәлім, Конституцияда тіліне, тегіне, ұлтына, дiни көзқарасы мен нанымына немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсі­ту­ге тыйым салынған, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев атаған Халық Кеңе­сінің тағы бір маңызды міндеті – ай­мақ­тармен тығыз байланыс орнатып, олар­дың мүддесін қорғау. 

– Өздеріңізге мәлім, Кеңестің үштен бір бөлігі – аймақтан келген өкілдер. Олар­дың қатарында мәслихат депутаттары мен қо­ғамдық кеңес мүшелері бар. Бұл – жер­гі­­лікті жердегі мәселелер республикалық дең­гейде көтеріледі деген сөз. Қоғамда «Се­нат жұмысын тоқтатқан соң өңірлердің мүд­десі ескерусіз қала ма?» деген сұрақ болуы мүмкін. Аймақтардың үні бұдан бы­лай Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы мем­лекеттік органдарға жететін болады. Ауыл­да, ауданда, облыста нақты ісімен халықтың ықыласына, құрметіне ие болған азаматтар аз емес. Халық Кеңесі осындай мықты тұлғаларды елге танытып, олардың қабілетін одан әрі шыңдауға мүмкіндік бе­ретін мекеме болмақ. Мен бұған кәміл се­немін, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, мәслихаттар Пар­ламентпен тығыз байланыста жұмыс іс­тейді. Олар аймақтағы мәселелерді ор­та­лық­қа жеткізіп, заңдарды жетілдіруге қа­тысты өз ұсыныстарын тұрақты түрде беріп отырады.

– Елдік мәселелер талқыланған кезде қо­ғамдық кеңестердің мүмкіндіктерін то­лық пайдалану қажет. Осы орайда, қоғам­дық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру керек. Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланысты жолға қойып, оларға арналған жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет. Үкіметке Қазақстан Ха­лық Кеңесімен бірлесіп, мұндай құры­лымдардың кәсіби әлеуетін арттыру жолдарын пысықтауды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы тұста аймақ­тар­ды дамытуға тұрақты түрде баса мән бе­рілетінін айтып, жол саласындағы ахуал­ға тоқталды. 

– «Жол активтері сапасының ұлттық ор­талығы» мекемесінің қызметін күшейту керек. Жалпы, осы салаға түбегейлі реформа жасаған жөн. Қоғамдық бақылауды кү­шейту қажет. Болжам бойынша 2035 жыл­ға дейін елімізге 2,9 миллион маман, со­ның ішінде 1,8 миллион жұмысшы маман қажет. Кадр тапшылығы, әсіресе, өнер­кәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және ІТ саласында байқалмақ. Қазір елі­міздегі 763 колледжде 500 мыңнан аса сту­дент оқиды. Қажетті машықтарды мең­гер­ген, алайда салалық дипломы жоқ адам­дар кәсіби біліктілікті тануға арналған 22 орталықта өз құзыретін растай алады. Ас­та­­нада жүзеге асырылып жатқан Joltap жо­басын айрықша атап өткім келеді. Үш жыл ішінде 22 мыңнан аса адам білім алып, 60 пайызы жұмысқа орналасты, екі мыңға жуық жан жеке кәсібін ашты. Осы табысты тәжірибені барлық өңірге тарату қажет, – деді Президент.

Азаматтық қоғамның алғышарты

Қасым-Жомарт Тоқаев үшінші маңыз­ды міндет ретінде азаматтық қоғам институтын дамыту жайын айтты. 

– Азаматтардың мемлекеттік басқару үде­рісіне тікелей қатысу тетіктерін құру – елді жаңғыртудың бір жолы. Дәл осы се­бепті Қазақстан Халық Кеңесі құрамының үш­тен бірі қоғамдық бірлестіктер мен ком­мерциялық емес ұйымдардың өкіл­де­рінен жасақталды. Бұл – трансформация­ның жаңа кезеңі. Сол себепті жүріп өткен жо­лымызды объективті түрде талдап, келе­шек­тегі күрделі сын-қатерлерді шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді талап етеді, – деп сын айтты Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, «үшін­ші сектордың» басты міндеті – қо­ғам­да Заң мен Тәртіп, Тазалық пен Таби­ғат­ты аялау қағидаттарын орнықтыру. 

– «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Заң және Тәртіп» қағидаты егіз ұғым десек болады. Берекесіздік пен тәртіпсіздік белең алған жағдайда заңның сақталуын та­лап ету мүмкін емес. Абаттандыру ісіне жұм­салған қаржы – халқымыздың бола­ша­ғына жасалған инвестиция, – деді Мем­лекет басшысы.

Бұл тұста Президент Қазақстан Халық Кеңесі – баламасы жоқ, мүлде жаңа, ин­но­вациялық институт екенін сөз етті. 

– Әділетті Қазақстанның жарқын симво­лы саналатын бұл құрылымның жөні де, жолы да өзгеше. Сондықтан Кеңестің ал­ғаш­қы мүшелеріне зор жауапкершілік жүк­теледі. Осы мәртебелі әрі беделді құры­лымның табысты жұмысы сіздердің табанды еңбектеріңізге байланысты болмақ. Сіздер қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтып, ел бірлігін күшейтуге жол ашатын игі істердің бастауында боласыздар. Әри­не жол бастау оңай болмасы анық. Бірақ бір жағынан, бұл – үлкен құрмет жә­не зор мүмкіндік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жергілікті депутаттар аймақтағы жұртшылықтың мүддесін қорғайтынын, бюджетті бекітіп, басқа да мін­деттерді орындайтынын айтты. Бір сөз­бен айтқанда, елді мекендерді өркендету ісі­не белсене атсалысады. 

– Демек, өкілді органдар қызметінің заң­ға сәйкес болуы айрықша маңызды. Сон­дықтан мен жақын арада Премьер-ми­нистрмен және Құрылтай Төрағасымен бар­лық деңгейдегі мәслихаттардың өкі­лет­тігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоя­мын. Көп ұзамай Орталық сайлау ко­мис­сиясы сайлау өтетін күнді жариялауы керек. Осы сайлаудың жоғары деңгейде жә­не сапалы өтуіне сіздер де мол үлес қо­сасыздар деп сенемін, – деді Президент.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақстан Халық Кеңесінің алғашқы құра­мына кәсіби, отаншыл, қоғамдағы беделі жоғары, мықты азаматтар енгенін баяндады. 

– Бүгін біз алдымызда тұрған мақсат-мін­деттерді айқындап алдық. Қоғамымыз сіздерге зор үміт артып отыр. Өздеріңізге жүктелген тарихи миссияның мән-маңы­зын терең түсініп, мемлекет мүддесі үшін та­банды қызмет етесіздер деп ойлаймын. Бар­шаңызға табыс тілеймін! Қастерлі Отаны­мыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін! – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 03:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары